Бадам өзенінің жағалауындағы жағдай тұрақты. Ешқандай тасқын қаупі жоқ. Көктем мезгілінде су деңгейі жиі көтерілетін өзеннің тасқын қаупін азайту үшін өткен жылы 5,3 шақырым жағалау бекітіліп, желтоқсан айында толық аяқталған болатын. Бұл жұмысқа 2,7 миллиард теңге теңге бөлінген. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, Игілік, Жаңаталап және Көкбұлақ елді мекендерінің тұсында өзен арнасы реттеліп, жағалауы бетондалған. Алайда белгісіз тұлғалар өзен арнасынан заңсыз тас қазып алып, гидротехникалық құрылысқа зиян келтірген. — Заңсыз әрекеттер салдарынан бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінді. Қазір құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деді басқарма басшысы Әбілқайыр Оңғар. Мамандардың айтуынша, зақымданған бөлігі мердігер компания…
Автор: aimaq_user
Алғаш рет преамбулада білім мен ғылым, инновацияға қатысты норма көрсетілді — Асхат Аймағамбетов Мәжіліс депутаты жаңа Конституция жобасындағы кіріспеде алғаш рет білім мен ғылым, инновацияға қатысты норма көрсетілгенін айтты. Ата Заңда аталған саланы қаржыландыру саясаты нақты әрі айқын көрсетілген.
«Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Аубакирова, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов өз пікірлерімен бөлісті. «Біздің мемлекетте жасалып жатқан кез келген іс «адам мүддесіне сай келе ме, жоқ па?» деген өлшем арқылы бағалануы тиіс. Бұл – билік болсын, азаматтық қоғам институттары болсын, әрдайым шешім адамның өміріне зиян келтіре ме, жоқ па деген тұрғыдан саралануы қажет деген сөз. Адам, оның құқықтары мен бостандықтары Қазақстандағы бүкіл өміріміздің өзегінде тұруы керек», – деді Индира Аубакирова. Өз кезегінде Азат Перуашев жаңа Конституциядағы бірқатар маңызды жаңашылдыққа назар аударды. Атап айтқанда, сот…
Қазақстанның жаңа Конституциясында жекелеген өңірлерді жедел дамытуға арналған жаңа құрал пайда болады. Бұл механизм өңір экономикасын қалай жеделдететінін Мәжіліс депутаттары «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында түсіндірді. Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов бұл механизмнің ең алдымен өңірлерге қосымша шетелдік инвестиция тартуға бағытталғанын айтты. Оның сөзінше, бұл әрбір өңірдің әлеуетін оның ерекшеліктерін ескере отырып тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл мультипликативті әсер береді: дамуға тек жеке қала ғана емес, сонымен қатар оның маңайдағы аумақтары және қосымша экономикалық салалар да ие болады. «Қауіпсіздік мәселесіне келер болсақ, оларды бөлек қарастыру көзделмегенін атап өткен жөн. Конституция елдің аумақтық тұтастығы мен бөлінбейтіндігін нақты бекітеді. Мемлекеттік билік құрылымы өзгеріссіз…
Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында алғаш рет мемлекет тарапынан еріктілікті қолдау нормасын бекіту ұсынылды. Тиісті түзетулерді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында талқылады. Мәжіліс депутаты Вера Кимнің айтуынша, еріктілікті конституциялық деңгейде бекіту – оның маңызын мойындау ғана емес, сонымен қатар еріктілер қозғалысын ұзақ мерзімді перспективада дамытуға мемлекеттік қолдау кепілдігін білдіреді. «Осылайша, еріктілер қозғалысын Конституция деңгейіне көтеру арқылы біз әрбір азаматтың мемлекетті дамыту ісіне қатыстылығын сезінуіне жағдай жасаймыз. Бұл қоғамның неғұрлым тұрақты дамуын қалыптастыруға ықпал етеді», – деп қосты депутат Ислам Сұңкар. Өз кезегінде депутат Ажар Сағандықова еріктілік тек жастармен шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде «күміс еріктілер» қозғалысы белсенді дамып…
2026 жылы Digital Almaty халықаралық алаңы Digital Qazaqstan болып өзгеріп, ел экономикасы мен өңірлерді дамытуға, сондай-ақ практикалық цифрлық және AI-трансформацияға бағытталған ұлттық технологиялық форумға айналады. Digital Qazaqstan өңірлерді біртұтас цифрлық күн тәртібіне тартып, нақты секторға, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік салаға технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге жағдай жасай отырып, Қазақстанның әртүрлі қалаларында жүйелі түрде өткізіледі. 📍 Digital Qazaqstan форумы өтетін алғашқы қала — индустриялық және экономикалық әлеуеті зор маңызды өңірлік орталық Шымкент қаласы. 📅 2026 жылғы 27 наурыз Форум өнеркәсіпте, мемлекеттік басқаруда және өңірлік экономиканы дамытуда қолданылатын цифрлық және AI-шешімдерге басымдық береді. Форум бағдарламасында: — пленарлық отырыс — панельдік сессиялар мен…
Шымкент қаласындағы «Көктем» базарының аумағында «Ауыл» партиясының Шымкент қалалық филиалы аппарат төрағасының орынбасары Әл-Фараби Мыңбаев қала тұрғындарымен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиынның басты мақсаты — алдағы конституциялық өзгерістердің мән-жайын және жаңа жобаның мазмұнын халыққа тікелей түсіндіру. Кездесу барысында Әл-Фараби Мыңбаев Ата Заңға енгізілетін түзетулердің мемлекеттік басқару жүйесін демократияландырудағы рөліне тоқталды. Атап айтқанда, Парламенттің өкілеттігін күшейту, заң шығару процесін жеделдету және суперпрезиденттік басқару үлгісінен түпкілікті арылу мәселелері талқыланды. Спикердің айтуынша, жаңа заңнамалық өзгерістер Мәжіліс пен Сенат арасындағы жұмысты үйлестіріп, мемлекеттік шешімдердің ашық әрі жедел қабылдануына жол ашады. Сонымен қатар, жиында қоғамдық келісімді нығайту, Ұлттық құрылтайдың рөлі және мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы…
Жаңа Конституциядағы үлкен өзгерістердің бірі Құрылтайдың құрылуы. Ата заң жобасында Парламенттің атауы ғана емес, оның негізгі құрылымы да өзгерді. Енді депутаттар саны – 145, бір ғана палата болады. «Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында сенатор Нұрлан Бекназаров бұрынғы Парламенттің айрымашылығы туралы айтып берді. «Енді елде бір палаталы Парламент жұмыс істейтін болады. Оның атауы Құрылтай болып өзгертілді. Депутаттар саны нақты белгіленіп, олардың барлығы партиялық тізім бойынша, яғни пропорционалды сайлау жүйесі арқылы жасақталады. Жалпы саны 145 депутат жалпыхалықтық сайлау арқылы сайланады. Бұл жүйе Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Құрылтайға өткен партиялар сайлауалды бағдарламаларын, халыққа берген уәделері мен бағыт-бағдарын бір алаңда талқылап, елдің әл-ауқатын…
ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары, Конституциялық комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституциялық жобаның маңызын түсіндірді. «Преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті. Жалпы, кез келген Преамбула ұлттың мінезі мен рухын айқындайтын негіз ретінде қабылданады. Бұл ереже біздің тарихымыздың тереңде жатқанын көрсетеді, мыңдаған жылдық. Сондықтан біз мұнымен мақтануымыз керек», — деді Б.Нұрмұханов «Референдум–2026» онлайн-марафонында. Сонымен қатар ол Әділетті Қазақстан идеясы Конституцияға енгізілгенін атап өтті. «Былтыр ғана жылдың соңында Мемлекет басшысының Жарлығымен ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, принциптері бекітілді. Онда Әділетті Қазақстан идеясы біздің еліміз кең мүмкіндіктер елі деп белгіленді. Ол жас па, оның ұлтына, жағдайына қарамастан біздің елімізде тең…
«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдарбек Қожаназаров көпшіліктен келіп түскен цифрлық дербес деректерді қорғау, жекеменшік мүлікті қорғау және ашықтық жайында пікірлер мен ұсыныстар жайында айтты. «Ең бастысы, өзімізде бұрыннан талқыланып келе жатқан мәселе болды, ол – цифрлық қауіпсіздік, цифрлық деректерді қорғау және азаматтың құқығы тек қана офлайн емес, онлайн да қорғалуы. Оны Мәжілісте Цифрлық кодекске де енгіздік. Бірақ оны Ата заңымызда белгілеу өте маңызды болды. Қаншама азаматтарымыздың деректері желіге тарап кетіп, оны алаяқтар қолданып, азаматтарымыздың ақшаларын иеленіп кеткеніне куә болдық. Осыған тосқауыл қою, осыған төтеп беру үшін цифрлық деректерді қорғау болды, оны бекіту және дұрыс деңгейге…
