Автор: aimaq_user

Егемен еліміздің қастерлі шекарасын күзету ісіне білікті және білімді мамандарды дайындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Академиясына, Ресей Федерациясы және Түрік Республикасының жоғары әскери оқу орындарына 11 сынып оқушыларын (ер балалар) шақырамыз! Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: 1) Қазақстан Республикасының азаматы; 2) Жас ерекшеліктері 17-20 жас аралығында; 3)Әкімшілік немесе құқықбұзушылықтың болмауы; Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Елшібек батыр көшесі 112/9 ғимараты (ҚР ІІМ Еңбекші аудандық полиция бөлімі ғимаратының жанында орналасқан). Байланыс телефондары:(қызметтік: 8-7252-249-066, 8-7252-249-030, ұялы телефон: 8-707-757-95-99).

Read More

Түркістан облысының полиция қызметкерлері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердегі тазалық пен тәртіпті сақтау, абаттандыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағытында рейдтік және профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Кезекті рейд барысында Созақ ауданының полицейлері тұрғын үйінің алдына шұңқыр қазып, тұрмыстық қалдықтарды өртеп жатқан жергілікті тұрғынды анықтады. Сонымен қатар аталған аумаққа шамамен 3 тонна тас төгілгені белгілі болды. Аталған құқық бұзушылық бойынша полиция қызметкерлері тиісті тексеру жүргізіп, заңнамаға сәйкес азаматқа әкімшілік шара қолданды. Рейд барысында тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастауға және жағуға жол берілмейтінін, сондай-ақ абаттандыру талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді. Полиция…

Read More

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және полиция мамандығына қызығушылығын қалыптастыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» сыныбы оқушылары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға ішкі істер органдарының күнделікті қызметі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары таныстырылды. Жас сақшылар Жедел басқару орталығын аралап, құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюда заманауи технологиялардың маңыздылығын көрді. Сонымен қатар мектеп оқушылары полицияның қызметтік көліктерін, арнайы техникалары мен құрал-жабдықтарын, қызмет барысында қолданылатын қару-жарақ түрлерімен танысты. Полиция қызметкерлері жас сақшыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылатын жұмыстарды түсіндірді. Ашық есік күні барысында…

Read More

Түлкібас аудандық полиция бөлімінде “Жас сақшы” сыныбының оқушыларымен танымдық кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және кәсіби бағдар беру. Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға криминалистердің жұмысының ерекшеліктері мен қылмыстарды ашу және тергеудегі рөлі туралы айтып берді. Оқушылар оқиға болған жерді қалай қарау жүргізілетіні, іздерді анықтау, бекіту және зерттеу тәсілдері туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ мектеп оқушыларына криминалистиканың негізгі бағыттары – дактилоскопия, трасология және баллистика туралы түсіндірілді. Полиция қызметкерлері тәжірибелік қызмет барысында қолданылатын арнайы криминалистикалық құралдар мен жабдықтарды көрсетті. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқушылар ішкі істер органдарындағы қызмет, криминалист мамандығының ерекшеліктері және бейінді…

Read More

Түркістан облысында полицейлер жасөспірімдердің бос уақытын мазмұнды ұйымдастырып, олардың бойында отансүйгіштік пен туған жерге деген құрметті қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осы бағытта Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Ұлттық музей» күніне орай «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Жасөспірімдер Жетісай драма театрының музейіне барып, тарихи-мәдени жәдігерлермен танысты. Экскурсия барысында мәдениет саласының қызметкері оқушыларға музейдің қалыптасу тарихы, театрдың шығармашылық жолы және мұнда сақталған құнды жәдігерлер туралы кеңінен әңгімеледі. Жас сақшылар туған өлкенің мәдениеті мен өнеріне қатысты тың мағлұмат алып, музей экспозицияларын қызығушылықпен тамашалады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейтіп, олардың рухани құндылықтарды бағалауына және қоғамдық…

Read More

Түркістан облысында Жедел басқару орталығының мүмкіндіктері арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілуде. Мәселен Төлеби ауданының полицейлері бір тәулік ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерден жолды кесіп өткен 50-ден астам азаматқа ескерту жасалды. Қайта құқық бұзушылық жасаған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда темекі өнімдерін пайдаланған азаматтар анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер де жауапкершілікке тартылды. Жедел басқару орталығының заманауи бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, полиция қызметкерлерінің оқиға орнына жедел жетуіне…

Read More

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы абаттандыру талаптарының бұзылғанын анықтады. Нақтырақ айтсақ, полицияның бейнекамерасына Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы көшелердің бірінде аялдама маңына құрылыс материалдарын тастаған тұрғынның әрекеті түсіп қалған. Полиция қызметкерлері бірден құқық бұзушының жеке басын анықтап, оған қатысты абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін шара көрілді. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тазалық сақтауға және қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға шақырады. Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың міндеті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру талаптарын бұзуға және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға төгуге жол берілмейді. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Read More

Жолдың сапасын көзбен қарап анықтау мүмкін емес. Бұл — өзінше бір ғылым. Жолдан арнайы сынама алынып, зертханаға жеткізіледі. Мұнда битум, асфальт қоспасының құрамы, тас материалдарының сапасы, тығыздығы, салмағы және басқа да көрсеткіштер жан-жақты талданады. Яғни жолдың әрбір құрамдас бөлігі сараптамадан өтеді. Себебі жолдың беріктігі мен ұзаққа шыдауы — оның ішкі сапасына тікелей байланысты. Сынама алудан зертханалық талдауға дейін — жол сапасы осылай анықталады.

Read More

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Шардара ауданында санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру және қоғамдық орындардың көркін жақсарту бағытында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке Шардара ауданы әкімінің орынбасарлары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы, Каратунов Еркебұлан Абдугафурұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Ильясов Сержан Абдухарұлы, Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, ауыл ақсақалдары, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындарын қоса алғанда 1000-ға жуық адам қатысты. Іс-шара барысында елді мекендердегі көшелер, аулалар, қоғамдық орындар мен оларға іргелес аумақтар тазаланып, тұрмыстық және басқа да қалдықтар жиналды. Жұмыстарға 10-ға жуық арнайы техника – жүк көліктері, тракторлар, тиегіштер және басқа да коммуналдық техника тартылып, алдын ала есеп бойынша 60-70…

Read More

Бүгін Дүниежүзілік тазалық күніне орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Игі бастамаға ауданның 4 мыңға жуық тұрғыны қатысып, елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны абаттандыруға және қоғамдық орындардың көркін арттыруға өз үлестерін қосты. Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және туған жерге жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Сенбілік барысында аудан көлеміндегі елді мекендерде тазалық және абаттандыру жұмыстары кеңінен жүргізілді. Мырзакент кентіндегі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында тазалық күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп, оған аудан тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, түрлі ұйымдардың өкілдері және жастар мен еріктілер қатысты.…

Read More