— Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде сапалы жол инфрақұрылымы мен қауіпсіз транспорттық қатынастың маңызы өте зор. Бүгінгі таңда қалада автомобиль жолдарын дамыту, күрделі қайта құру, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және қоғамдық көлік сапасын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде,- дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің басшысы Асылбек Оралбек. Кентау қаласы мен оған қарасты елді мекендерде жалпы ұзындығы 365 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Өңірдегі жол сапасын сатылай арттыру мақсатында қарқынды жұмыстар жүзеге асырылуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 90 пайызға жетті. 2026 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 91…
Автор: aimaq_user
Жастар арасында деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеу, діни сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті бағыттардың бірі. Осы орайда Кентау қаласындағы Арнаулы кәсіптік колледжінде білім алушы студенттермен мазмұнды ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Алқалы басқосуға «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің білікті теолог мамандары Ш.Нұрулла мен М.Шермухамбет, сондай-ақ Кентау қалалық полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Е.Алғабай арнайы қатысты. Кездесу барысында сала мамандары мен құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге жат ағымдардың арбауынан сақтану, ғаламтор кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік және заң талаптарын сақтау төңірегінде терең түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиында сарапталған негізгі тақырыптар бағытында дінге қатысты ақпаратты тек ресми,…
Мектеп оқушыларының бойында патриотизмді қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды дамыту – білім мен тәрбие беру үдерісінің негізгі темірқазығы болып табылады. Осы орайда 2026-2027 оқу жылының 7 қыркүйек күні С. Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 4 «А» сыныбында «Жауапты азамат – қуат кепілі» тақырыбында мазмұнды сынып сағаты ұйымдастырылды. Тәрбиелік шараны сынып жетекшісі Д.Тәңірбергенова жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізді. Аталған шараның басты мақсаты – жас өрендердің бойында азаматтық жауапкершілікті, елге деген шексіз сүйіспеншілік пен құрметті, қоғамдағы тәртіп пен адамгершілік қағидаттарын терең орнықтыру болып табылады. Сынып сағаты барысында сарапталған негізгі бағыттар, әрбір оқушының мектептегі және қоғамдағы өзіндік міндеттерін адал орындауы мен елдің…
Қазақстанда мекиепке дейінгі білім беру саласын дамыту – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдаулары мен Үкімет алдындағы тапсырмаларында балабақшалардың қолжетімділігін арттыру, білім сапасын жақсарту және тәрбиешілерді қолдау мәселелерін үнемі көтеріп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмалары Кентау қаласында мектепке дейінгі білім беру саласын дамыту, балаларды сапалы тәрбиемен қамту және ата-аналарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы кешенді жұмыстар қарқынды жүргізіліп, жүзеге асуда. Қалада мектепке дейінгі ұйымдарға деген сұранысты өтеу мақсатында мемлекеттік қолдаумен қатар жеке инвестицияларды тартып, жаңа білім беру нысандарын салу ісіне айрықша маңыз беріліп отыр. Осы орайда, қазіргі таңда Кентау шаһарында жеке инвестордың қаржысы есебінен 300 орындық заманауи балабақшаның…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен өңір әкімдеріне жылыту маусымына дайындықты және инфрақұрылымды жаңғыртуды ерекше бақылауда ұстауды тұрақты түрде тапсырып келеді. Жылыту маусымының қауіпсіз әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз мақсатында Кентау қаласында сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз ету, қолданыстағы энергетиқалық нысандардың қуатын арттыру және тозығы жеткен инженерлік желілерді масштабты қайта құру – жергілікті органдардың басты назарында. Осы бағытта қалада ЖЭО-5 өндірістік базасын кеңейту, отын қорын дайындау, сондай-ақ магистральды және ішкі орамдық жылу құбырларын жаңарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Кентау қаласындағы энергетикалық тапшылықты жою және жылу беру сапасын сапалы жаңа деңгейге көтеріп, жаңғырту мақсатында «Кентау ЖЭО-5 кеңейту» жобасы қолға алынды. 2025…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлермен кездесуде «Мемлекет адал кәсіпкерлерді әрдайым қолдайды» деген болатын. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында ауылдық аумақтарды дамыту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Негізгі назар кәсіпкерлікті қолдауға, жұмыс орындарын ашуға, халықтың табысын арттыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. Осының айғағы мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, шағын кәсіпті нәтижелі өндіріске айналдырған отандық кәсіпкерлердің қатары күн санап артып келеді. Осындай еңбекқорлық пен іскерліктің жарқын үлгісін Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Нұрсұлу Батырбекова көрсетіп отыр. Ол мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін тұрақты түрде дамытып, бүгінде қала тұрғындары мен еліміздің өзге өңірлеріне сапалы әрі табиғи ет өнімдерін ұсынуда. Нұрсұлу Әбдіхалыққызының бұл саланы таңдауына ең алдымен…
Жалпы, «Сенімді дос» бағдарламасы – бұл балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық пен эмоционалдық қиындықтардың алдын алуға бағытталған маңызды мамандық аралық жоба. Бұл бағдарлама ЮНИСЕФ-тің қолдауымен және қатысуымен жүзеге асырылады. Тарқата келе айтқанда, мектеп оқушыларының психологиялық амандығын қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы эмоционалдық жайсыздықтың алдын алу және білім беру ұйымында қауіпсіз, қолайлы орта қалыптастыру – қазіргі білім саласының басты басымдықтарының бірі. Осы орайда 2026 жылдың 9 қыркүйегінде Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы білім беретін мектепте балалар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында педагогикалық ұжым арасында маңызды түсіндірме жұмысы жүргізілді. Аталған сауаттандыру шарасын мектептің тәжірибелі педагог-психологтары Г.Ниятова мен А.Тоқтасынова арнайы ұйымдастырды. «Сенімді дос»…
Кентау қаласында әлеуметтік-экономикалық дамуды қарқындату, халықты жұмыспен қамту және қаланың маңызды мерекелік іс-шараларын сапалы ұйымдастыру бағытындағы кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы орайда, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті апталық мәжіліс өтті. Шаһар басшысының төрағалығымен өткен бұл жиында екі маңызды мәселе кеңінен қаралды. Апталық жиынның алғашқы мәселесі бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Ақнұр Байболова баяндама жасады. Ол 2 қазан күні атап өтілетін «Қала күні» мерекесіне орай бекітілген іс-шаралар жоспары мен ақпараттық-ұйымдастырушылық дайындықтарды таныстырды. Ендеше, мереке қарсаңында қала кәсіпкерлері мен демеушілерді тарта отырып, «Кентау қаласы үшін 71 игі іс» қайырымдылық және әлеуметтік бағыттағы…
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Бізді қуантатыны, айтылған сөз іс жүзінде жүзеге асып жатыр. Оған мысал Кентау қаласында халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, елді мекендердің инфрақұрылымын жаңарту және тұрғындардан түскен өтініштерге жедел әрекет ету бағытындағы жүйелі жұмыстар өз жалғасын табуда. Қала аумағындағы көшелерді абаттандыру мен жол сапасын жақсарту шаралары қарқынды жүргізіліп келеді. Мақаламыздың тұздығы үшін айта кетсек, Түркістан облысындағы Кентау қаласының әкімі Жандос Қалмырзаұлы Тасов өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан ,…
Ел бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақ тәрбиесінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – білім беру саласының басты басымдықтарының бірі. Осы орайда 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай Кентау қаласының барлық білім беру ұйымдарында мерекелік апталықтың салтанатты ашылуы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тілі басқа болғанымен – тілегі бір, жүзі басқа болғанымен – жүрегі бір Қазақстан халқының ең үлкен құндылықтарының бірі – тілдерге деген зор құрмет пен өзара түсіністік. Мектептердегі салтанатты шаралар осы ынтымақ пен достықтың жарқын көрінісіне айналды. Мерекелік апталық аясында мектеп оқушыларына тілдің қоғамдағы біріктіруші рөлі мен оның азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Білім ордаларындағы шаралар…
