Халықпен тиімді кері байланыс орнату, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауының өзегі осы міндет еді. Президент мемлекеттік басқару жүйесіне өзгерістер енгізіп, ашықтық, пікірлер плюразимін орнатуды жүктеді. Содан бері бір жыл өтті. Ағымдағы жылы Мемлекет басшысы халық үні мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Тоқаев бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Халық кеңесін құру мәселесіне тоқталған болатын. Президенттің айтуынша, азаматтардың дәйекті өтініштері міндетті түрде ескеріліп, нақты нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау арқылы мемлекеттік мекемелерге тиісті тапсырмалар берілуде. Мемлекеттік тапсырмалардың талап етілген деңгейде іске асырылуы Кентау қаласында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жергілікті атқарушы органдар мен халық арасындағы ашық…
Автор: aimaq_user
Кентау қаласында оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту, зияткерлік әлеуетін арттыру және жас дарындарды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстар өз жемісін беруде. Шаһар мектептерінде оқушылардың білімге, инновацияға және ғылымға деген қызығушылығы жыл санай артып келеді. Атап айтқанда, жыл сайын қалалық, облыстық және республикалық деңгейде өткізілетін оқушылар арасындағы «Ғылыми жобалар» конкурсына қатысатын кентаулық өрендердің қатары тұрақты түрде өсуде. Бұл көрсеткіш – жас дарындардың ізденімпаздығы мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің айқын айғағы. Мәселен, Кентау қаласы оқушыларының ғылыми жобаларға қатысу динамикасының көрсеткіші, 2024 жылы — 120 оқушы, 2025 жылы — 160 оқушы, 2026 жылы — 174 оқушыға жетіп отыр. Сонымен қатар, Астана қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсының…
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде алтын құрсақты аналарды ұлықтау, мемлекеттік марапаттарды салтанатты түрде табыстау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінде елімізде 78 260 ана «Алтын алқа», 156 804 ана «Күміс алқа» мемлекеттік наградасының иегері. Сондай-ақ, бұрын берілген «Батыр ана» атағы мен «Ана даңқы» орденінің иелеріне де жәрдемақы төленеді. Жалпы, 1 шілдедегі мәлімет бойынша, осындай мемлекеттік қолдауды 248 674 адам алып отыр. Бұл – елдегі көпбалалы аналарға көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың ауқымын аңғартатын маңыздыы көрсеткіш. Бала – отбасының ғана емес, елдің ертеңі, мемлекеттің тірегі. Демек, жас ұрпақтың қауіпсіз әрі жайлы ортада өсіп, сапалы білім алып, алаңсыз өмір сүруіне тұтас…
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп қабырғасы мен ауыл ішінде жайлы да қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу – білім беру мен қоғамдық ұйымдардың басты міндеті. Осы орайда Хантағы ауылында «Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз орта» тақырыбында мазмұнды ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Алқалы басқосуды «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ директоры Әділбек Қайырбеков модератор ретінде жүргізіп, бала тәрбиесінде ұлттық мұра мен заңдылықты сақтаудың маңызына тоқталды. Кездесу барысында жасөспірімдер тәрбиесі, құқықтық сауаттылықты арттыру, буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жауапты мекеме басшылары сөз сөйледі. Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы -жасөспірімдер арасындағы…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық тұрақтылықты нығайту және халықтың діни сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмалары – елдің ішкі қауіпсіздігі мен бірлігін сақтаудың негізгі тетігі болып табылады. Президенттің басты талаптарының бірі – елде заң үстемдігін орнату. Діни қызмет саласында да кез келген әрекет тек заң аясында жүзеге асырылуы тиіс. Сондай-ақ діни экстремизімнің алдын алудағы маңызды бағыттарының бірі – халықтың діни және құқықтық сауатын көтеру. Өйткені интернеттен алынған кез келген ақпаратты діни ақиқат ретінде қабылдау, діни ұғымдарды үстірт түсіну немесе радикалды идеяларды насихаттайтын ресурстарға тап болу әсіресе жастар үшін белгілі бір қауіп тудыруы мүмкін. Қоғамдық тұрақтылықты нығайту, діни, құқықтық және ақпараттық сауаттылықты арттыру,…
Өскелең ұрпақтың өмірден өз орнын табуына бағыт-бағдар беру, кәсіби бейімділігін анықтау және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына жағдай жасау – білім беру мекемелерінің басты міндеттерінің бірі. Осы орайда 2026 жылғы 3 қыркүйекте Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында арнайы сауалнама ұйымдастырылды. Танымдық шараны мектептің кәсіптік бағдар беруші педагогы Замира Мадиханқызы Тұрсұнова «Мамандық таңдау – өмірімнің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында жоғары деңгейде өткізді. Аталған сауалнаманың басты мақсаты – бітіруші сынып оқушыларының болашақ кәсіпке деген көзқарасын, жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау. Сонымен қатар әр оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, болашақ кәсіби бағытын…
Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясында білім саласын жаңғырту бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жолдары талқыланған ауқымды кеңейтілген мәжіліс өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен алқалы жыйынға аудан және қала әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, жоғары оқу орындарының өкілдері, Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің мамандары, ардагер ұстаздар мен сала сарапшылары қатысты. Мазмұнды жиында өңірдегі білім сапасының қазіргі жағдайы терең сараланып, қордаланған мәселелерді шешу жолдары мен алдағы нақты міндеттер айқындалды. Басқосуда облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов баяндама жасап, өңірдегі білім сапасының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Баяндамада айтылғандай, Кентау қаласы Түркістан облысындағы 17 аудан мен қала арасында…
Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдық округтерде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы ауқымды шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Осы орайда, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала мен ауылдардың тазалығын сақтау, көгалдандыру және санитарлық жағдайды жақсарту жұмыстары қарқынды атқарылуда. Қала аумағын күрес-қоқыстан тазарту және эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында тұрғындар мен коммуналдық сала қызметкерлерінің қатысуымен бұқаралық шаралар тұрақты ұйымдастырылуда. Тазалық жұмыстарының басты көрсеткіштері жайында ауыз толтырып айтуға болады. Мәселен, жыл басынан бері қала аумағы мен ауылдарда 31 сенбілік өткізіліп, тазалық акцияларына 5700-ге жуық тұрғын белсене қатысып, 93 арнайы техника…
Жаңа оқу жылының басталуымен бірге жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп пен қоғамдық орындарда балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету және өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеу басты міндеттердің біріне айналды. Осы орайда Кентау шаһарында жауапты мекеме өкілдері мен білім беру саласы мамандарының қатысуымен мазмұнды алқалы кездесу өтті. Ауқымды жиынды Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы жүргізіп, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық секторлардың бірлескен әрі жүйелі жұмысының маңызы жоғары екенін ерекше атап өтті. Жасөспірімдер қауіпсіздігін талқылауға арналған бұл маңызды басқосуға қаланың барлық негізгі тәрбие және құқықтық құрылымдарының, яғни қалалық прокуратура және полиция бөлімінің өкілдері, білім бөлімінің…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың бойында дұрыс діни түсінік қалыптастыру және жат ағымдардан қорғау мәселесін ұлттық қауіпсіздік пен рухани тұтастықтың маңызды бағыты ретінде бірнеше рет Ұлттық құрылтай мен алқалы жиындарда кеңінен қозғап келеді. Мемлекет басшысының бұл бағыттағы тапсырмалары жастардың радикалды идеологияларға еріп кетпеуін қамтамасыз етуге және дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға негізделген. Жастар арасында дұрыс діни түсінік қалыптастыру, деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың құқықтық әрі ақпараттық сауаттылығын арттыру – бүгінгі қоғамдық тұрақтылықтың басты кепілі. Осы орайда Кентау көпсалалы колледжінде облыстық және қалалық деңгейдегі білікті мамандардың қатысуымен мазмұнды ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Алқалы жиынды Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық…
