Түркістанда жаңа оқу жылы ерекше басталды. №32 мектепте өткен алғашқы қоңырау салтанатында 5574 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ерекше миссия атқарды. Бұл жолы сарбаздар сапқа тұрып қана қоймай, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді жетектеп, олардың өміріндегі маңызды сәтке куә болды. Биыл Ұлттық ұланның төрт офицерінің баласы алғаш рет 1-сыныпқа қабылданып, алғашқы қоңырауды соғу құрметіне ие болды. Балалардың қолынан ұстап, мектепке бастап кірген сарбаздар олардың алғашқы қадамына өздерінің символдық қолдауын білдірді. Бұл көріністің астарында үлкен мән бар. Ел тыныштығын күзетіп жүрген офицерлердің балаларының мектептегі алғашқы қадамына әскери ұжымның бірге болуы – қызмет пен отбасы арасындағы байланыстың, аға буын мен жас ұрпақ сабақтастығының…
Автор: aimaq_user
Кентау қаласында аптап ыстық күндері шаһар тұрғындарына жайлы демалыс ортасын қалыптастыру және балалардың жазғы демалыс уақытын көңілді, мазмұнды өткізу мақсатында ұйымдастырылған арнайы су шашу мен ойын-сауық шаралары өз жалғасын табуда. Бұл жолғы мерекелік кеш қаланың басты жиын орны – «Ынтымақ» алаңында ерекше сән-салтанатпен және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде болып өтті. Шілде мен тамыздың аптап ыстығында кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған бұл шараның басты ерекшелігі – балаларға арналған көбік шоуы мен арнайы су шашу бағдарламасы болды. Мерекелік кештің негізгі көркі — балаларға жаздың ыстық күнінде салқындық пен ерекше әсер қалдырды. Сондай-ақ, қалалық өнерпаздардың орындауындағы әуезді әндер мен билер жиналған халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.…
Қазақстанда мектеп оқушылары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауындағы мемлекеттік саясаттың ең басты басымдықтарының бірі. Сондықтан да, жаңа оқу жылының жақындауына байланысты оқушылардың мектепке баратын жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жергілікті атқарушы органдар мен жауапты сала мамандарының басты назарында. Осыған орай, Кентау қаласында және қалаға қарасты ауылдық елді мекендерде оқушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған масштабты инфрақұрылымдық жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қала әкімі Жандос Қалмырзаұлының тікелей тапсырмасымен жас өскіннің, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының жол-көлік оқиғаларынан амандығын сақтау мақсатында білім беру ұйымдарына іргелес жатқан көшелерде кешенді дайындық шаралары қолға алынды. Нәтижесінде мектептерге жақын орналасқан автожолдардағы…
Жалпы, «Таза Қазақстан» жобасының мақсаты – елімізді көркейту, жұртымызды ортақ іске жұмылдыру арқылы ынтымақ-бірлігімізді күшейту. Бүгінде Қазақстанның әр аймағында ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Жыл басынан бері еліміз бойынша 600-ден астам түрлі экологиялық іс-шара өтті. Осы маңызды жұмысқа 7 миллион адам қатысып, 130 мыңнан астам жер тазартылған. Сондай-ақ, еліміз бойынша 1,3 миллион тал егілген. Осындай игілікті шараға өзіндік үлесін қосып отырған Кентау қаласында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті орнықтыру және өскелең ұрпақты тазалық пен салауатты өмір салтына баулу бағытындағы кешенді бастамалар қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Осы орайда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында шаһардағы бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында ерекше форматтағы…
2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында өткен Республикалық Тамыз конференциясының пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, жастар тәрбиесі, тарихи жады және жаңа қоғамдық сананы қалыптастырудың маңызды мәселелеріне тоқталды. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Қадам жасауға қорқатын, өз күшіне сенбейтін және өміріне шексіз шағымданатын адам өзін бұлыңғыр болашаққа душар етеді». Бүгінде білім беру жүйесі тек білім беріп қана қоймай, өз бетінше шешім қабылдай алатын, жауапты, сыни ойлайтын және өз еліне пайдасын тигізе алатын тұлғаны қалыптастыруы тиіс. Осы орайда, Кентау қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру жүйесінің сапасын арттыру, ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдау және өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы…
Заманауи ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен бірге әлеуметтік желілер мен виртуалды кеңістіктегі қауіп-қатерлер де жаңа сипат алуда. Бүгінде Telegram, WhatsApp, Viber сияқты танымал мессенджерлердегі жабық діни топтар сырттай қарағанда діни білім беретін немесе рухани ағартушылық орта болып көрінгенімен, кей жағдайда адамның көзқарасы мен дүниетанымына біртіндеп, байқатпай кері әсер етуі мүмкін. Осы өзекті де күрделі мәселе бойынша «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің білікті теолог маманы Шынар Нұрулла арнайы түсіндірме беріп, тұрғындар мен жастарды ақпараттық қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырады. Теолог маманның айтуынша, ғаламтордағы деструктивті виртуалды топтардың арбау әдістері мен психологиялық манипуляция элементтерін білу – жат ағымдардан сақтанудың басты кепілі. Егер сіз немесе жақыныңыз…
Қоғамдық тұрақтылықты нығайту, деструктивті идеологиялардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің діни әрі құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында Кентау шаһарында жүйелі ағартушылық жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы орайда Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен Кентау қалалық жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерімен қоғамның рухани қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған мазмұнды ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Жиынның басты мақсаты – жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арасында дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және жат ағымдардың ықпалына қарсы ақпараттық иммунитет қалыптастыру болып табылады. Ауқымды ағартушылық іс-шараға облыстық және қалалық деңгейдегі білікті теолог мамандар арнайы қатысып, қатысушыларға сараптамалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің теолог маманы…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту, саланың инфрақұрылымын жетілдіру және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті спортшыларды даярлау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Нәтижесінде Кентау қаласында бұқаралық спортты дамыту, өскелең ұрпақ арасында зияткерлік ойындарды насихаттау және өңір тарихында өшпес із қалдырған ардақты тұлғаларды ұлықтау бағытындағы тағылымды шаралар өз жалғасын табуда. Осы орайда шаһарда даңқты ардагер кенші, қала тарихында өзіндік өндірістік қолтаңбасы қалған мемлекет қайраткері Сақ Мәуленқұлұлының 100 жылдығына орай стандартты шахматтан республикалық турнир салтанатты түрде жалауын көтерді. Ауқымды спорттық доданың ашылу салтанатына қала басшылығы, ардагерлер, спорт саласының мамандары мен еліміздің әр өңірінен келген шахматшылар қатысты. Жарыстың…
Сайрам ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол — мейірім мен қамқорлыққа бастар жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қолдауға бағытталған бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты — әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен мектеп формасына қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы бағытта аудан тұрғындары үшін Ақсукент ауылдық округінде «Мәртөбе» алаңында және Қарабұлақ ауылдық округінде екі жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкелерде мектеп формасы, киім-кешек, аяқкиім, кеңсе тауарлары мен оқу құралдары нарықтағы бағадан төмен әрі тиімді бағамен ұсынылды. Жәрмеңкелер «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Сайрам аудандық филиалы, аудан әкімдігіне қарасты білім және кәсіпкерлік бөлімдерінің ұйымдастыруымен және…
Сайрам ауданында білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Жиында өткен оқу жылының қорытындылары сараланып, жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер мен басым бағыттар нақтыланды. Конференция жұмысына аудан әкімі Мадияр Оразалиев, Түркістан облысының білім басқармасы мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Ғалия Жанаева және бірқатар құзырлы орган өкілдері мен ардагер ұстаздар, ата-аналар қатысты. Ауданда 99 орта білім беру ұйымында 66 761 оқушы білім алып, 8 784 педагог еңбек етеді. 2025-2026 оқу жылында білім сапасы 62,6 пайызға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артқан. ҰБТ нәтижесінде 2 699 түлектің 1 124-і мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Оның ішінде 229…
