Кәсіпкерлер күні мерекесінде Түркістан облысында заманауи көрме орталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, аудан ақсақалдары мен еліміздің өзге өңірлерінен келген қонақтар қатысты. Жаңа нысан Түркістан қаласына іргелес Сауран ауданындағы өндірістік паркте орналасқан. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 4428 шаршы метр. Оның 2 592 шаршы метрі көрме залына, ал 1 836 шаршы метрі әкімшілік-тұрмыстық кешенге арналған. Орталықта көрме залымен қатар, кеңсе бөлмелері, конференц-зал, лобби, кофехана, асхана және басқа да қажетті бөлмелер қарастырылған. Сонымен қатар ғимаратта ауданы 358,5 шаршы метр болатын үлкен LED-экран орнатылған. Мұнда халықаралық деңгейдегі көрмелер мен жәрмеңкелер, іс-шаралар өткізуге…
Автор: aimaq_user
Түркістан облысында «Нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру мақсатында бір аптада 4 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау, сондай-ақ жүргізушілердің тәртібін қадағалау бағытында жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту бойынша 282 дерек тіркелді. Қарсы бағытқа шыққан 25 жүргізуші анықталды. Мас халде көлік құралын басқарған 31 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге жол бермеген 172 жүргізуші анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтардың әрқайсысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Сонымен бірге қоғамдық тәртіпті сақтау, вандализм фактілерінің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ түнгі уақытта ұйымдастырылатын заңсыз автожарыстарға тосқауыл…
Төлеби ауданында тұрғындарға тазалық сақтау талаптарын түсіндіру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Учаскелік полиция инспекторлары Леңгір қаласындағы Е.Сәуірбай көшесінде тазалық жағдайын тексеру барысында тұрғын үйдің алдына құрылыс қалдықтарының шығарылғанын анықтады. Аталған үйдің 42 жастағы тұрғынына қоғамдық аумақты ластауға жол бермеу және құрылыс қалдықтарын уақытылы жинау қажеттігі түсіндіріліп, ескерту жасалды. Полиция қызметкерлерінің ескертуінен кейін тұрғын жұбайымен бірге құрылыс қалдықтарын жинап, үйінің аумағын ретке келтірді. Сонымен қатар рейдтік іс-шара барысында 100-ге жуық тұрғынға тазалық сақтау талаптары түсіндіріліп, ескертулер жасалды. Ескертуге қарамастан талаптарды қайта бұзған тұрғындар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын…
Түркістан облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Кентау қаласында белгіленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған Chevrolet Cobalt автокөлігі анықталып, айыптұраққа қойылды. Аталған көлік құралының жүргізушісіне жылдамдықты белгіленген мөлшерден асыру бойынша 7 рет әкімшілік шара көрілген. Жинақталған айыппұл көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрайды. Автокөлік жүргізушісі заманауи технологиялардың бірі – «Қорғау» жүйесі арқылы анықталды. Жүйе құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, тиісті шаралар қабылдауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, белгіленген жылдамдық режимін бұзбауға шақырады. Түркістан облысы ПД баспасөз…
Ұрпақтар сабақтастығы қоғамның рухани беріктігін қалыптастырады Қоғамның дамуы жаңа технологиялар мен заманауи білімге ғана емес, жинақталған тәжірибені келесі ұрпаққа жеткізе білуге де байланысты. Үлкендердің өмірлік тәжірибесі жастарға дұрыс шешім қабылдауға көмектессе, жастардың жаңашылдығы қоғамға тың серпін береді. Қазақстан Конституциясының 30-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны белгіленген. Бұл отбасының қоғамдағы маңызды орнын көрсетеді. Түркістан өңірінде отбасылық тәрбие, үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсету дәстүрі ерекше орын алады. Осы құндылықтарды заман талабына сай жалғастыру үшін ата-әжелердің өнегесін жастарға жеткізу, отбасылық тарихты сақтау, туған өлкенің шежіресі мен мәдени мұрасын үйрету маңызды. Сонымен бірге үлкендерді құрметтеу олардың пікірін…
📍Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, еңбек үздіктері, өңірдегі әртүрлі саланың көшбасшылары, жастар және жалпы тұрғындар қатысты. ⚜️Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өңір тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтады. 📌– Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – халқымыздың рухын көтеріп, бірлігін нығайтады! 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл — Тәуелсіздікке бастар тарихи қадам болды. Ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда еліміз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, әлем картасында дербес мемлекет ретінде орнықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Егемен…
Түркістан қаласында Республика күні мен қала күні қарсаңында Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында орналасқан 7 қабатты 14 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл игі іс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы келіп, баспана иелеріне пәтер кілттерін табыстады. Облыс әкімі тұрғындарды қоныстоймен құттықтап, отбасыларына амандық, бақ-береке тіледі. – Баршаңызды келе жатқан ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтін маңызды мереке. Осындай мерейлі мереке қарсаңында қала тұрғындарымызға баспана кілттерін табыстау салтанатының куәсі болып отырмыз. Қазақта «Өз үйім – өлең төсегім» деген тағылымды сөз…
«Dauletten» қайырымдылық қоры 2026–2027 оқу жылына әлеуметтік қолдауды қажет ететін студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі. Бағдарлама жоғары білім алуға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған. Грантқа Қазақстанның жоғары оқу орындарына 2026–2027 оқу жылында бірінші курсқа ақылы негізде қабылданған, ата-анасының бірінде I топтағы мүгедектігі бар студенттер үміткер бола алады. Әр студентке берілетін грант мөлшері бір академиялық жылға арналған оқу ақысына сәйкес белгіленеді. Бір студентке көрсетілетін қаржылай қолдау көлемі 1 млн теңгеден аспайды. Құжаттар 2026 жылғы 15 қарашаға дейін қабылданады. Қордың мәліметінше, бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік осал топтағы жастардың жоғары білім алуына мүмкіндік беру және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.
🤝 18 қазан – Рухани келісім күніне орай Мақтаарал ауданында мешіт жамағаты арасында кіші футболдан турнир өтті. 🏆 Спорттық шараның басты мақсаты – қоғамдағы рухани келісім мен өзара ынтымақтастықты нығайту, діни татулықты дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және мешіт жамағаты арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту.🥇 *Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: 🏆 І орын – Абдул-Әкім орталық мешітінің діни қызметкерлері; 🥈 ІІ орын – А. Қалыбеков ауылдық округінің имамдары; 🥉 ІІІ орын – Мақтаарал ауылдық округінің діни қызметкерлері. 🎁 Жүлдегерлерге І орын үшін теледидар, ІІ орын үшін автоматты кір жуғыш машина, ІІІ орын үшін шаңсорғыш табысталды. 🎖️ Жеңімпаздар мен жүлдегерлер…
27 сарбаз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына қабылданып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге жолға шықты. Жас сарбаздарды шығарып салу рәсімі Абай саябағындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш жанында өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Қарулы Күштердің ардагерлері, аудан әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Жиында Мемлекеттік күзет қызметіндегі әскери қызметтің ерекшелігі мен жоғары жауапкершілігі айтылды. Қызметке іріктеу барысында жастардың дене дайындығына, тәртібіне, психологиялық тұрақтылығы мен жеке қасиеттеріне ерекше мән беріледі. Қала әкімінің бірінші орынбасары жас сарбаздарға сәттілік тілеп, әскери борыштарын абыроймен өтеуге шақырды. Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкенттен 1300-ден астам азаматты мерзімді…
