Конституция – тек құқықтар мен міндеттерді айқындайтын құжат емес, ол қоғамдағы өзара құрмет пен жауапкершіліктің негізі. Заңды құрметтеу әр азаматтың күнделікті өмірдегі іс-әрекетінен, өзгелердің құқығына түсіністікпен қарауынан және қоғамдық тәртіпті сақтауынан көрінеді.
Түркістан облысында қоғамдық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың заң талаптарын сақтауына бағытталған жұмыстардың маңызы зор. Әсіресе өскелең ұрпақтың бойына заңға құрмет пен әділдік қағидаттарын сіңіру – ортақ міндет.
Конституциялық мәдениеті қалыптасқан қоғамда әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің де құқығын құрметтейді. Бұл – тұрақты әрі өркениетті қоғамның басты белгісі.

