Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен қол күресінен 47-ші әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен өңір спортшылармен кездесті. Салтанатты жиында әлемдік додада алтын медаль иеленген спортшыларға облыс әкімінің Алғыс хаттары, ақшалай сертификаттар және 2 спортшыға пәтер кілттері табысталды.
– Әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткендеріңіз үшін баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл додаға әлемнің 67 елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысты. Еліміздің намысын 70 спортшы қорғаса, оның ішінде Түркістан облысынан 32 спортшы қатысып, 17 алтын, 6 күміс, 9 қола жеңіп алды. Әрбір жеңістің артында спортшының табандылығы, қажырлы еңбегі және жаттықтырушылардың тынымсыз еңбегі тұр. Сіздердің жеңістеріңіз – жас ұрпаққа үлгі және үлкен мақтаныш. «Шардара Армспорт» спорт клубына толағай табыс тілеймін. Бүгінде облыста бұқаралық және жоғары жетістіктер спортын дамытуға, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Жеңістеріңіз тағы да құтты болсын! Қазақстанның абыройын асқақтатып, еліміздің көк байрағын биікте желбірете беріңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толағай табыс және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.
Айта кетейік, 2026 жылғы 26 қазан мен 7 қараша аралығында Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өткен 47-ші әлем чемпионатына 67 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында Түркістан облысынан барған 32 спортшы 17 алтын, 6 күміс және 9 қола медаль иеленді.
Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған спортшылар қатарында 85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрдәулет Айдархан бар. Ол осымен 13-рет әлем чемпионы атанды. 55 келіде Ердәулет Нұрмахан алтын медаль жеңіп алып, әлемнің 6 дүркін чемпионы атанды. Ал 60 келіде Нұрсұлтан Алдан мен 65 келіде Ұлболсын Эльмурат екінші мәрте әлем чемпионы атағын иеленді.
Сондай-ақ 60 келіде Ұлжан Оралбай, 70 келіде Ырысты Оразхан, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 90 келіде Ұлықбек Құралбаев, 50 келіде Жарылқасын Рүстембек, 65 келіде Бекжан Қожантай, 70 келіде Асылжан Базарбай, 75 келіде Асылжан Бекжігіт, 80 келіде Тұрарбек Тұрғанбек, 85 келіде Нұрболат Басымбек және 90 келіде Ердәулет Мұхамбетов әлем чемпионы атанды.
Армрестлингтен әлемдік аренада топ жарған спортшылар Шардара ауданындағы «Шардара Армспорт» спорт клубында тәрбиеленген. 2001 жылы Арман Қарсыбаевтың бастамасымен құрылған клуб ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елімізге көптеген чемпиондарды дайындап шығарды. 2001-2026 жылдар аралығында мұнда дайындалған 150-ге жуық спортшы әлем чемпионы атанса, 119 спортшы әлем чемпионатының жүлдегері болған. Сондай-ақ 26 спортшы Әлем кубогын иеленіп, 5 спортшы әлемдік комбат ойындарының чемпионы атанған. Азия чемпионаттарында 347 спортшы топ жарып, 284 спортшы жүлдегер атанды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______________
17 ЗОЛОТЫХ МЕДАЛЕЙ: АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЧЕСТВОВАЛ ЧЕМПИОНОВ МИРА ПО АРМРЕСТЛИНГУ
Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился со спортсменами региона, показавшими высокие результаты на 47-м чемпионате мира по армрестлингу, прошедшем в Нью-Дели, Индия. На торжественном собрании спортсменам, завоевавшим золотые медали на мировых соревнованиях, были вручены благодарственные письма акима области, денежные сертификаты и ключи от квартир двум спортсменам.
– От всей души поздравляю всех вас с высокими результатами на чемпионате мира! В этих соревнованиях приняли участие около двух тысяч спортсменов из 67 стран мира. Честь нашей страны защищали 70 спортсменов, из них 32 спортсмена из Туркестанской области завоевали 17 золотых, 6 серебряных, 9 бронзовых медалей. За каждой победой стоит упорство спортсмена, кропотливый труд и неустанный труд тренеров. Ваши победы – пример для подрастающего поколения и большая гордость. Желаю больших успехов спортивному клубу «Шардара Армспорт». Сегодня в области особое внимание уделяется развитию массового спорта и спорта высших достижений, широкой пропаганде национальных видов спорта. Работа по развитию спортивной инфраструктуры в регионе будет продолжена. Еще раз поздравляю с победами! Продолжайте прославлять Казахстан и высоко нести голубой флаг нашей страны! Желаю вам крепкого здоровья, благополучия вашим семьям, больших успехов и новых побед в предстоящих соревнованиях! – сказал Н. Кушеров.
Отметим, в 47-м чемпионате мира, проходившем в столице Индии с 26 октября по 7 ноября 2026 года, приняло участие около двух тысяч спортсменов из 67 стран. 32 спортсмена из Туркестанской области в составе сборной Казахстана завоевали 17 золотых, 6 серебряных и 9 бронзовых медалей.
В числе спортсменов, завоевавших золотые медали на чемпионате мира, — Нурдаулет Айдархан, выступивший в весовой категории 85 кг. Он в 13-й раз стал чемпионом мира. В весе 55 кг золотую медаль завоевал Ердаулет Нурмахан, став шестикратным чемпионом мира. А в весе 60 кг Нурсултан Алдан и в весе 65 кг Улболсын Эльмурат во второй раз завоевали титул чемпиона мира.
Также чемпионами мира стали в весе 60 кг Улжан Оралбай, в весе 70 кг — Ырысты Оразхан, среди спортсменов с ограниченными возможностями в весе 90 кг — Улыкбек Куралбаев, в весе 50 кг — Жарылкасын Рустембек, в весе 65 кг — Бекжан Кожантай, в весе 70 кг — Асылжан Базарбай, в весе 75 кг — Асылжан Бекжигит, в весе 80 кг — Турарбек Турганбек, в весе 85 кг — Нурболат Басымбек и в весе 90 кг — Ердаулет Мухамбетов.
Спортсмены, ставшие лучшими на мировой арене по армрестлингу, воспитаны в спортивном клубе «Шардара Армспорт» Шардаринского района. Клуб, созданный в 2001 году по инициативе Армана Карсыбаева, за более чем четверть века подготовил для страны множество чемпионов. В период с 2001 по 2026 годы около 150 спортсменов, подготовленных здесь, стали чемпионами мира, 119 спортсменов стали призерами чемпионатов мира. Также 26 спортсменов завоевали Кубок мира, 5 спортсменов стали чемпионами всемирных комбат-игр. На чемпионатах Азии 347 спортсменов стали победителями, 284 спортсмена стали призерами.
Пресс-служба акима Туркестанской области

