Ел мен жердің өркендеуі ең алдымен өз ісіне адал, елжанды азаматтардың еңбегіне байланысты. Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат ретінде тіркелген Бақытжан Ибрагимұлы Туребеков — туған жерінің абыройын халықаралық аренада асқақтатып, бүгінде жас ұрпақты тәрбиелеу мен басқару ісінде жемісті еңбек етіп жүрген азамат.
Өмір жолы мен спорттағы жетістіктері жайында өрбітсек, Бақытжан Ибрагимұлы 1988 жылы 16 ақпанда дүниеге келген. Түркістан облысы, Отырар ауданы, Маяқұм ауылының тумасы әрі тұрғыны.
Ол саналы ғұмырын спортқа арнап, қазақ дзюдосының дамуына сүбелі үлес қосты. Бақытжан Туребеков — дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, сондай-ақ Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері. Боз кілемдегі табандылығы мен ерік-жігерінің арқасында ол талай мәрте ел намысын абыроймен қорғап, жастарға үлгі бола білді.
