Бала қауіпсіздігі – қашанда басты міндеттердің бірі болып саналады. Себебі, бала қауіпсіздігі келер ұрпақ, яғни болашақтың қамы десек те артық айтқандық емес. Отбасынан бастау алатын тәрбие арқылы, мектеп, одан әрі қарай қоғам өміріне етене араласатын баланы қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету басты бағыттардың бірі.
Отбасындағы тәрбиенің негізгі мақсаты‑ білімді, саналы, адал, еңбекқор, ұлттық сана – сезімі ояу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Отбасынан алған тәрбие – өмірінің негізі болып табылады. Сондықтан ең алдымен отбасы тәрбиесі басты назарда болуы қажет. Балалардың бос уақыттарын ұйымдастыра алмау, оларды ата – аналарының қарауынсыз қалдыруы әртүрлі жазатайым жағдайларға алып келді.
Соңғы қоңырау да соғылып, оқушылар жазғы демалысқа шықты. Жас мезгілі – оқушылардың асыға күткен мезгілі екені анық. Алайда әр мезгілдің қауіпті тұстарымен қоса, сақтануды қажет ететін құбылыстары да бар.
Қазіргі таңда елімізде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда. Сол себепті бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаған жөн. Балалардың қатысуымен көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда.
Мемлекет басшысы кез келген қоғамның, соңын ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізділген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік деп тоқтала өткен болатын: «Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді» ‑ деген болатын.
Солардың бірі, мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдардың қауіпсіздігі басты назарда. Осы мақсатта бүгінгі күні білім ордаларында түрлі іс‑ шараның өтуі соның айғағы болса керек.
Осы ретте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, облыстық білім басқармасымен бірлесіп, жазғы демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі шаралар өткізуді үрдіске айналдырған.
Анығын айтқанда, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» акциясын өткізіп, бұл акция аясында өңірдегі аудандардағы әріптестеріне челленджіні жалғастыруда.
Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында орналасқан «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығында «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» атты ауқымды іс‑ шарада өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіпғ бейнероликтер көрсетіліп, балаларға әдейілеп көңілді концерттік бағдарлама қойылымдарын ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы сыйлықтары табыстап, керемет көңіл – күй сыйлады.
Ал, Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі №41 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері де «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» атты акция челленджінін қабыл алып, Түркістандық әріптестерінің өткізген шараларын жалғастырды.
Сондай‑ақ, бұл акцияға Ордабасы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі «Жастар ресурстар орталығымен бірлесіп, өткізген шарада, балаларға қызмет автокөліктерді және өртке қарсы құралдармен таныстырып, киім кию үлгісін қидырғызып көрсетіп, арасында сурет салу өнерінен жарыстар – ұйымдастырылып, бірінші медициналық көмектің көрсетілуін түсіндірілді. Төлеби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Ленгер қаласындағы, №6 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-5 сынып оқушыларымен, Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы, Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде де жалғасты. Сонымен қатар, Отырар ауданы Шәуілдір ауылында орналасқан, Балдаурен, Тенгиз, Ақбол бөбекжай балабақшаларының балаларына аймақтың өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аудан орталығында орналасқан Отырар Мәдениетінің алдында «Ашық есік» ұйымдастырып, өскелең ұрпаққа өрт қауіпсіздігін және судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, өрт техникасы жарақтарымен таныстырды.
«Аталған іс‑шаралар балалар мен ата‑ аналарды қауіпсіздік пен жақсылыққа арналған жарқын және балаларға қызықты, пайдалы, әрі керемет көңіл – күй сыйлайтынына сенімдіміз. Бүгін өткізілген әр аудандағы «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» акциясының ең басты құндылығы – балалық шаққа деген қамқорлықты еске салары сөзсіз. Онан бөлек іс‑ шарада балалар үшін түрлі сайыстардың, шеберлік сабақтардың, флешмоб, көңілді концерттік бағдарламалардың және нағыз батырлардың қызметімен таныстырылғаны есте қаларлықтай өнер сыйлайтыны сөзсіз.
Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде судың жанында, табиғатта және үйде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың түрлі жолдарын да пысықтадық», ‑ дейді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Тулешов.