Автор: aimaq_user

Облыс аумағында «Мотокөлік» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осыған орай Түркістан қаласының тәртіп сақшылары мопед, мотоцикл және өзге де мотокөлік құралдарын пайдалану заңдылығын тексеріп, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау жүргізуде. Рейд барысында көлік құралдарының мемлекеттік тіркеуден өтуі, мемлекеттік тіркеу нөмірінің болуы, жүргізуші куәлігінің тиісті санаты мен қорғаныш шлемін пайдалануына баса назар аударылып, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Заң талаптарын сақтаңыз! Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Read More

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Шежіре бастауы – отбасы тарихы» атты эстафета ұйымдастырды. Шара барысында тәртіп сақшылары өздерінің жеті атасын айтып, ата-баба тарихы мен әулет шежіресін кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын көрсетті. Әр қызметкер өз әулетінің тарихымен бөлісіп, ұлттық болмысты қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызын атап өтті. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жеті атаны білу – ұрпақтың өткенін тануына, ата-бабаға деген құрметін арттыруға және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге ықпал етеді. Бұл бастама әр адамның өз тарихына жауапкершілікпен қарауына бағытталды. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Read More

Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында заманауи технологиялардың мүмкіндіктері кеңінен қолданылуда. Мәселен 126 мыңнан астам тұрғыны бар Төлеби ауданында ағымдағы жылдың сәуір айында Жедел басқару орталығы іске қосылды. Бүгінде орталықтың бейнебақылау камераларымен 1500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орында темекі өнімдерін пайдаланған азаматтар, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзған автокөлік жүргізушілерінің құқық бұзушылық әрекеттері дер кезінде тоқтатылып, әкімшілік шарасы көрілген. Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Read More

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға – алғашқы Құрылтай сайлауы күні Кентау қаласында тұрғындардың белсенділік танытуы мен саяси шараның жоғары деңгейде өтуіне бағытталған ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Осындай мазмұнды жиындардың бірі Кентау қалалық орталық кітапханасында бой көтерді. Сайлау учаскесіне келуші дауыс берушілер мен оқырмандар үшін арнайы әзірленген шара азаматтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани серпіліс берді.    Мәдени шара барысында кітапхана ұжымы өз қорындағы сирек кездесетін әдебиеттер мен соны туындылардан арнайы тақырыптық кітап көрмесін жасақтады. Көрменің негізгі бағыттары:тандық және әлемдік классиктердің үздік шығармалары. Қазақстанның мемлекеттілік тарихы, елдік пен бостандық жолындағы тарихи кезеңдерді баяндайтын кітаптар. Ұлттық құндылықтар, дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған басылымдар. Дауыс…

Read More

Қоғамның рухани қауіпсіздігін нығайту, тұрғындарға ұсынылатын ақпараттың шынайылығы мен заңдылығын қамтамасыз ету және діни сауаттылықты арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта 13-14 тамыз күндері Кентау қаласындағы кітапханалар қорында сақталған діни мазмұндағы әдебиеттерді зерделеу және олардың мазмұнына сараптамалық талдау жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды.   Мазмұнды теологиялық және ағартушылық зерделеу шарасына Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің білікті мамандары мен «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ директоры Әділбек Қайырбеков арнайы қатысты. Жұмысшы топ қалалық кітапханалар жүйесінің негізгі ошақтарын аралап, кітап қорларындағы діни әдебиеттердің мазмұны мен бағыттарын толық сараптамадан өткізді. Зерделеу жұмыстары қамтыған мекемелер тізімін сараласақ, Кентау қалалық Орталық…

Read More

Қазақ өнері мен мәдениетінің, ән мен күйдің, шежірелі тарихтың мекені саналатын қасиетті Созақ өңірінде тағы бір тарихи әрі рухани маңызы жоғары, ауқымды мәдени шара өтті. Қазақ эстрадасының тарихында өзіндік өшпес қолтаңбасын қалыптастырып, бірнеше буынның жүрегін әсем әнмен баураған, ұлттық музыка өнерінің заманауи брендіне айналған аңызға айналған «МузАрт» тобының шығармашылық жолына 25 жыл толуына арналған «Мерейлі кеш» атты ашық аспан астындағы салтанатты гала-концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылды.    Әсем ән мен сырлы сазға бөленген бұл мерекелік кеш аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы «Орталық саябақта» өтіп, әнсүйер қауымға ұмытылмас ерекше көңіл күй мен рухани ләззат сыйлады. Көрікті саябақтағы стадион көрерменге лық толып, Созақтың қастерлі даласы…

Read More

Кентау қаласында маңызды қоғамдық-саяси оқиға барысында тұрғындардың еркін қозғалуы мен азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында кешенді қолдау шаралары ұйымдастырылуда. Осыған байланысты, 23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні Кентау шаһарында қоғамдық көліктер қала тұрғындары мен меймандары үшін толықтай тегін қызмет көрсетіп жатыр. Бұл бастама – қала тұрғындарының сайлау учаскелеріне ешқандай кедергісіз, уақытылы жете алуына және өздерінің конституциялық азаматтық құқықтарын толыққанды жүзеге асыруына бағытталған маңызды қадам. Сондықтан да шараның негізгі басымдықтары қоғамдық көліктің тегін жүруі тұрғындардың өз сайлау учаскесіне баруына барынша қолайлы жағдай туғызып отыр. Мұнан бөлек, көлік қатынасының тегін болуы қала шетінде немесе алыс шағын аудандарда тұратын азаматтардың сайлауға қатысуын жеңілдетеді және…

Read More

Жоғары және арнаулы орта оқу орындарын жаңадан бітірген жас мамандарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және еңбек жолын сәтті бастауына жағдай жасау – мемлекеттік жастар саясатының басты басымдықтарының бірі. Осы орайда «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жас мамандарды жұмысқа қабылдайтынын хабарлайды.   Бұл бастама өз мамандығы бойынша алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға, білікті сарапшылармен бірге жұмыс істей отырып, кәсіби ортада шыңдалуға ниетті жастар үшін таптырмас мүмкіндік болып табылады. «Руханият орталығы» қаланың рухани-мәдини, әлеуметтік және цифрлық дамуына үлес қосуға дайын келесі бағыттар бойынша жас мамандарды шақырады. Атап айтқанда, теолог – дәстүрлі діни бағыттарды насихаттау және теологиялық сараптамалар жүргізу,…

Read More

Бұқаралық спортты дамытумен қатар, жас спортшылардың бойында биік рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және салауатты өмір салтын орнықтыру – бүгінгі қоғамдық тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда Кентау қаласында спорт бапкерлері мен жас спортшылардың қатысуымен мазмұнды ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.   Ауқымды ағартушылық іс-шараға «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің директоры Әділбек Қайырбеков пен білікті теолог маман Шынар Нұрулла арнайы қатысып, спорт саласының өкілдерімен ашық диалог жүргізді. Кездесу барысында спикерлер спорттағы тек физикалық дайындық қана емес, сонымен бірге спортшының ішкі рухани мәдениеті, тәртібі мен азаматтық ұстанымы шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Басқосуда сарапталған негізгі тақырыптар бағыты, ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, үлкенге құрмет,…

Read More

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, бабалардан жеткен бай рухани мұрамызды жаңғырту және оны өскелең жас ұрпақтың бойына сіңіру – рухани жаңғыру мен ел болашағының берік тірегі. Осы орайда Кентау қалалық Орталық кітапханасында «Ата дәстүрін ардақтау – әр азаматтың парызы» атты мазмұнды да тағылымды конференция өткізілді.  Ауқымды рухани-мәдени іс-шараға өңірдегі ақын-жазушылар, мәдениет саласының көрнекті өкілдері, зиялы қауым мен қала жастары қатысып, ата дәстүрдің бүгінгі заманауи қоғамдағы маңызы, ұлттық болмысты сақтау және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі төңірегінде салмақты ой-пікірлер ортаға салынды. Конференция шымылдығы арнайы ұйымдастырылған ұлттық жәдігерлер мен сирек кездесетін әдеби туындылар көрмесімен ашылды. Шараға жиналған қауым көрмені тамашалап, елге белгілі азаматтар…

Read More