Жолдың сапасын көзбен қарап анықтау мүмкін емес. Бұл — өзінше бір ғылым.
Жолдан арнайы сынама алынып, зертханаға жеткізіледі. Мұнда битум, асфальт қоспасының құрамы, тас материалдарының сапасы, тығыздығы, салмағы және басқа да көрсеткіштер жан-жақты талданады.
Яғни жолдың әрбір құрамдас бөлігі сараптамадан өтеді. Себебі жолдың беріктігі мен ұзаққа шыдауы — оның ішкі сапасына тікелей байланысты.
Сынама алудан зертханалық талдауға дейін — жол сапасы осылай анықталады.

