Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлымен сұхбаттасудың сәті түсіп, өңірдегі жұмыспен қамту саласы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар сөз болды.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында соңғы халық санағының қорытындысы бойынша халық саны 2 142 709 адамды құраса, экономикалық белсенді халық саны – 861 900 адам, оның ішінде 822 мың адам жұмыспен қамтылған. Өңірдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрайды.
Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында Түркістан облысында ағымдағы жылға жұмыспен қамту саласы бойынша 74 516 адамды қамту жоспарланған. Оның ішінде, тұрақты жұмыс орындарына – 54 483 адам, ал уақытша жұмыс орындарына – 20 033 адам қамтылған.
Жалпы, облыстағы халық санының өсу серпінін ескерсек, 822 мың адамның жұмыспен қамтылуы аймақ экономикасының тұрақты дамып келе жатқандығын және мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелігін көрсетеді. Сондықтан да Түркістан облысында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында бірнеше негізі бағыттар бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді.
Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 2026 жылдың 9 айының қорытындысына сүйенсек, облыс бойынша 74 999 адам жұмыспен қамтылған. Демек, тұрақты жұмыс орындарына – 52 193 адам, ал уақытша жұмыс орындарына – 22 806 адам тартылған. Осылайша, жылдық жоспар 100,6 пайызға орындалыпты.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар
- жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру арқылы 1 450 адамды қамту жоспарланса, 9 айдағы көрсеткіш барысында 727 адамға мемлекеттік грант беріліп, жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға қолдау көрсетілген.
- Мұнан бөлек, ұлттық жобалар және өзге де мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамту бойынша жылдық жоспар 2 465 адамды қамту қажет болса, дәл қазіргі уақытта тұрақты жұмыс орындарына – 962 адам, ал уақытша жұмыс орындарына – 1 503 адам, яғни 9 айдың қорытындысы бойынша 2 508 адам жұмысқа орналасқан. Оның ішінде, тұрақты жұмыс орындарына – 1 431 адам, ал уақытша жұмыс орындарына – 1 077 адам.
- Мекенхан Қозыханұлының айтуынша, аталған бағыт бойынша жылдық жоспар 101,7 пайызға орындалыпты. Жалпы, бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жылдық жоспар 40 595 адамды құрайды екен. Үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 38 559 адам тұрақты бос жұмыс орындарына орналастырылып, жылдық жоспардың орындалуы 95,0 пайызды құраған.
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру, қолда бар жұмыс орындарына және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бағдарламасы аясында 2026 жылға 11 476 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінгі уақыттағы ақпаратты тарқатсақ, дәл қазіргі кезеңде 11 476 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалыпты.
- Осы жылғы субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 2026 жылға 18 530 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болса, 9 айдың есебі бойынша 21 729 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған. Ендеше, жылдық жоспар 117,3 пайызға орындалып отыр. Сындағы бағыттар бойынша тарқатар болсақ, «Жастар практикасы» – жылдық жоспар 6 415 адам, 9 айдың қорытындысы бойынша 6 814 адам жұмыспен қамтылды. Жоспар 106,2 пайызға орындалған.
- Қоғамдық жұмыстар – жылдық жоспар 7 515 адам, 9 айдың қорытындысы бойынша 8 779 адам жұмысқа орналастырылды. Жоспар 116,8 пайызға орындалған.
- Әлеуметтік жұмыс орындары – жылдық жоспар 3 500 адам, 9 айдың қорытындысы бойынша 4 398 адам жұмысқа орналастырылды. Жоспар 125,7 пайызға орындалған.
- «Күміс жас» жобасы – жылдық жоспар 1 100 адам, 9 айдың қорытындысы бойынша 1 718 адам жұмысқа орналастырылды. Жоспар 156,2 пайызға орындалып отырғанын жеткізді басқарма басшысы.
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары еліміздің барлық өңірінде жалғасып, халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, азаматтардың табысын арттыруға және адами капиталдыдамытуға бағытталған. Осы орайда, 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысында жұмыспен қамту саласында бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша оң нәтижелерге қол жеткізуде.
- Атап айтқанда, субсидияланатын жұмыс орындары, оның ішінде «Жастар практикасы», қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және «Күміс жас» жобасы бойынша жылдық жоспарлар мерзімінен бұрын орындалды.
- Сонымен қатар, «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар толық орындалды, ал Ұлттық жобалар және өзге де мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жоспар 101,7 пайызға орындалды.
- Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Алдағы кезеңде жылдық жоспарлардың толық орындалуын қамтамасыз ету, тұрақты жұмыс орындарының санын арттыру, жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына тарту және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін одан әрі арттыру бағытында тиісті шаралар жүзеге асырылатын болады.

