Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның барлық аймақтарында Өңірлік жұмыспен қамту карталары іске асырылуда. Бұл бастаманың басты мақсаты – елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету, әлеуметтік осал топтарды қолдау және әр аймақтың экономикалық ерекшілігіне қарай жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрау болатын.
Сондықтан да Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Қазығұрт аудандық мансап орталығы Мемлекет басшысының жұмыспен қамту саласындағы негізгі тапсырмаларын жүйелі түрде орындауда.
Атап айтқанда, 2026 жылы Өңірлік жұмыспен қамту шеңберінде 4044 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 9 айдың қортындысымен 4247 жұмыс орны ашылып, жылдық жоспардың 105 пайызын құрап отыр.
Мемлекет басшысының тікелей жоспарына сәйкес, өңірлердегі кәсіпкерлікті дамыту және жаңа кәсіпорындар ашу арқылы халықты жаппай жұмысқа тарту көзделген болса, аталмыш ауданда «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасы аясында 630 жұмыс орын ашу жоспарланып, бүгінгі күнге дейін 907 жұмыс орындары ашылып, артығымен орындалған.
Айта кетер болсақ, Президент жұмыспен қамту мәселесінде қысқа мерзімді (уақытша) жұмыс орындарын құруға көшуді басты талап ретінде қойды. Мемлекет басшысының осы бағыттағы негізгі ұстанымдары мен айтқан тапсырмалары негізінде Қазығұрт ауданы Мансап орталығының директоры Мақсұт Мұсабайұлы Алпысовтың айтуынша, тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарына орналастыру бойынша жылдық жоспар 2179 жұмыс орны ашу қажет болса 9 айда 2006 ашылған.
Талдау жүргізер болсақ, барлық сала бойынша ашылуы тиіс жұмыс орындары артығымен орындалуда екен. Мәселен, әлеуметтік жұмыс орындарың жоспары 193 болса, 219 жұмыс орны ашылды. Жастар практикасы бойынша жоспары 354 болса, 406 жұмыс орны ашылды. Қоғамдық жұмыс бойынша жоспары 424 болса, 462 жұмыс орны ашылды. Күміс жас жобасы бойынша жоспары 70 болса, 91 жұмыс орны ашылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында өңірлер мен қалаларды дамытуға қатысты «Қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекттің негізін қалайды» деген негізгі ұстанымды атап өткен болатын. Осы орайда, «Қуатты өңірлер – Ел драйверінің» ұлттық жобасы бағытында ауданда жылдық жоспар бойынша 114 жұмыс орны ашу қажет болса, 17 жобаға 116 жұмыс орны ашылды. Жоспар толық орындалды. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін қайтарымсыз гранттың (жоспар 80 адам) 1 легі 40 адамға грант берілді.

