Автор: aimaq_user

«Тілге құрмет – елге құрмет» 20 күндік акциясы аясында 5574 әскери бөлімінің жеке құрамымен «Ұлт ұстазы. Тіл – татулық тірегі» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды. Танымдық сабаққа Түркістан облыстық тілдерді оқыту және дамыту орталығының қызметкері, ақын, тіл жанашыры, Түркістан қаласының құрметті азаматшасы Айгерім Жұмабай арнайы қатысып, жеке құрамға тағылымды дәріс өткізді. Іс-шара барысында ұлт ұстазы, қазақ халқының көрнекті ағартушысы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасы, қазақ тілінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі кеңінен сөз болды. Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық тіл білімінің негізін қалыптастырудағы еңбегі, әліпби мен оқу-ағарту саласына енгізген жаңашылдығы туралы маңызды мәліметтер берілді. Сонымен қатар сабақ барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны,…

Read More

Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында, санасы сергек, ойы озат ұлт өткен күннен сабақ алады, өткен тарихын биікке көтереді және әрдайым алға ұмтылады деген болатын. Ия, отаншылдық, әр азаматтың туған еліне деген сүйіспеншілігі әдемі сөзбен өрілмеуі тиіс, ол нақты істен көрініс табуы қажет. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен рухани мұраны сіңіруді мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде үнемі алға қойып келеді. Тоқаев өз сөздерінде жас қазақстандықтарды отансүйгіштікке, ана тілін құрметтеуге және тарихты қастерлеуге тәрбиелеудің маңыздылығын жиі атап өтеді. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы аясында мектептер мен балабақшаларда балалардың бойына ұлттық намыс, жауапкершілік, еңбекқорлық…

Read More

Қазіргі дамыған заманда цифрлық технологияларды өндіріс пен күнделікті өмірге енгізу, жас мамандардың IT саласындағы құзыреттілігін арттыру және жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану – заман талабы. Осы орайда Ақпараттық талдау және цифрландыру орталығының ұйымдастыруымен Кентау шаһарында «DIGITAL KENTAU – 2026» цифрландыру және жасанды интеллект форумы өтеді.   Ауқымды IT-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарына, жастарға, стартаперлерге және цифрлық салаға қызығушылық танытушыларға заманауи технологиялық трендтерді таныстыру және цифрлық дағдыларды шыңдауға жол ашу. Сондықтан да «DIGITAL KENTAU – 2026» форумы барысында қатысушыларға заманауи IT мен креативті индустрияның ең өзекті бағыттары бойынша пайдалы сараптамалық ақпараттар мен практикалық кеңестер ұсынылады. Форум аясында қарастырылатын басты тақырыптар -…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаулары мен тапсырмалары Қазақстанда су тасқынына қарсы инженерлік инфрақұрылымды нығайту және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар кешені жүзеге асырылуда. Бұл шаралар табиғи апаттардың алдын алуға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және су ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған. Бүгінгі таңда Кентау қаласы мен оған қарасты елді мекендерде инфрақұрылымды дамытумен қатар, табиғи құбылыстар мен маусымдық жауын-шашын кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде. Күзгі-қысқы маусымда толассыз жауын-шашын салдарынан туындайтын су басу қаупін жою мақсатында шаһарда арнайы инженерлік-техникалық жұмыстар қолға алынды. Осы орайда, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың нақты тапсырмасына сәйкес, қала аумағында жауын суын өткізу жүйелерін жаңарту…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту мемлекет саясатының басты басымдықтарының бірі екенін айтып келеді. Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен қосылған құны жоғары өнім өндіретін шағын бизнесті қолдау күшейтілуі қажет. Мемлекет тарапынан берілетін қолдау кәсіпкерлердің ісін кеңейтіп, жаңа деңгейге шығуына серпін беруі тиіс. Осы орайда Түркістан облысында шағын және орта бизнесті қолдау, жергілікті өндіріс орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықаралық үздік тәжірибелерді енгізу бағытындағы жүйелі жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл бағыттағы маңызды бастамалардың бірі ретінде Кентау қаласына қарасты Қарнақ елді мекенінде халықаралық сарапшының қатысуымен өндірістік тәжірибе алмасу шарасы өтті. «Аға сеньорлар» — Senior Expert Service арнайы бағдарламасы аясында…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде «Руханият орталықтарын» құру жөніндегі тапсырмасы негізінен Ұлттық құрылтайларда және мәдениет қызметкерлерімен кездесулерде айтылған «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасымен және ұлттық бірегейлікті сақтау идеясымен тікелей байланысты. Сонымен бірге Мемлекет басшысы ұсынған Руханият орталықтары жастарға мәдени-рухани және адамгершілік тәрбие беретін негізгі ошаққа айналуы тиіс. Орталықтардың басты мақсаты – қоғамда жауапкершілік, әділдік, еңбекқорлық пен отаншылдық құндылықтарын дәріптеу. «Руханият орталығы» дегенде ойымызға ең алдымен не келеді? Тек діни сауаттылықты арттыру ма, әлде одан да ауқымды рухани-мәдени ұғым ба? Шын мәнінде, «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің қызметі – тек бір бағытпен шектелмейді. Мекеме жұмысы тұтас қоғамның рухани-мәдени дамуына, азаматтық жауапкершілік пен…

Read More

Жастардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, төл тарихымыз бен әдет-ғұрыптарымызды ұлықтау және рухани сабақтастықты нығайту – бүгінгі қоғамдық дамудың басты тірегі. Осы орайда 9 қыркүйек күні Кентау шаһарындағы 7 арнаулы орта оқу орнының студенттерімен мазмұнды әрі танымдық кездесу ұйымдастырылды.    Ауқымды ағартушылық іс-шараға «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің ұлттық құндылықтарды насихаттаушы мамандары Б.Самбетов пен Г.Қаныбек, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Б.Әшірбаев және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар инспекторы А.Керімбаев арнайы қатысып, студенттермен ашық сухбат жүргізді. Басқосу барысында спикерлер студенттерге ұлттық болмысты сақтау, ата-бабадан жеткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың заманауи қоғамдағы маңызы төңірегінде терең түсіндірмелер берді. Кездесуде…

Read More

Қоғамда ұлттық тәрбиені нығайту, салт-дәстүрді ұлықтау және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағытында Кентау қаласында жүйелі ағартушылық жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы орайда «Құрылыс Кентау» ЖШС қызметкерлері мен қалалық кондоминиум төрағаларының қатысуымен рухани-танымдық ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.     Жиынның негізгі мақсаты – еңбек ұжымдары арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және қоғамдағы өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін арттыру болып табылады. Басқосу барысында қоғамның берік тұғыры саналатын асыл қасиеттер мен тәрбиелік бағыттар кеңінен сарапқа салынды. Мәселен, ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың асыл мұраларын күнделікті өмірде қолдану мен жас ұрпаққа өнеге ету мәселелері, қоғамдағы өзара сыйластық, үлкендердің ақылын тыңдау және кішіге қамқорлық танытудың адамгершілік маңызы және шаңырақтағы…

Read More

Түркістан облысында білім беру жүйесін жаңғырту, оқыту мазмұнын байыту және мектептердегі білім сапасын арттыру бағытындағы кешенді шаралар қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен алқалы жиында саладағы ең өзекті мәселелер – оқушылардың білім жетістіктерін жақсарту мен сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер жасау бағыттары кеңінен талқыланған болатын.       Облыстық деңгейде қабылданған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Кентау қаласының білім бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков бөлім қызметкерлерімен, әдіскерлермен және жауапты мамандармен арнайы жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы А. Әуелбеков өңір басшылығы тарапынан жүктелген негізгі міндеттерді таныстырып, қала мектептерінде білім сапасын көтерудің қадамдық жоспарын…

Read More

Мектеп оқушыларының бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ана тілімізге деген құрметті арттыру және елдегі ұлттар достығын нығайту бағытындағы білім беру мен тәрбиелік шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы орайда 2026 жылдың 7 қыркүйегінде С.Қожанов атындағы №9 мектеп КММ-де дәстүрлі Тілдер мерекесіне орай тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың дәнекері» тақырыбында тілдер апталығының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.  Аталған апталықтың басты мақсаты – білім алушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көптілділікті насихаттау және әр ұлттың тілі мен мәдениетіне деген терең құрметті қалыптастыру болып табылады. Апталық аясында қойылған негізгі міндеттері, ана тіліміздің қолданылу аясын кеңейтіп, оның қоғамдық-әлеуметтік маңызын ұғындыру,…

Read More