Автор: aimaq_user

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің құқықтық негіздерін жаңаша жүйеге түсіруде маңызды қадам болып табылады. Құжатта әділетті заң мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде белгіленген. Жаңа Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы теңгерімді нығайтып, әділетті заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын кепілдендіріп, қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты арттыруға негіз болады. Құжаттың маңызды ерекшелігі — мемлекеттік басқаруда адам факторын басты орынға қоюы. Бұл дегеніміз, мемлекеттің әрбір шешімі мен саясаты адам өмірі мен құқықтарын қорғауға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар, Конституцияда мемлекеттік институттардың тиімділігі, ашықтығы және есептілігі қамтамасыз етіледі. Қазақстанның жаңа Конституциясы — әділетті заң арқылы…

Read More

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 2026 жылғы 15 наурызда ел азаматтары жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өз таңдауын жасайды. Бұл қадам саяси жүйені кешенді жаңғыртуға бағытталған ауқымды конституциялық реформаның заңды жалғасы болып табылады. Реформаның негізі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасынан бастау алды. Бұл ұсыныс 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында жарияланып, оның басты мақсаты мемлекеттік басқару жүйесін тиімді ету, саяси институттарды жаңғырту және жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беру екені атап өтілді. Парламенттік реформа бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар…

Read More

Орталық Азия Инновациялық университетінде Жаңа Конституцияны түсіндіруге арналған арнайы жиын өтті. Іс-шараға оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы қатысып, конституциялық реформаның мазмұны мен маңызын талқылады. Жиында сөз сөйлеген заң ғылымдарының кандидаты Ботабек Имашев тұрақтылық – кез келген мемлекеттің дамуының басты шарты екенін атап өтті. Оның айтуынша, саяси және құқықтық жүйедегі оң өзгерістер елдің болашағына тікелей әсер етеді. Қолданыстағы Конституция тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде қабылданып, мемлекеттілікті қалыптастыруда тарихи миссиясын абыроймен атқарды. – Бүгінгі таңда әлемдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, сондай-ақ қоғам сұранысының жаңа деңгейге көтерілуі құқықтық жүйені жаңаша пайымдауды талап етеді. Қалыптасу кезеңінен даму кезеңіне өткен тұста елдің ішкі әлеуеті…

Read More

Жиынның негізгі мақсаты – Конституциялық реформаның мазмұнын түсіндіру және ұсынылып отырған өзгерістердің мән-маңызын кеңінен талқылау. Кездесуге заң ғылымдарының кандидаты Атақожа Исмаилов пен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Қуаныш Сраилов қатысып, баяндама жасады. Сарапшылар Конституцияның жаңартылған тұстарына жан-жақты тоқталып, енгізілетін өзгерістердің құқықтық және қоғамдық маңызын түсіндірді. Басқосу барысында спикерлер Ата Заңға ұсынылып отырған түзетулердің мемлекет негізін нығайтып, қоғамдық келісімді сақтауда айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Олардың айтуынша, жаңа редакция – қоғам сұранысы мен заман талаптарына сай әзірленген, құқықтық жүйені жаңғыртуға бағытталған мазмұны терең құжат. Конституция мемлекеттің тірегі әрі қоғам дамуының басты құқықтық бағдары екені ерекше айтылды. Оның тұрақтылығы мен әділеттілігі…

Read More

2025 жыл Түркістан облысы үшін табысты жыл болды. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ел дамуының жаңа басымдықтары айқындалып, экономиканы әртараптандыру мен жасанды интеллектіні дамытуға нақты тапсырмалар берілді. Осы міндеттерге сәйкес, облыста жүйелі жұмыстар қолға алынып, индустриялық серпіліс айқын байқалуда. ✅Өндіріс көлемі өсіп, жаңа кәсіпорындар іске қосылуда, заманауи технологиялар кеңінен енгізілуде. Бұл өңір экономикасының тұрақты дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және инвестициялық әлеуеттің артуына мүмкіндік берді. ✅Түркістан облысының индустриялық дамуы – нақты нәтижелерге қол жеткізілгенін көрсететін тұрақты өсудің айқын көрінісі.

Read More

Жаңа Конституция жобасының ІІ бөлімі елеулі түрде жаңартылып, «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деп аталды. Мұндай құрылым құқықтар мен міндеттердің өзара байланысын айқындап, оларды біртұтас құқықтық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, азаматтың құқығы мен мемлекет алдындағы жауапкершілігі қатар қарастырылатын кешенді модель қалыптасады. Азаматтық мәселесіндегі айқындық Жобаға сәйкес, қос немесе көп азаматтыққа жол берілмейді. Өзге мемлекеттің азаматтығын иелену Қазақстан азаматтығын тоқтатуға негіз болады. Бұл норма құқықтық айқындықты күшейтіп, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық байланысты нақтылайды. Мемлекет жауапкершілігінің кепілдігі Әр адамның мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды мемлекеттен өндіруге құқылы екені бекітіледі. Бұл ереже мемлекеттік биліктің жауапкершілігін…

Read More

Жаңа Конституция жобасының ІІІ бөлімі Президент өкілеттігі мен оның институтын айқындайтын бірқатар маңызды өзгерістерді қамтиды. Ұсынылған түзетулер мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға, басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Президенттікке қойылатын талаптар нақтыланды Жобаға сәйкес, Президенттікке үміткерге қойылатын талаптар нақты бекітіледі. Кандидат Қазақстан Республикасының тумасы болуы, қырық жасқа толуы, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі, соңғы 15 жыл бойы ел аумағында тұруы тиіс. Сонымен қатар жоғары білімі болуы және кемінде 5 жыл мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда еңбек өтілі қарастырылады. Бұл талаптар ел басқару ісіне тәжірибелі әрі кәсіби тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған. Кезектен тыс сайлау мерзімі айқындалды Президент өкілеттігі мерзімінен…

Read More

Елорда жастары Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, live-концертке қатысты. Іс-шара 10 мыңнан астам адамды біріктіріп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы жұмысы аясындағы алғашқы ірі қоғамдық алаңдардың біріне айналды. Концерт барысында қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституция жобасы бойыншаөз ұстанымын білдіруге үндеу жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, конституциялық өзгерістер – елдегі жүйелі саяси жаңғырудың жалғасы. Оның айтуынша, реформалардың негізгі мақсаты – әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарын нығайту, өкілді институттардың рөлін күшейту және билік тармақтарының өзара іс-қимылының неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыру. Президент ұсынылған өзгерістердің мәнін ашық түрде қоғам талқысына шығарып, халықты кеңінен ақпараттандыру маңызды екенін де атап…

Read More

Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар — елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу. Осы ретте, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің әр өңірінде алғаш рет талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында, Президенттің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау Қағидалары бекітіліп, 2024 жылы еліміздің барлық өңірінде өңірлік кадр резерві қалыптастырылды. Бұл бастама — мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және жас, білікті…

Read More

Еліміздегі үш мегаполистің бірі — Шымкент қаласында жаңа Конституция бойынша өтетін жалпыұлттық референдумға қолдау білдіру мақсатында «Елді жаңғырту жолында біргеміз!» атты кең ауқымды акция өтті. Іс-шара «Қызғалдақ» сарайында ұйымдастырылып, мемлекеттің даму бағытын айқындайтын басты құжатты қолдауға, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға арналды. Акцияға шаһардың 1000-ға жуық тұрғыны қатысты. Олардың қатарында белсенді жастар, мәдениет пен өнер саласының өкілдері, сондай-ақ ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген спортшылар бар. Қатысушылар елді жаңғыртуға бағытталған бастамаларды қолдай отырып, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Мерекелік бағдарламаның шарықтау шегі — Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен қаланың белгілі өнерпаздарының жиналған қауыммен бірге «Ата заң бұл»…

Read More