Жаңа Конституция жобасындағы бұл норма адамның құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде орнықтырады. Мұнда басты ой айқын: мемлекет ең алдымен адам үшін қызмет етуі тиіс. Құқықтар мен бостандықтар әркімге тумысынан тиесілі және олардан ешкім айыра алмайды. Бұл – құқықтар биліктің сыйы емес, адамның табиғи болмысына тән құндылық екенін білдіреді. Сондықтан заңдар мен мемлекеттік шешімдердің барлығы осы қағидаға сай қабылдануға тиіс. Азаматтық белгілі бір құқықтармен қатар міндеттерді де жүктейді. Азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық байланыс өзара жауапкершілікке негізделеді. Сонымен бірге, заңда көзделген жағдайларда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да құқықтары қорғалады. Бұл – құқықтық теңдік пен әділдіктің көрінісі.…
Автор: aimaq_user
Қоғамның тұрақты дамуы мен ұлт болашағы ең алдымен отбасы институтының беріктігіне байланысты. Сондықтан жаңа конституциялық өзгерістерде неке, отбасы, ана, әке және бала мәселесіне ерекше мән беріліп, оларды мемлекеттік қорғаудың нақты құқықтық тетіктері айқындалды. Ата Заңның 30-бабының 1-тармағында «Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады» деп нақты көрсетілген. Бұл норма отбасы құндылықтарын қорғауды мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде бекітеді. Конституцияға сәйкес, неке – еркек пен әйелдің заңға сәйкес тіркелген ерікті әрі тең құқықты одағы. Мұндай құқықтық айқындау қоғамдағы дәстүрлі отбасы моделін сақтауға және отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қорғау нақты тетіктер арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда:…
2026 жылғы 15–22 ақпан аралығында Шымкент қаласы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық жанжалдардың жолын кесу, құқық бұзушылықтарға бейім тұлғаларды анықтап, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексеріп, қорғау нұсқамаларының сақталуын бақылауда, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуде. Өткізіліп жатқан акциялар мен іс-шаралар қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кез келген қудалау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған.
Шымкент қаласындағы Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхана ғимаратында татар халқының көрнекті ақыны Мұса Жәлелдің туғанына 120 жыл толуына арналған «Мұса Жәлел мұрасы: Ерлікке тартқан жол» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараны кітапхана ұжымы мен татар-башқұрт этномәдени бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды. Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен насихатталды. Сұрапыл соғыс жылдарында майдан даласында жүріп, фашистерге тұтқынға түскен қайсар қаламгердің тағдыры мен ерлігі туралы тағылымды деректер айтылды. Мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқып, көрермендерге рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, келушілер назарына Мұса Жәлелдің шығармашылығы мен өмірінен сыр шертетін кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана қызметкері Зәуре Мәскеуқызы ақынның «Варваризм» поэмасын әсерлі оқып, шығарма желісі…
Шымкент қаласындағы Мирас университеті базасында Жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, Ата Заңдағы жаңа нормалардың мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды. Кездесуді PhD докторы, қауымдастырылған профессор Гүлзада Шінет жүргізді. Ол өз сөзінде Конституцияда адам капиталының мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалуы қоғам дамуының жаңа кезеңін білдіретінін атап өтті. — Қазіргі кезеңде экономиканың басты ресурсы – табиғи байлық емес, білімді әрі білікті адам. Конституцияда білім мен ғылымға, кәсіби құзыреттілікке басымдық берілуі – мемлекеттің ұзақ мерзімді даму стратегиясын ұстанатынын көрсетеді, – деді ол. Жиында PhD докторы, аға оқытушы Мира Бекебаева жаңа нормалардың еңбек нарығына ықпалына…
Шымкент қаласында Жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта «Ауыл» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Әлфараби Мыңбай «Рахат-Шымкент» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында спикер қолданыстағы Конституция мен жаңартылған редакциядағы негізгі өзгерістерді салыстыра отырып, реформаның мәні мен маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Әлфараби Мыңбайдың айтуынша, Жаңа Конституцияның басты ерекшеліктерінің бірі – азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне тікелей қатысу мүмкіндігінің артуы. — Конституция – мемлекет дамуының темірқазығы. Жаңартылған Ата заң халық сұранысына берілген нақты жауап. Онда мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланыс жаңа деңгейге көтерілді. Референдум институтының рөлі артты, бұл – әр азаматтың ел болашағына ықпал ету тетігі…
Шымкент қаласында конституциялық реформа аясында «Әлеуметтік мемлекет және өмір сүру сапасының жаңа стандарттары» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Іс-шараға кәсіподақ белсенділері, салалық сарапшылар және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Жиын барысында конституциялық реформаның еңбек нарығына, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейіне және жалпы халықтың өмір сүру сапасына ықпалы жан-жақты талқыланды. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев өз баяндамасында конституциялық өзгерістердің мемлекеттік құрылымды жаңғыртудағы және әлеуметтік мемлекетті нығайтудағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Конституциялық комиссия құрамында Сатыбалды Дәулеталиннің болуы «Еңбек адамы» ұғымының мәртебесін арттырып, еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың жаңа тетіктерін қалыптастыруға ықпал етеді. – Конституциялық реформа арқылы әлеуметтік мемлекеттің іргетасын…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің құқықтық жүйесін нығайтып, мемлекеттік биліктің негізгі қағидаларын айқындауда маңызды рөл атқарады. Құжатта ҚР Құрылтайы — заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілдік органы ретінде бекітілген. Бұл норма мемлекеттік биліктің бөліну принципін одан әрі нақтылай отырып, заң шығарушы органның қоғамдағы рөлін күшейтеді. Конституцияға сәйкес, Құрылтай елдің барлық азаматтарының мүддесін қорғауға, заңдардың әділ және теңгерімді қабылдануын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа Конституцияда Құрылытай қызметі ашықтық, есептілік және заңның үстемдігі қағидаларына сүйенетіндігі айқын көрсетілген. Бұл елдегі демократиялық институттарды нығайтып, халық пен мемлекет арасындағы сенімді байланысты бекітеді. Жаңа Конституция — халық билігін заң жүзінде қамтамасыз ететін, мемлекет пен қоғамның құқықтық…
2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл бастама саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаның бір бөлігі болып табылады. Реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру жөніндегі ұсынысынан бастау алып, кең қоғамдық талқылау арқылы пысықталды. Арнайы жұмыс тобы құрылып, азаматтар e-Otinish және eGov порталдары арқылы өз ұсыныстарын жолдады. Екі мыңнан астам ұсыныс қаралып, жүйеленді. Жаңа Конституция жобасында меншік құқығы мәселесіне ерекше мән беріледі. Негізгі қағида айқын: Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады. Бұл норма экономикалық тұрақтылықтың,…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы еліміз үшін тарихи маңызды құжат болып табылады. Ол мемлекеттік билік пен егемендіктің бірден-бір иесі — Қазақстан халқы екенін айқын жариялайды. Жаңа Конституция қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді негіз қалыптастырады. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау арқылы мемлекеттің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Әрбір шешім мен мемлекеттік акт халықтың мүддесіне қызмет етуі тиіс, бұл — еліміздің демократиялық дамуының басты көрсеткіші. Конституциялық өзгерістердің маңызды ерекшелігі — халық биліктің түпкі иесі ретінде анықталуы, бұл елдегі саяси және құқықтық тұрақтылықты нығайтады. Мемлекет билігі азаматтардың сеніміне сүйеніп, олардың қатысуымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Конституцияда мемлекеттік институттардың ашықтығы, есептілігі және заң алдындағы…
