Автор: aimaq_user

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жастар туралы пікір білдірді.      «Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың қатарына қосуға талпынады. Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс», — деді Мемлекет басшысы.                                             Сонымен бірге, Президент қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатқанына тоқталды.  Мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адал адам болуға жетелейтін адал еңбек пен адал табыс табу арқылы Әділетті Қазақстан құру көзқарасын нақтылаған болса, ал қоғамдық сананы өзгерту жөніндегі бастаманы Түркістандағы Құрылтайда көтерген болатын. Ата-бабамыз ниет түзулігі жөнінде бұрыннан айтып келеді. Сол сияқты қазіргі уақытта Әділетті Қазақстанды құру тек саяси-экономикалық реформалармен шектелмейді. Мемлекет басшысы айтқандай, Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Ең бірінші, сананы сілкілеу – барымыз мен нарымызды електен өткізіп қажетін қалдыру                                                                 Еліміздің әрбір азаматы адалдық адами қасиеттің ең басты шарты екенін естен шығармауға тиіс. Адал азамат болып адал еңбек ету, адал табыс табу тек өзіміздің ерік-жігерімізге, отаншылдығымызға, адами ниет-пейілімізге,…

Read More

Түркістан – ғасырлар бойы ұлы даланың рухани жүрегі болып келді. Бүгінде бұл шаһар тарихи тереңдігін сақтай отырып, заманауи дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Шабыт пен шырайы қатар өрбіген Түркістанның бүгінгі келбеті – өткенге құрмет пен болашаққа деген сенімнің айқын көрінісі.      Түркістанның қасиеттілігі оның мыңжылдық тарихында жатыр. Қаланың қақ ортасында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – Орталық Азиядағы сәулет өнерінің теңдессіз жауһары. Бұл нысан тек діни орталық қана емес, ол – түркі халықтарының бірлігі мен мәдени тұтастығының белгісі. Кесененің айналасындағы көне қалашық орны, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі келушілерді ортағасырлық атмосфераға бөлейді. Мұнда қазақ хандары мен билерінің, батырлары мен игі жақсыларының мәңгілік тыныс тапқан…

Read More

Түркістан – тек тарихи жәдігерлердің мекені емес, ол – тірі мәдениеттің, толассыз шабыттың және жылы кездесулердің орталығы. Күздің соңғы айы қараша мен қыстың бастауы желтоқсан айларында көне шаһар ерекше кейіпке енеді. Ауа райы салқындағанымен, қаланың мәдени ошақтарындағы қызу тіршілік әрбір тұрғын мен қонақтың көңіліне жылу ұялатады. Бұл маусым Түркістанда рухани кештер мен спорттық думанның символына айналмақ.                                                                                                            Қараша және желтоқсан айларында Түркістанның театр маусымы шарықтау шегіне жетеді. Райымбек Сейтмет атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театры мен жаңадан ашылған музыкалық драма театры көрерменге әлемдік классика мен ұлттық драматургияның таңдаулы туындыларын ұсынады.                                                                                Әрбір қойылым – бұл өткен тарих пен бүгінгі заманның бетпе-бет…

Read More

Түркістан – қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің рухани темірқазығы, тарихтың сан қилы сынынан өткен қасиетті мекен. Бұл қала – өткен мен болашақтың, ескі мен жаңаның, ежелгі даналық пен заманауи дамудың тоғысқан нүктесі. Бүгінде Түркістан жай ғана тарихи шаһар емес, ол уақытпен үндесіп, сағат сайын жаңарып келе жатқан, жаһандық деңгейдегі заманауи мегаполиске айналуда.    Түркістанның тарихы – бұл ұлы өркениеттер мен мәдениеттердің шежіресі. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан бұл шаһар ғасырлар бойы сауда мен ілімнің, дін мен мәдениеттің орталығы болды. Оның әрбір тасы мен әрбір көшесінде тарихтың жаңғырығы естіледі. Қаланың басты символы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. XIV ғасырда…

Read More

Бүгін «Кітап сыйла» акциясы аясында Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Жас психолог» үйірмесінің педагогі Туранова Мухаббат Түркістан қаласындағы Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.                                                                                        Шара барысында оқушыларға кітап оқудың маңыздылығы, рухани дамуға әсері, ойлау қабілетін кеңейту және сөздік қорды байыту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған психологиялық жаттығулар орындалып, кітап арқылы өзін-өзі дамыту жолдары талқыланды. «Жас психолог» үйірмесінің ұстазы – Мұхаббат Туранованың парасаттылыққа жетелейтін сөзі, Әл-Фараби мектебінің табалдырығында білім алып жүрген оқушылардың ой-көкжиегін кеңейтуге шақырды.        Мұндай шараның маңыздылығы жас буынның бойына білім нәрін шашып қана қоймай, айналаны танып білуге, көптеген сауалдарға жауап…

Read More

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Шауғар» секторының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізіп, қаланың инфрақұрылымын және әлеуметтік ортасын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды жан-жақты таныстырды. Бұл ашық диалог тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдауға және өзекті мәселелерді жедел шешуге бағытталған қала басшылығының тиімді жұмыс форматы болып табылады.                                                      Қала әкімі тұрғындармен тікелей сөйлесіп, инфрақұрылым, инженерлік желілерді дамыту, әлеуметтік нысандарды салу және қоғамдық орта сапасын арттыру мәселелері бойынша есеп берді.                                                  Кездесуде Әзімбек Пазылбекұлы мамыр айында өткен алдыңғы жиында көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталды. Алдыңғы кездесуде «Шауғар» секторынан барлығы 23 мәселе көтерілген болатын. Оның 19-ы заң аясында толық түсіндіріліп, қалған 4 мәселе толықтай шешімін тапты.…

Read More

Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласы тағы бір ауқымды мәдени жобаның орталығына айналмақ. Ағымдағы жылдың 26–28 қараша күндері шаһардағы еңселі нысандардың бірі – Конгресс-холл ғимаратында «Turkistan Eurasian Book Fair – 2025» республикалық кітап көрме-жәрмеңкесі жалауын желбіретеді. Бұл шара – еліміздің кітап нарығындағы ең ірі әрі маңызды оқиғалардың бірі ретінде бағаланып отыр.   Көрме-жәрмеңке тек отандық қана емес, шетелдік баспа үйлерінің де басын қосады. Бұл жерде әлемдік деңгейдегі баспа өнімдері, жаңа технологиялармен әзірленген кітаптар мен эксклюзивті басылымдар көпшілік назарына ұсынылады. Шараға белгілі авторлар, әдебиеттанушылар мен баспа ісінің мамандары арнайы шақырылған. Көрменің басты ерекшелігі – оның қолжетімділігінде. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, көрмеге кіру тегін. Бұл…

Read More

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының Яссы секторы тұрғындарымен кезекті диалогы басталды. Бүгінгі халықпен көшпелі кездесулер сериясы қаланың ірі бөліктерінің бірі – Яссы секторының тұрғындарымен жалғасты. Бұл жиын қала басшылығының халықпен тікелей байланыс орнатып, жергілікті мәселелерді жедел шешуге деген ұмтылысын айқындары сөзсіз.                                                                            Кездесу барысында қала әкімі сектор аумағында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы жан-жақты баяндама жасап, тұрғындардың жаңадан түскен өтініш-ұсыныстарын мұқият тыңдады.                                      Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы бұған дейінгі Яссы секторы тұрғындарымен өткен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталды. Бұл транспаренттілік пен есеп берудің маңыздылығын айқындап қана қоймай, жалпы көтерілген 23 мәселенің бүгінгі күнг дейін 8-і дер…

Read More

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесулер сериясын жалғастырып, бұл жолы Бірлік секторының тұрғындарымен Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте жүздесті. Бұған дейін Бекзат және Сауран секторларында өткен мұндай жиындар жергілікті халықтың өзекті мәселелерін тікелей шешуге және атқарылып жатқан жұмыстарды баяндауға мүмкіндік беретінін айтып өткен жөн болар. Себебі, қала басшысының жауапкершілік пен талапшылдығы бірәз тұралап қалғас істердің түйінін шешуге мұрындық болуда.    Жиында қала әкімі сектор аумағындағы іске асырылып жатқан жобаларға тоқталып, ауыз су, кәріз, электр және газ жүйелерін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жоспарға сай орындалып жатқанын мәлімдеді.     Тарқатып айтар болсақ, Бірлік секторының инженерлік инфрақұрылымын дамытуда бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда.…

Read More