Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Кезекті кездесу «Қырғы базарында» өтіп, онда жеке кәсіпкерлерге — қоғамның ең белсенді әрі еңбекқор санаттарының біріне — тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшы Ердәулет Асанбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан жаңа тарихи даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция елдің саяси, құқықтық және қоғамдық дамуының жаңа негіздерін айқындайды. Ауқымды өзгерістер қоғам сұранысы мен уақыт талабынан туындаған заңды үдеріс болып табылады. «Жаңа Конституция – еліміздің Негізгі заңының тарихи эволюциясының заңды жалғасы және «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін үкімет»…
Автор: aimaq_user
Бүгін Шымкент қаласындағы басты рухани орталықтардың бірі – Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Конституциялық реформа және ұлттық бірегейлік» тақырыбында сараптамалық талқылау жиыны өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мәдениет және тіл саласының мамандары қатысып, жаңа Конституцияның мазмұнын жан-жақты талқылады. Кездесуді кітапхана директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Жаппарқұлова жүргізді. Ол өз сөзінде Ата Заңның идеологиялық және құндылықтық негіздеріне тоқталып, құжатта ұлттық бірлік, қоғамдық келісім және мемлекеттің зайырлы сипаты айқын көрініс тапқанын атап өтті. Тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев жаңа Конституцияның Преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде нақты айқындалғанына назар аударды. Сондай-ақ егемендік, тәуелсіздік және аумақтық тұтастықтың өзгермейтін құндылықтар…
Генерал — майор Қуанар Бекенұлы Базарбаевтың өмір жолы мен қызметтік тәжірибесі — өскелең ұрпақ пен жас мамандар үшін нағыз мектеп. Қарапайым өрт сөндірушіден бастап, елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің тізгінін ұстаған, ал бүгінгі таңда үшінші мегаполис Шымкент қаласындағы еңбек жолы — қажырлы еңбек пен кәсібилікке адалдықтың жарқын үлгісі десек артық айтқандық емес. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау органдары — ел қауіпсіздігі мен тыныштығының алғы шебінде тұрған маңызды құрылым. Осы салада табаны күректей қырық жылға жуық абыройлы қызмет атқарып келе жатқан мемлекеттік қызметкердің бірі — әскеи қызмет саласының үздігі Қуанар Бекенұлы Базарбаев. Қуанар Бекенұлының әскеи саладағы қызметімен танысы отырып, өрт ішінде шыңдалған мінез…
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері, сондай-ақ дербес бөлімдер мен салаға жауапты мекеме басшылары қатысты. Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде аудан 4 (төрт) мәселе қаралды. ”Ауыл Аманаты” бағдарламасы аясында 2023 жылы қаржыландырылған ауыл округтерінің атқарылып жатқан жұмыстары жайлы; ”Таза Қазақстан” акциясы аясында тазалық жұмыстарының барысы мен полигондардың жағдайы туралы; Аудан аумағындағы өндірістік парктің жол картасының орындалуы және ауданға инвестициялық жобалар тарту жұмыстарының барысы туралы; Әлеуметтік желілерде жарияланған сыни материалдар туралы. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен алдағы кезеңге қойылған нақты міндеттерді…
Түркістан облысында индустриялық-инновациялық даму бағытына айрықша басымдық берілуде. Өңірде заманауи өндіріс орындарын ашу, шикізатты терең өңдеу және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті Инвестициялық штаб отырысында жаңа зауыттардың іске асырылу барысы жан-жақты талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысты. Күн тәртібінде инвестиция тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және бастамашы жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асыру мәселелері қаралды. Облыс әкімі әр инвестормен жеке тілдесіп, жобалардың қазіргі жағдайын және туындаған өзекті мәселелерін тыңдады. Инфрақұрылым тарту, жер телімдерін рәсімдеу,…
Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып, табиғатты аялау қажеттігін мойындап, бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз. І бөлім Конституциялық құрылыс негіздері 1-бап Қазақстан Республикасы – демократиялық,…
Шымкент қаласында Конституциялық реформаға арналған спорт саласы өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға спорт мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар, әдіскерлер және сала мамандары қатысты. Кездесуде Ердәулет Тастанбек баяндама жасап, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталды. Ол Ата Заң жобасында адам құқықтарын қорғау, әділеттілік қағидатын бекіту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, Конституциядағы заң мен тәртіп үстемдігі, тең мүмкіндік қағидаты спорт саласына да тікелей қатысты. Әділ бәсеке, жастарды қолдау, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту – мұның барлығы құқықтық негіздің мықты болуына байланысты. Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституцияда білім мен ғылымды стратегиялық бағыт ретінде бекіту жас ұрпақты тәрбиелеуде,…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Жол-көлік колледжінде арнайы жиын өтті. Іс-шараға оқу орнының оқытушылары, магистрлер, сондай-ақ «Amanat» партиясы Абай аудандық филиалының өкілдері қатысып, Ата Заңның жаңа редакциясындағы маңызды өзгерістерге тоқталды. Жиын барысында қатысушылар Конституция жобасының еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудағы рөліне ерекше назар аударды. Колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, магистр Ақкүміс Айнақұлова жаңа редакциядағы өзгерістер мемлекеттік құрылымдардың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. – Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер еліміздің одан әрі дамуына серпін береді. Бүгінде біз жасанды интеллект дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Сондықтан өз саламызда жаңа технологияларды қолдануға,…
Шымкент қаласындағы «Алаш» базарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында жоба аясындағы негізгі өзгерістер мен басым бағыттар жан-жақты таныстырылды. Кездесуде Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Алтай Ордабеков сөз сөйлеп, жаңа Ата Заң жобасының мазмұнына тоқталды. Оның айтуынша, Конституцияда адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту көзделген. Бұл бастамалар елдегі демократиялық үдерістерді дамытуға және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар спикер жаңа редакцияда кәсіпкерлік қызметке қатысты құқықтық кепілдіктерге ерекше мән берілгенін атап өтті. Меншік құқығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз…
Шымкент қаласында автомобиль көлігі саласының қызметкерлері – автобус жүргізушілерінен бастап тасымалдаушы компаниялардың директорлары мен диспетчерлеріне дейін – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған ашық қоғамдық жиынға қатысты. Кездесу барысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістер жан-жақты қаралып, қатысушылар пікір алмасты. «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы Дархан Қаюпов реформалардың негізгі мақсаты – мемлекеттің адамға бағдарлануын күшейту екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция қоғам сұранысына сай құндылықтар мен қағидаттарды айқындап, саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған. «Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына басты басымдық берілген», – деді ол. Шымкент қаласындағы «Ауыл» партиясының өкілі Әл-Фараби Мынбай жаңа редакциядағы Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің…
