Автор: aimaq_user

Шымкент қаласының жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында, полиция департаменті жаңа технологияларды тиімді қолдануды жалғастыруда. Әкімшілік полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) арқылы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтап, оған қатысты дереу шара қолданды. Полиция жұмысының қазіргі бағыты – тек жол үстіндегі бақылаумен шектелмей, әуе кеңістігін пайдалану арқылы қала жолдарындағы жағдайды кешенді түрде бақылау. Дронды қолданудың арқасында, көз жеткізу қиын немесе алыс аудандардағы, сондай-ақ жиі апатты жағдайлар туындайтын учаскелердегі құқық бұзушылықтарды анықтау тиімділігі айтарлықтай артты. Осы жедел бақылау барысында, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, қарама-қарсы бағытқа шыққан жүргізуші анықталды. Мұндай әрекет жол-көлік оқиғаларының, әсіресе ауыр салдарлы…

Read More

Қазақстан полициясының тарихындағы жарқын беттердің бірі – Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың өшпес ерлігі. Бұл батырлыққа арналған «Капитан Байтасов» фильмінің көрсетілімі Шымкент қаласында өтіп, оны Шымкент қаласы полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жеке құрамы арнайы тамашалады. Бұл іс-шара тек мәдени шара ғана емес, сонымен бірге жас полицейлердің рухын көтеретін және отансүйгіштікке тәрбиелейтін маңызы зор отандық фильм болды. Фильмнің сюжетіне тоқталар болсақ, 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында болған қайғылы, әрі қаһармандық оқиғаға негізделген. Сол күні террористік қауіп төнген сәтте полиция капитаны Ғазиз Байтасов еш ойланбастан, өз өмірін қатерге тігіп, кәсіби борышын соңына дейін орындады. Оның осы ерлігінің арқасында…

Read More

Шымкент қаласының полиция департаменті кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды түнгі қадағалаусыз қалудан сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жалпықалалық түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл ауқымды шара қаланың барлық бес ауданын қамтып, жастар арасындағы тәртіпті күшейтуге бағытталды. Түнгі уақытта өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері барлық 5 ауданды мұқият тексерді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, заңмен белгіленген уақыттан кейін, яғни түнгі мезгілде, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-анасынсыз ойын-сауық мекемелерінде, сауда орталықтары мен көшелерде жүргені анықталды. Анықталған жасөспірімдердің әрқайсысына және олардың ата-аналарына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті хаттамалар толтырылды. Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта заңды…

Read More

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ауқымды «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Іс-шараға барлық салалық ведомстволардың бірінші басшылары, адвокаттар, заңгерлер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Акция үлкен қоғамдық қызығушылық тудырды — шара барысында 1000-нан астам қала тұрғыны отбасылық, еңбек, жер, азаматтық және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша білікті заңгерлік кеңес алды. Азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі және тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері түсіндірілді. Қала прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде атап өтті: «Ежелгі грек философы Платон айтқандай: «Күшті мемлекет – қорғалған азаматтан басталады!» Сондықтан бүгін осында барлық…

Read More

Шымкент қаласының Орталық саябағында полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен түсірілген «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» атты анимациялық фильмнің алғашқы бөлімі көпшілік назарына ұсынылды. Премьера ашық аспан астында, үлкен LED-экранда көрсетіліп, шараға 500-ден астам бала қатысты. Жоба өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған. Мультфильм балаларға заңның, әділдіктің және қоғамдық тәртіптің маңызын қызықты әрі түсінікті түрде жеткізуді мақсат етеді. Анимациялық туындының басты кейіпкері – Барыс, Қазақстанның тәуелсіздігі мен күш-қуатын бейнелейтін кейіпкер. Ол балаларға адалдық, құрмет және ережелерді сақтау сынды қасиеттердің маңызын үйретеді. Премьера аясында балалар үшін…

Read More

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өтті. Іс-шараға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері қатысты. Форумға Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да беделді оқу орындарының басшылары қатысты. «Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш» Өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылымның адамзат дамуы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. – Бұл форум – жаһандық білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен даму…

Read More

🔹Бүгін Шымкент қаласында этнос өкілдерінің балалары арасында қазақ тілін ілгерілетуге бағытталған республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 🔹Бұл игі бастама жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруды, қазақ тілін жетік меңгерген дарынды балаларды анықтауды және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды мақсат етеді. 🔹Жоба аясында қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін бейнеролик және эссе форматында көрсетті. Биыл байқауға еліміздің жеті аймағынан жүзге жуық өтінім қабылданып, қатысушылардың еңбегін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады. 🔹Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Иманалы Байдаулетов, қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, сондай-ақ Ассамблея жастары қатысты.…

Read More

Әдетте біз журналистік креслода отырып, қылмыс хроникасымен қатар басқа да ақпараттарды жариялаймыз. Осылай келе жатқаныма 27 жылға жуықтапты. Бірақ бұл жолы мен, «Пагонды журналист» ретінде, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының офицерлерімен бір күн өткізіп, олардың «ақ ажалға» қарсы күресінің ішкі асханасын көрдім. Ең алдымен полиция формасын киген сәттен-ақ бойымды жинап, жауапкершілікті меңгерумен қатар, бұл тек кәсіби борыш қана емес, адамгершілік қасиет пен азаматтық ұстанымды талап ететінін ұқтым. Полиция қызметкерінің сыртқы келбетіне сай, сөйлеу мәнерім мен өзімді ұстай білу- полиция беделінің айнасын көрсететінін бірден сезіндім. Себебі, полиция формасының құдіреті – бұл иыққа артылған үлкен жауапкершілік жүгі. Бұл тек…

Read More

31 қазан күні Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы өтеді! Аталған акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады. Акция 31 қазан күні сағат 17:00-де «Көрме» орталығында өтеді. Мемлекеттік органдар, үздік заңгерлер мен адвокаттар азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз. Мекен жайы: Н.Назарбаев даңғылы, №12 ғимарат. Іс-шараның ұйымдастырушылары: Шымкент қаласының прокуратурасы, Әділет департаменті, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.…

Read More

Республика күні мерекесі аясында үшінші мегаполисте қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауқымды мәдени, спорттық және рухани іс-шаралар ұйымдастырылды. Шымкент аспанын түрлі түстерге бояған «Батпырауықтар фестивалі» мерекенің басты сәніне айналды. Қала әкімдігі ұйымдастырған фестивальдің мақсаты — отбасылық демалыс мәдениетін дамыту, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және ашық аспан астында белсенді демалысты насихаттау болды. Қаланың орталық саябақтарында өткен шарада түрлі пішіндегі және түстердегі батпырауықтар аспанмен тілдесіп, тұрғындарға ерекше әсер сыйлады. Балалар мен ата-аналар бірге батпырауық ұшырып, ұмытылмас сәттерге куә болды. Фестиваль аясында батпырауық ұшыру жарыстары, балаларға арналған шеберлік сабақтары, сабын көпіршіктер шоуы мен анимациялық қойылымдар ұйымдастырылды. Сондай-ақ диджейлер мен бишілердің қатысуымен өткен концерттік…

Read More