Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында Преамбула мазмұны түбегейлі жаңартылып, мемлекеттіліктің тарихи негіздері мен ел дамуының стратегиялық бағыты айқындалды. Кіріспе бөлімде ұлттық тарихқа құрмет көрсетіле отырып, қазіргі қоғам үшін маңызды қағидаттар мен болашаққа бағытталған басымдықтар жүйеленген. Жаңартылған Преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі құндылығы әрі басты басымдығы ретінде белгіленді. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың өзегін айқындайды. Сонымен бірге қоғамдық тұрақтылықтың негізі саналатын бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттіліктің берік іргетасы ретінде бекітілді. Соңғы жылдары қоғамдық сананың маңызды құрамдас бөлігіне айналған әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатты аялау сияқты ұстанымдар да Конституция…
Автор: aimaq_user
Қазақстанда цифрлық кеңістіктегі азаматтардың құқықтарын қорғау конституциялық деңгейде алғаш рет заң жүзінде бекітілді. Негізгі заңға енгізілген бұл норма азаматтардың цифрлық ортадағы жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарының сақталуына бағытталған. Сонымен қатар, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында ұстау кезінде «Миранда ережесі» енгізіліп, азаматты бір құқықбұзушылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке қайта тартуға тыйым салынды. Бұдан бөлек, некені ер мен әйелдің одағы ретінде заңды түрде тану арқылы әйелдердің құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілді. Бұл өзгерістер құқықтық мемлекеттің қағидаттарын нығайтып, азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін жаңа цифрлық талаптарға сай қорғауға мүмкіндік береді.
Жаңартылған Конституцияда биліктің бірден-бір бастауы – Қазақстан халқы екені нақты бекітіліп, азаматтардың ел басқару ісіне тікелей қатысу мүмкіндіктері кеңейтіледі. Осы мақсатта халықтың пікірін ескеруге және қоғамдық диалогты нығайтуға бағытталған жаңа институттар мен тетіктер қалыптастырылады. Соның бірі – Қазақстанның Халық Кеңесі, ол азаматтар атынан заңнамалық бастамалар көтеруге мүмкіндік беретін тиімді диалог алаңы ретінде құрылып, қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты күшейтуді көздейді. Сонымен қатар Құрылтай институтының рөлі айқындалып, 145 депутаттан тұратын бірпалаталы Парламенттің тиімді жұмыс істеуіне негіз қаланады. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын күшейту арқылы демократиялық қағидаттарды одан әрі нығайтуға бағытталған.
Жаңартылған Конституция мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құндылықтарды жаңа мазмұнмен толықтырып, қоғамдық өмірдің барлық саласына ортақ әділдік, заң және тәртіп қағидаттарын алғаш рет конституциялық деңгейде бекітеді. Бұл нормалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау конституциялық принцип ретінде белгіленіп, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде айқындалады. Қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау да негізгі құндылықтардың қатарына еніп, азаматтық татулық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің маңызды шарты ретінде қарастырылады. Конституциялық реформалар жобасы Негізгі заң мәтінінің 84…
Жаңартылған Конституция Қазақстанның стратегиялық дамуының жаңа бағытын айқындап, білім, ғылым және инновацияны мемлекеттің басты басымдығы ретінде бекітеді. Елдің тұрақты өсімі мен бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарға ғана емес, азаматтардың біліміне, кәсіби біліктілігіне және зияткерлік әлеуетіне тікелей байланысты екені нақты көрсетіледі. Осы орайда адам капиталы ұлттық дамудың негізгі тірегіне айналып, әр азаматтың мүмкіндігін толық іске асыруына жағдай жасау көзделеді. Сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, өнертабыстар мен ғылыми жетістіктерді қолдауға бағытталған құқықтық негіздер нығайтылады. Цифрландыру мен инновациялық даму мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде белгіленіп, басқару тиімділігін арттыруға, экономиканы жаңғыртуға және қоғамның ашықтығын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Осылайша жаңа Конституция білімге,…
Бүгін Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиевтің қатысуымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз брифингі өтті. Брифинг барысында өткен жылдың қорытындысы мен 2026 жылға арналған негізгі жоспарлар баяндалды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан экономикасы оң көрсеткіштерге қол жеткізді. Кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Негізгі көрсеткіштердің бірі – жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылдың қорытындысымен 418,7 млрд теңгеге жетіп, өсім 31,2 пайызды құрады. 2026 жылы жалпы өңірлік өнім көлемін 48,5 млрд теңгеге арттырып, 467,0 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Өздеріңізге мәлім, Сайрам ауданы – ауыл шаруашылығы өркендеген аграрлы өңірлердің бірі. 2025 жылы аталған салада 158,3…
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек «Мирас» университетінде болып, Жаңа Конституция жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында студент жастармен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары қолданыстағы Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезеңінде елдегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заң осы уақытқа дейін өзіне жүктелген тарихи миссияны толық орындады. Қазіргі кезеңде қоғам мен мемлекеттің даму талаптарына сай, мемлекеттілікті одан әрі нығайтып, заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Сәрсен Құранбек Жаңа Конституция жобасында ұлттық мүдде мен ұлттық ерекшеліктерге айрықша мән берілгенін жеткізді. Сонымен…
Шымкент қаласында Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған ашық диалог алаңы өтті. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев ашып, Жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, ел тағдырына тікелей әсер ететін мұндай тарихи кезеңде әрбір азамат байыппен ой түйіп, қоғамдық тұрақтылық пен ауызбіршілікті бәрінен жоғары қоюы қажет. – Конституция жобасын талқылау барысында эмоцияға берілмей, сабырмен пікір білдірген жөн. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық берілгені анық көрінеді. Ең маңыздысы – әрбір азаматқа өз ойын ашық айтуға мүмкіндік жасалып отыр. Бұл…
Бүгін Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Баспаналар Асар-2 және Тұран-2 шағынаудандарынан берілді. Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Шара барысында 25 отбасы жаңа пәтерлеріне ие болды. Қала әкімі қоныс той иелерін құттықтап, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету қаладағы әлеуметтік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Табыс етілген пәтерлер ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға арналған. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ…
2026 жылғы Конституциялық реформа аясында азаматтардың құқықтары жаңа қоғамдық және технологиялық өзгерістерге сай жаңаша деңгейде қорғалуда. Жаңа Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау туралы нақты норма бекітілді. Бұл – заманауи технологиялардың дамуы жағдайында жеке өмірдің қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Цифрлық кеңістікте дербес деректердің қауіпсіздігі, ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау және азаматтардың құқықтық мүддесін сақтау – мемлекеттің басты міндеттерінің біріне айналып отыр. Осы бағытта Конституцияда құқықтық кепілдіктер күшейтіліп, цифрлық ортадағы әділеттілік қағидаты орнықтырылды. Сонымен қатар, реформа құқықтық қорғау тетіктерін де нақтылай түсті. Ұстау кезінде «Миранда ережесінің» енгізілуі азаматтардың өз құқықтарын білуі мен қорғауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ адамды…
