Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Орталық Азия Инновациялық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кездесу өткізді. Басқосуға оқу орнының оқытушылары мен жастары қатысып, «Жаңа Конституция жобасы: бүгінгі өзгеріс – ертеңгі даму» тақырыбы аясында мазмұнды баяндамалар жасалды. Кездесу барысында Конституциялық реформаның елдің саяси жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді. Сәрсен Құранбек қолданыстағы Конституция Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде қабылданып, мемлекетті орнықтыруда тарихи миссиясын орындағанын айтты. Сонымен қатар, қазіргі таңда геосаяси ахуалдың өзгеруі, халықаралық қатынастардың күрделенуі, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, сондай-ақ…
Автор: aimaq_user
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, құжаттың негізгі басым бағыттарына кеңінен тоқталды. Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары ұсынылып отырған жаңа Ата заң жобасында адам капиталы, білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалғанын атап өтті. Бұл бағыттар елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, жастардың әлеуетін толық іске асыруға және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға негіз болатынын жеткізді. Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасының Преамбуласына ерекше мән беріліп, онда Қазақстанның тарихи жолы, тәуелсіздік құндылықтары мен ұлттық бірегейлігі көрініс тапқаны айтылды. Жиын барысында…
Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі іс-шаралар жалғасуда. Аталған бағдарлама шеңберінде бүгін Шымкент қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында, жастар арасында және қала аумағында ауқымды тазалық және ағартушылық шаралары ұйымдастырылды. Мектептегі экологиялық тәрбие Шымкент қаласындағы №137 мектепте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мазмұнды іс-шара өтті. Бастауыш және 5–9 сынып оқушылары пікірсайыс форматында табиғатты қорғау, қағазды қайта өңдеу, химиялық заттардың пайдасы мен зияны туралы ой бөлісті. Мектеп директоры Эльмира Қантаеваның айтуынша, оқу орнында экологиялық тәрбие беру жүйелі түрде жүргізіледі. Тәрбие сағаттары, ашық сабақтар мен тақырыптық кездесулер тұрақты ұйымдастырылып, оқушылар…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында Исламабадта бірнеше мәдени-білім беру орталықтары мен «Достық» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шаралар екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтып, мәдени, білім және спорт салалары бойынша жаңа мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталған. Әл-Фараби мәдени-білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Каид-и-Азам» университеті арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ашылып, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен, заманауи компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілді. Орталықта қазақ тілі курстары ұйымдастырылмақ. Қаныш Сәтпаев орталығы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Пәкістан ұлттық ғылым және технология университеті арасындағы ғылым, білім және технология саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған. Қожа Ахмет Ясауи орталығы…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы мемлекетаралық қатынастарды сапалық жаңа деңгейге көтеретін маңызды саяси шешім ретінде бағаланады. Бірлескен декларация Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты институционалдық тұрғыда бекітіп, өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындайды. Атап айтқанда, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және гуманитарлық ықпалдастықты дамыту стратегиялық серіктестіктің негізгі өзегіне айналады. Сонымен қатар құжат өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара түсіністік пен үйлесімді ұстаным қалыптастыруға бағытталған. Бұл Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық аренадағы…
Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Ата Заңның жаңа жобасы ұсынылды. Жаңа Конституция жобасы елдегі құқықтық жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып отыр. ҚР Ата Заңы жобасының негізгі жаңалықтарының бірі – жаңа Кіріспеде адам құқықтары мен бостандықтарының алғаш рет мемлекеттің басты басымдығы ретінде жариялануы. Бұл норма мемлекет қызметінің түпкі мақсаты адам мен оның өмірі, құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету екенін айқындайды. Аталған өзгеріс Қазақстанның құқықтық мемлекет ретіндегі қағидаттарын нығайтып, адам құндылығын мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыруға бағытталған. Конституциялық деңгейде адам құқықтарына басымдық берілуі мемлекеттік органдардың қызметіне, заңнамалық және атқарушылық шешімдерге тікелей әсер ететін…
Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Ата Заңның жаңа жобасы әзірленді. Бұл жоба елдің саяси-құқықтық жүйесін одан әрі нығайтуға, мемлекеттің іргелі қағидаттарын сақтауға және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа Конституция жобасының басты жаңалықтарының бірі – Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігі, унитарлық сипаты және аумақтық тұтастығы өзгермейтін, мызғымас құндылықтар санатына енгізілуі. Бұл қағидаттар мемлекет дамуының негізі ретінде заң жүзінде нақты бекітіліп, кез келген конституциялық өзгерістерден тыс қалатын басты ұлттық құндылықтар ретінде айқындалды. Аталған бастама Қазақстанның мемлекеттілігі мен бірлігін нығайтуға, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғауға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық қадам болып табылады. Конституциялық реформа ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге,…
2026 жылғы конституциялық реформа елдің құқықтық және саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам болып табылады. Реформа аясындағы барлық отырыстардың тікелей эфирде қолжетімді болуы мемлекеттік шешім қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, қоғамның белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Бұл тәсіл билік пен халық арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған. Жаңа Конституцияның негізгі өзегі – адамға бағдарлану және елдің орнықты дамуы. Құжатта азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оның әлеуетін толық іске асыруға жағдай жасау басты басымдық ретінде айқындалған. Мемлекет қызметінің түпкі мақсаты – адамның әл-ауқатын арттыру және өмір сапасын жақсарту. Сонымен қатар, Жаңа Конституцияда халықтың тарихи және мәдени құндылықтары көрініс табады. Бұл ұлттық болмысты сақтауға, қоғамдық келісім…
2026 жылы жүзеге асырылатын конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – мемлекеттің емес, адамның мүддесін алдыңғы орынға қою. Бұл қағида «мемлекет адам үшін» деген түбегейлі философиялық ұстанымға негізделеді. Жаңа нұсқада адам құқықтары кеңейтіліп, олардың нақты өмірде іске асуына басымдық беріледі. Атап айтқанда, абсолютті өмір сүру құқығы, «Миранда ережесі», цифрлық жеке өмірге қол сұқпаушылық секілді заманауи құқықтық кепілдіктер енгізіледі. Бұл өзгерістер азаматтардың еркіндігі мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Реформа азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуын жаңа деңгейге көтереді. Тек сайлау арқылы ғана емес, тұрақты диалог, халық кеңестері және кері байланыс тетіктері арқылы халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуы қамтамасыз етіледі.…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Кеңеске құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиын барысында қатысушылар қаладағы қазіргі криминогендік ахуалды, қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігін, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қарады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Арман Бейсенбаев, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің қалалық департаментінің басшысы Өркен Сейітов және қала прокурорының орынбасары Рашид Әміров баяндама жасады. Отырыс барысында қала әкімі құқық бұзушылықтардың алдын алу мемлекеттік органдар…
