Бүгін Шаға ауылдық округінде ауылдық округ әкімін сайлау науқаны басталды. Сайлау үдерісі Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес өтуде. Шаға ауылдық округінің жалпы халық саны — 11 447 адамды құрайды. Округ құрамына 3 елді мекен кіреді: Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, Шаға ауылы және Бершін төбе ауылы.
Сайлауды өткізу үшін округ аумағында 4 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Олар: №88, №89, №90 және №95 сайлау учаскелері. Учаскелерде сайлау процесінің заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету мақсатында 30 сайлау комиссиясының мүшесі қызмет атқаруда.
Аталған округ бойынша сайлаушылардың жалпы саны — 5429 адам. Таңғы уақыттан бастап сайлау учаскелері өз жұмысын бастап, тұрғындар азаматтық белсенділік танытып, дауыс беру процесіне қатысуда.
Сайлау учаскелерінде барлық қажетті жағдайлар жасалып, тұрғындардың еркін әрі ашық түрде дауыс беруіне мүмкіндік берілген. Сайлау барысы заң талаптарына сай бақылауда. Шаға ауылдық округінің тұрғындары бүгін өз таңдауларын жасап, округтің болашақ дамуына үлес қосуда.

