Автор: aimaq_user

Кентау қаласының әкімі Жандос Қалмырзаұлы Тасов белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды уақтылы өткізіп келеді. Бұл тек әкімшілік рәсім ғана емес, сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аймақтық деңгейдегі практикалық және идеялық көрінісі. Ашық диалог – қазіргі қазақстандық саяси жүйенің тірегі, ол билік пен халық арасындағы құқықтық және әлеуметтік келісімнің алтын көпірін орнатады. Жеке қабылдаудың басты маңыздылығы – биліктің оқшаулануын жойып, аудандық басқаруды азаматтардың нақты мәселелерімен тығыз байланыстыру. Әкімшілік аппарат тек жоғарыдан түскен нұсқауларды орындаушы ғана емес, сонымен бірге халықтың тікелей әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін шешуге ықпал етуші билік ретінде танылады. Тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, алға…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы сөйлеген сөзінде: «Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар. Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез келген қоғамның қос тұғыры. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.   Биылдан бастап елімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Бұл бағдарламаны барлық мектеп, соның ішінде жекеменшік мектептер де қолданады. Ұлттық білім саласындағы тәрбие жұмысында біртұтас жүйе болуы керек. Жас…

Read More

Осы жылдың 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске қосылды. Соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген.    Осы бағдарлама аясында, Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 5-ші желтоқсан күні білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бағытын басымдыққа алып, жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі,…

Read More

Осыдан тура 34 жыл бұрын Жоғарғы кеңестің төралқасы «Қазақ КСР прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылдады. Сол кезден бастап қызметтік борышқа адалдық, мінсіз адамгершілік қасиеттер прокурорлық корпусқа жаңа сыни тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді іске асыруда елеулі үлес қосуына мүмкіндік беріп келеді.   Тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдары сындарлы сопақты басып өтіп, қалыптасудың үлкен даңғыл жолына түсе білді. Ведомствоның беделі және оның әлеуметтік маңыздылығы бірнеше есе артты. Президент қойған жауапты міндеттерді орындай отырып, республика прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді тірегіне айналды. Ведомство басшысы Берік Асылов азаматтардың құқықтары мен…

Read More

Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаның Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестікті нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті. – Екіжақты ынтымақтастықтың ауқымы жылдан жылға кеңейіп келеді. Бұл қос тарапқа да пайдасын тигізе отырып, ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге жол ашты. Биыл Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің қабылданғанына 10 жыл толды. Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастың өзегіне айналған бұл маңызды құжат сындарлы әрі болашаққа бағдарланған байланысты бекіте түседі. Президент Кошта мырза, өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге белсене атсалыстыңыз. Сіз – Қазақстанның сенімді досы және әлемдік деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткерісіз. Сіздің парасатты басшылығыңыз бен берік ұстанымыңыз, сындарлы диалог жүргізуге ниет танытуыңыз Еуропадағы…

Read More

Сонымен қатар Қазақстан мен Еуропа арасындағы ықпалдастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Еуроодақтың елімізбен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады. – Соңғы 10 жылда Еуропа Одағы Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне және шетелдік инвесторына айналды. Өз кезегінде Қазақстан Еуропаға мұнай мен уран жеткізуші елдердің үштігіне кіретін ел ретінде экономикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Бүгін біз қарым-қатынасымызды нығайтудың және экономикалық байланыстарды дамытудың жаңа кезеңіне қадам басамыз, – деді Еуропалық Кеңес Президенті. Мәртебелі мейманның айтуынша, Еуропа Одағы мен Қазақстан БҰҰ Жарғысында бекітілген мультилатерализм мен халықаралық тәртіп құндылықтарына арқа сүйейтін бейбітшілік ұстанымын жақтайды. Еуропалық Кеңес басшысы әлемдегі қауіпсіздікті,…

Read More

Былтыр екіжақты тауар айналымы шамамен 50 миллиард долларға жетті. Ал 2005 жылдан бері елімізге келген инвестицияның жалпы көлемі 200 миллиард долларға жуықтады. Еуропа Одағының Орталық Азиямен сауда-саттығының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі. Президент энергетика, көлік, цифрландыру және өнеркәсіп салаларында қызмет ететін 4 мыңнан астам еуропалық компанияның экономикамызға қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның еуропалық бизнеске тұрақты әрі ашық инвестициялық климатты қамтамасыз етуге бейіл екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша назар аударып, Еуропа Одағының білім беру бағдарламаларына ризашылығын білдірді. Оның аясында 5 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы Еуроодақ елдерінде білімін жетілдіріп, тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды. Мемлекет басшысы визалық режимді…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Антониу Коштамен кездесу өткізді. Қазақстан Президенті Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толуымен тұспа-тұс келген бұл сапардың символдық мәнге ие екеніне тоқталды. Еліміз – Еуропа Одағымен осындай тарихи келісім жасаған өңірдегі тұңғыш мемлекет. – Сіздің сапарыңызға ерекше мән береміз. Бұл Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қос тараптың да дайын екенін көрсетеді. Біз өзара құрмет пен түсіністікке негізделген берік әрі мазмұнды серіктестікті қолдаймыз. Өзара саяси диалогымыз ортақ мүддемізге сәйкес келетін көптеген бағыт бойынша қарқынды дамып келеді. Осы орайда бірнеше күн бұрын Брюссельде…

Read More

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына он жыл өте біздің қарым-қатынасымыз кең және серпінді серіктестікке айналды. Бұл серіктестік саяси диалогты, қауіпсіздік пен экономикалық даму саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты дипломатияны, өзара байланыстылық пен инновацияларды қамтиды. Геосаяси шиеленіс пен жаһандық белгісіздікпен ерекшеленетін дәуірде, Қазақстан ЕО үшін тұрақты, сындарлы және перспективалы серіктес болып қала береді. Көпжақты деңгейде біз БҰҰ Жарғысының қағидаттарын сақтау, бейбіт шешімдерді ілгерілету, ережелер мен ынтымақтастыққа, сондай-ақ елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге негізделген халықаралық жүйені нығайту мақсатында тығыз ынтымақтастықтамыз. Қазақстанның дипломатиялық іс-әрекеті – қақтығыстардың алдын алудан бастап жаһандық форумдарға қатысуға дейін – ЕО-тың…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында инвестиция тартуды күшейту қажет екенін айтып, арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.   «Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр», – деді Мемлекет басшысы.  Шикізат саласына құйылып жатқан қаржы қомақты екенін атап өткен мемлекет басшысы қазір үкіметтің басты мақсаты басқа – өңдеу салаларына қаржы тарту екенін атап өтті. «Сондықтан Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзбен қарауы керек. Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ мемлекеттік инвестиция мен жеке бизнестің ірі бастамаларына…

Read More