Бүгін Шымкентте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мәдениет және өнер университетін құру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мегаполиске жұмыс сапары барысында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігіне берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылмақ.
Кеңес жұмысына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, мердігер ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің басшылығы қатысты.
Жиын барысында Аида Балаева қатысушылардың ауқымды жобаны іске асыру барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады.
Жаңа жоғары оқу орны М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Мәдениет және өнер факультетінің базасында құрылады. Жоспарға сәйкес оқу орнында 6 факультет, 17 кафедра және бакалавриат, магистратура мен докторантура бойынша 46 білім беру бағдарламасы жұмыс істейтін болады.
Негізгі басымдық кино және телевидение, анимация, медиа-менеджмент, цифрлық дизайн, сценография және өзге де бағыттар бойынша техникалық кадрлар даярлауға беріледі.
Сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет цирк өнері саласы бойынша жоғары білімді мамандар даярлау жоспарланып отыр. Сондай-ақ реставраторлар даярлау да жаңа бағыттардың бірі болмақ.
Кездесуде Шымкент қаласында жаңа Опера және балет театрын салу мәселесі де қаралды. Бұл нысан бойынша қала әкімдігі жалпы аумағы 2,8 гектарды құрайтын жер учаскесін белгілеп қойған. Жобаға сәйкес театрдың көрермен залы 1500 орынға лайықталып салынады.
Қазіргі уақытта қалада 1984 жылы салынған, 330 көрерменге арналған Опера және балет театры жұмыс істеп тұр.
Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
Сегодня в Шымкенте под председательством заместителя Премьер-министра – Министра культуры и информации РК Аиды Балаевой прошло совещание по вопросам создания Университета культуры и искусства. Проект будет реализован по поручению Президента Касым-Жомарта Токаева, данного Министерству культуры и информации РК и акимату Шымкента в ходе рабочей поездки в мегаполис.
В работе приняли участие аким Шымкента Габит Сыздыкбеков, представители МКИ РК, местных исполнительных органов, подрядных организаций, а также Южно-Казахстанского исследовательского университета имени М. Ауэзова.
На совещании Аида Балаева заслушала доклады участников о ходе реализации масштабного проекта.
Так, новый вуз будет создан на базе факультета культуры и искусства ЮКИУ им. М. Ауэзова. Планируется, что в учебном заведении будут действовать 6 факультетов, 17 кафедр и 46 образовательных программ бакалавриата, магистратуры и докторантуры.
Основной акцент будет сделан на подготовку технических кадров в сфере кино и телевидения, анимации, медиа-менеджмента, цифрового дизайна, сценографии и др.
Кроме того, впервые в Казахстане планируется выпуск специалистов с высшим образованием в сфере циркового искусства. Также новым направлением станет подготовка реставраторов.
В рамках встречи был рассмотрен вопрос строительства нового театра оперы и балета в Шымкенте. По данному объекту акиматом города уже определен земельный участок общей площадью 2,8 га. Проектом предусмотрен зрительный зал на 1500 мест.
В настоящее время в городе функционирует Театр оперы и балета в здании 1984 года постройки, рассчитанный на 330 посадочных мест.

