Түркістан – тек тарихи жәдігерлердің мекені ғана емес, ол – дарынды жастар мен қайсар рухты спортшылардың орталығы. Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы әлемдік ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды желбіретіп жүрген спорт саңлақтарын арнайы қабылдады. Кездесудге келген қос азамат – кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет пен белгілі марафоншы Ғани Темірәліұлы болды. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы спортшылармен жүздесу барысында спорттың әлеуметтік маңызына тоқталды. Әкімнің айтуынша, спорт – тек физикалық жетістік емес, бұл қоғамды біріктіретін, жас буынға үлгі болатын және патриоттық сезімді оятатын құдіретті күш. Спорт – ұлттық мақтаныш пен бірлік көзі «Түркістанның атын әлемдік деңгейде танытып жүрген сіздердей азаматтарға қолдау…
Автор: aimaq_user
Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласы кезекті рет ірі спорттық доданың орталығына айналды. «Сүйіліш батыр» спорт клубының ұйымдастыруымен таеквондодан Сүйіліш батырды еске алуға арналған VII ашық республикалық турнир жоғары деңгейде жалауын желбіретті. Биылғы жарыс қатысушылар санының көптігімен және бәсекелестіктің жоғарылығымен ерекшеленді. Салтанатты шараның ашылу рәсіміне өңірдің спорт саласының басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Батырханұлы, Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы және Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы сөз сөйлеп, спортшыларға ақ тілектерін білдірді. Қонақтар өз сөздерінде Түркістандағы спорттық инфрақұрылымның дамуы…
Түркі әлемінің рухани орталығы — Түркістан қаласында өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауқымды акция ұйымдастырылды. Бұл шара қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Түркістан қаласы әкімдігі мен құзырлы органдардың қолдауымен өткен бұл акция бірнеше стратегиялық бағытты қамтыды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат — жастар арасындағы зиянды әдеттерден арылу, құқық бұзушылықтың алдын алу және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін насихаттау. Қазіргі таңдағы басты мәселе, құқықтық сауаттылық – әрбір азаматтың өз құқықтарын қорғауы мен міндеттерін орындауы үшін қажет маңызды құрал. Біздің қоғамда жастардың құқықтық білімін жетілдіру…
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен қауіпсіздігі – қоғам алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда, Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ерекше іс-шара өтті. «Түркістан» телеарнасының арнайы тапсырысымен дайындалған, тәрбиелік мәні зор мультфильм оқушылар назарына ұсынылды. Шындығында, өмір бір адамның айтуымен, дәлелдеуімен қайта құрылып, жүйелене салатын оңай шаруа емес. Ол бір математикалық тепе -теңдіктерді сақтай отырып, бірнеше түрлендірулерді қажет ететін қоғамдық қозғалыс. Мектепте әрбір мұғалімнің жүріс- тұрысы, іс- әрекеті мен сөйлеу мәнері, сабақ беруі, киімі тәрбиелік үлгіде болу керек екені белгілі.Солай жасалып та келе жатыр, бірақ …бір сәт балаларға мультфильм көрсетіп, онда да бүгінгі уақыттың еншісінде…
«Бірінші байлық – денсаулық» деп бабаларымыз айтқандай, дені сау халық – қуатты мемлекеттің негізі. Бүгінгі қарбалас уақытта адам баласына ең керегі – салауатты өмір салты мен белсенді қозғалыс. Осы орайда, Түркістан қаласында тұрғындардың денсаулығын нығайту мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған ерекше шара бастау алғалы тұр. 26 қараша күні сағат 8:00-де Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда «Таңғы жаттығулар көпкүндігі» салтанатты түрде ашылады. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, таңертеңгілік жасалған жеңіл жаттығулар адамның күні бойы сергек жүруіне, ойлау қабілетінің артуына және иммунитеттің нығаюына тікелей әсер етеді. Таңғы таза ауадағы қозғалыс қан айналымын жақсартып, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын реттейді. «Жеңіл қимыл — тың көңіл, мықты денсаулық!»…
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасыратыны жоқ, бүгінгі күннің өзектілігіне айналып отырған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Құқық қорғау органының негізгі қызметі — кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әректтер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім –тәрбие беру. Сондықтан Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті- заң талаптарын сақтау, өзге адамдардың құқығын бұзбау, өзіне жүктелген міндеттерін жете біліп орындау болып табылады. Заңды білмеу, оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайтынын…
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала прокуроры Қаукен Бахытбайұлы, полиция басқармасының басшысы Жасұлан Қаржаубайұлы және дербес бөлім басшылары қатысты. Мәжіліс барысында қаланың тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін инфрақұрылым, қоғамдық тұрақтылық, мәдениет және спорт салаларындағы өзекті мәселелер мен атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Жиынның басында қала басшысы шаһардағы жарықтандыру мәселесі мен қараусыз қалған нысандардың жай-күйіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, бірқатар тұйық көшелерде жарықшамдардың жетіспеушілігі мен иесіз қалған ғимараттардың қауіпсіздікке төндіретін қатері талқыланды. Әзімбек Пазылбекұлы бұл бағытта әзірленген зерделеу жұмыстарының нәтижесін саралай келе, арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Құзырлы…
Түркістан қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залында білім мен өнердің, ұлттық құндылықтар мен заманауи педагогиканың тоғысқан сәті – «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ұлттық құндылықтар мен заманауи әдіс-тәсілдерді ұштастыру» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Бұл ауқымды шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының бай мәдени мұрасын, ұлттық рухты насихаттау және осы үдерісте білім берудің заманауи әдістерін интерактивті тақта, цифрлық ресурстар, жобалық оқыту арқылы кеңінен талқылау. Апталық қазақ тілінің тек оқу пәні ғана емес, ұлттың жаны, рухани қазынасы екенін насихаттауға бағытталған. Ашылу салтанаты ерекше патриоттық…
Түркістан – жай ғана географиялық нүкте емес, бұл – ұлттық рухтың бесігі, түркі әлемінің темірқазығы және ғасырлар бойы үзілмеген тарихи сабақтастықтың символы. Оның әрбір көшесі өткен күннің сырын шертіп, әрбір ауласы ертеңгі күнге деген үміт пен сенімнің сәулесін шашып тұрғандай. Бұл шаһар – көне мен жаңаның, байырғы дәстүр мен заманауи инновацияның алтын көпірі. Түркістанның тарихы – бұл біздің бабаларымыздың арман-тілегі мен күрес жолының шежіресі. Қаланың жүрегі саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – тек сәулет өнерінің жауһары ғана емес, ол – бүкіл түркі жұртын бірлікке, имандылыққа және парасаттылыққа шақырған рухани орталық. Кесененің көгілдір күмбездері мен қыш қабырғаларындағы көне жазулар Ұлы Жібек…
Түркістан қаласы — түркі әлемінің рухани астанасы ғана емес, ол сан ғасырлық тарихы бар кәсіп пен өнердің алтын бесігі. Қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген ерекше нысандардың бірі — Қолөнершілер орталығы. Бұл орталық ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртып, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны келешек ұрпаққа жеткізуші алтын көпірге айналды. Сәулеті мен мазмұны алыстан мең мұңдалап көз тартатын орталықтың ғимараты сыртқы келбетімен-ақ келушілерді баурайды. Ол шығыстық нақышта, Түркістанның жалпы архитектуралық ансамбліне үйлесімді етіп салынған. Орталықтың ішкі құрылымы қолөнердің әр түріне арналған шеберханалар мен көрме залдарынан тұрады. Бұл жерде шеберлер жай ғана бұйым жасап қоймайды, сонымен қатар туристер мен қала тұрғындарына арналған ашық мастер-кластар…
