Мемлекет басшысының өңірлердің барлық аудан, қалаларында жеке «Отбасын қолдау орталығы» КММ-ін ашу туралы тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңға Түркістан облысының барлық аудан, қалаларындағы 17 Орталықтарда жалпы 295,5 штаттық бірліктер бекітіліп, тиісті мамандар жұмыс атқаруда. Қолданыстағы заңнамалыққа сәйкес Орталықтарды қаржыландыру жергілікті бюджеттердің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылатынынан хабардар еткен Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынын басшысы Мекенхан Қозыханұлы.
Түркістан облысы отбасын қолдау орталықтарының негізгі функцияларына тоқталар болсақ, Консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу, оның ішінде консультациялық көмек, бағалау жүргізу және адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаждығын айқындау. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдарды ерте анықтау және үйлестіру жөніндегі мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіреді, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдардың тиісті дағдарыс орталықтарына жолданғанша уақытша тұруын ұйымдастырады.
Сонымен қатар, әдіснама және ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу жатады. Бұл ретте отбасын нығайтуға, оның ішінде отбасын құруға, адамдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардар болуын арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған халық арасында оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізу, талдамалық жазбалар мен есептер жасайды, оларға көрсетілетін көмек пен қолдаудың тиімділігіне мониторинг жүргізеді. Орталықтар өтініш берушілердің жағдайына мобильді бағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ отбасын сүйемелдеудің жеке жоспарын жасайды және тиісті мемлекеттік органдармен орындалуын үйлестіреді, мониторинг жасайды. Жаңа тәсілде алдын алу шараларына баса назар аударылды.
Орталықтардың қызметіне қысқаша тоқталсақ, жыл басынан 17 Орталықта өмірлік қиын жағдайға тап болған 4 040 азаматтарға, 3 199 түрлі қызметтер көрсетілген. Атап айтсақ, психологиялық, құқықтық, заңгерлік, ақпараттық консультациялар, кеңестер беріліп, жұмысқа орналасуға және біліктілігін арттыруға жәрдем берілді.
Отбасын қолдау орталықтары — мемлекеттік отбасы саясатының, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдардың алдын-алу шараларын іске асырады. Өз кезегінде отбасын қолдау орталықтарының психолог мамандары «Мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде интеграцияланған модель арқылы өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі стандарттарына» сәйкес тиісті құзырлы органдардың құзыреттілігі шегінде көмектердің көрсетілуін үйлестіреді. Одан бөлек, Аталар, Аналар кеңестері, жастар ресурсттық орталықтары, дін өкілдері тарапынан осы бағытта тақырыптық бірлескен іс-шаралар, оқыту-семинарларды өткізу дәстүрге айналған.
Түркістан облысында 2 148,2 мың адам тұрады, оның 1 055,6 мыңы немесе 49 пайызы әйел азаматшалардың үлесінде. Республика бойынша 861,6 мың көпбалалы аналардың төрттен бір бөлігі немесе 191 925-і Түркістан облысының тұрғындарының үлесінде. 191 925 көп балалы аналардың: 123 059-і — 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналар, 1 849 адам — Батыр аналар, 18 964 адам — «Алтын Алқа» алқасымен марапатталған аналар, 45 174 адам — «Күміс Алқа алқасымен марапатталған аналар, 2 879 адам — I-II дәрежелі Ана Даңқы орденімен марапатталған аналар.
Облыстың барлық өңірлерінде аудан, қала әкімдерінің ұйымдастыруымен 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай аудан, қала орталықтарындағы мәдениет үйлерінде «Батыр аналарға», «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен марапатталғандар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, арналған мерекелік құрмет көрсету іс-шаралары, концерттік бағдарламалар, гүл шоқтарын беру рәсімдері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Сонымен қатар, аудан, қала әкімдері тарапынан 100 жастан асқан «Батыр аналар» мен I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің иегерлеріне, қарт аналардың үйлеріне барып, гүл шоқтары, қаржылай және заттай бағалы сыйлықтарды табыс ету шаралары ұйымдастырылды. Аудандар мен қалалар бюджеттері есебінен «Халықаралық әйелдер күніне» орай көп балалы («Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа», I және II дәрежелі «Ана даңқы») иегерлеріне барлығы, облыс бойынша 57 163 әйелдерге (2 АЕК 8650 мөлшерінде) 494,4 млн. теңге бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.

