Автор: aimaq_user

Шымкент қаласындағы спорттық гимнастика мектебінде спорттық гимнастикадан қаланың ашық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жарылқапұлы Жолдықараев қатысып, жарыстың ресми түрде басталғанын жариялады. Салтанатты жиында сөз сөйлеген басқарма басшысының міндетін атқарушы қатысушыларды жарыстың ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәтті өнер көрсетуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар, мұндай жарыстар жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе жинақтауына және өзара тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Биылғы ашық чемпионатқа барлығы 194 спортшы қатысуда. Атап айтқанда, жарысқа Астана, Алматы, Павлодар қалаларынан, сондай-ақ Ташкент қаласынан келген спортшылар бақ сынауда. Ашық чемпионат аясында қатысушылар түрлі…

Read More

Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Көкбұлақ тұрғын алабында жергілікті халықпен мазмұнды кездесу өтті. Тұрғындардың өтініші негізінде салынған жаңа мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиында ел дамуы, Ата Заңның мән-маңызы және ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуі кеңінен талқыланды. Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов жиналған қауымға жаңа Конституцияның басты қағидаттарын жан-жақты түсіндірді. Ол Ата Заңда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға айрықша басымдық берілгенін атап өтті. Сонымен қатар сапалы білім беру, ғылым мен технологияны дамыту, цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары екеніне тоқталды. Жастардың ғылым мен спорт салаларындағы жетістіктері ел таңдаған стратегиялық бағыттың өміршеңдігін айқындайтынын айтып, олардың әлеуетіне сенім білдірді. Кездесу барысында…

Read More

Шымкент қаласындағы №2 қалалық емханада медицина қызметкерлеріне Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен Шымкент университетінің шақыртылған сарапшы маман Ғалымжан Тұрдықұлов қатысты. Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық әрі саяси жүйесінің берік тұғыры. Ол қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты реттеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының аясын айқындайтын негізгі құжат болып табылады. Жаһандану үдерісі үдей түскен қазіргі кезеңде қоғам да үздіксіз өзгеріске ұшырап, жаңа талаптар қалыптасуда. Осы тұрғыдан алғанда, Жаңа Конституция демократиялық құндылықтарды нығайтуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті жетілдіруге және азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды. Кездесу барысында спикерлер жаңа Конституцияның…

Read More

Шымкентте «Balabi Textile» ЖШС еңбек ұжымымен жаңа Конституциянының мән-маңызын түсіндіру және оның қоғам өміріне тигізетін оң әсерін жан-жақты талқылау бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында спикер Ата Заңға енгізілген жаңашыл нормалар ең алдымен адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Жаңа Конституция әр азаматтың қадір-қасиетін, бостандығы мен заң алдындағы теңдігін нақтылай түсіп, әділетті қоғам қалыптастырудың берік құқықтық негізін қалайды. Мемлекеттің басты құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені тағы бір мәрте айқындалды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды сақтау және нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды. Отбасы институтын қорғау, қоғамдық келісім мен бірлікті бекемдеу, ұлттық болмысты сақтай отырып, заманауи даму бағытына…

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен оның құқықтарын мемлекеттік саясаттың негізгі өзегі ретінде айқындайды. Ата Заңда «Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екені нақты көрсетілген. Бұл конституциялық қағида мемлекеттің басты міндеті – адам құқықтарын қорғау және азаматтардың бостандықтарын қамтамасыз ету екенін білдіреді. Яғни, мемлекеттік билік пен барлық мемлекеттік институттар өз қызметінде ең алдымен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін басшылыққа алуға тиіс. Аталған норма құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізгі тірегі болып табылады. Адам өмірінің, қадір-қасиетінің, құқықтары мен бостандықтарының жоғары құндылық ретінде танылуы қоғамдағы әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл – әрбір азаматтың заң алдында теңдігін…

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясы преамбуласында: «Біз, біртұтас Қазақстан халқы, Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап, осы Конституцияны қабылдаймыз» деп атап көрсетілген. Бұл жолдар – Ата Заңның мазмұндық әрі идеологиялық негізін айқындайтын маңызды тұжырым. Аталған норма елдің тарихи тамыры мен рухани құндылықтарына сүйене отырып, заманауи құқықтық мемлекет құруға деген ортақ ұмтылысты білдіреді. Ұлы даланың бай мұрасы, мемлекетшілдік дәстүрі мен тәуелсіздік жолындағы күрес сабақтастығы Конституция мәтінінде айқын көрініс тапқан. Преамбулада «біртұтас Қазақстан халқы» ұғымының қолданылуы – ел азаматтарының теңдігі мен бірлігін білдіретін маңызды қағида. Бұл – ұлтына, тіліне, дініне қарамастан, барша азаматтың ортақ тарихи жауапкершілік пен ортақ болашақ жолында топтасқанын көрсетеді. Конституцияны…

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясы елдегі мемлекеттік биліктің негізгі қағидаттарын айқындай отырып, Қазақстан халқының айрықша мәртебесін нақты белгілейді. Ата Заңда «Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі» екені анық көрсетілген. Бұл норма мемлекеттің демократиялық сипатының басты негізін білдіреді. Яғни, елдегі барлық билік халықтың еркінен туындайды және халық мүддесіне қызмет етуге бағытталады. Мемлекеттік биліктің заңдылығы мен легитимдігі тікелей халықтың еркімен байланысты болып табылады. Аталған конституциялық қағида азаматтардың ел басқару ісіне қатысу құқығын қамтамасыз етеді. Бұл – халықтың мемлекет өміріндегі шешуші рөлін айқындайтын маңызды құқықтық негіз. Сонымен қатар, бұл норма мемлекеттік органдар қызметінің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, билік пен қоғам арасындағы…

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында мемлекеттік тілдің мәртебесі нақты әрі айқын белгіленген. Ата Заңда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» екені көрсетіліп, оның ел өміріндегі айрықша орны конституциялық деңгейде бекітілді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындау – тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі. Қазақ тілі мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу салаларында негізгі тіл ретінде қолданылады. Бұл норма елдің тұтастығын нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға және қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа Конституцияда мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі рөлін арттыруға басымдық берілген. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінде қазақ тілін дамытуға және қолдану аясын кеңейтуге құқықтық негіз қаланды. Сонымен қатар, азаматтардың…

Read More

«Сана Сезiм» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҮЕҰ 20 жылдан астам уақыт бойы ең осал жағдайға түскен адамдарға – тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, адам саудасынан және еңбек қанауынан зардап шеккендерге, сондай-ақ құжаттары жоқ тұлғаларға жүйелі қолдау көрсетіп келеді. Ұйым құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмекті, сондай-ақ белсенді ақпараттық-ағартушылық жұмысты біріктіретін кешенді көмек моделін қалыптастырды. Адам саудасынан зардап шеккендерге кешенді көмек «Сана Сезiм» қызметінің негізгі бағыттарының бірі – адам саудасына қарсы іс-қимыл. Ұйым мамандары зардап шеккендерді, соның ішінде еңбек мигранттары мен өзге де осал топтар арасынан анықтап, оларды қанау жағдайынан және құлдыққа теңестірілген ахуалдан шығаруға жәрдемдеседі. Жұмыс «анықтаудан – құқықтарды қалпына келтіруге дейін» қағидаты бойынша…

Read More

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіру бойынша түрлі саладағы еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда. Жұмыс тобының педагогикалық қауымдастық өкілдерімен кезекті кездесуі Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектепте өтті. Жиында білім сапасын арттыру, бірыңғай білім беру стандарттарын енгізу және ғылымды мемлекеттік қолдау мәселелері кеңінен талқыланды. 2024 жылдың басында ашылған аталған білім беру ұйымы бүгінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін тиімді іске асырудың үлгісіне айналып отыр. Мектеп құрылтайшысы, қалалық мәслихаттың VII және VIII шақырылым депутаты Лазиз Сүлайманов жеке білім беру секторы ең алдымен сапаға басымдық беруі тиіс екенін атап өтті. – 2500 оқушыға арналған мектепте сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Оқу үдерісі бір ауысымда…

Read More