Автор: aimaq_user

Қазақстанда 25–27 ақпан аралығында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі нұсқауларына сәйкес ұйымдастырылуда және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты тексеруге бағытталған. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері, азаматтық қорғау капитаны Шәріп Асқар Рысбекұлы мәлімдеді. Оқу-жаттығудың негізгі тақырыбы – 2026 жылдың көктемгі кезеңінде су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда төтенше жағдайларды жоюға, құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыруға дайындықты пысықтау. Осыған байланысты қала аумағында оқу-жаттығуды дайындау және өткізу бойынша арнайы ұйымдастырушылық нұсқаулық әзірленіп, қала әкімінің бекітуіне ұсынылған. Іс-шара барысында департамент базасында жедел қалалық штаб…

Read More

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады. Біз желіде тараған жалған мәлімдемелерді жобаның ресми мәтінімен және мемлекеттік органдардың түсіндірмелерімен салыстырдық. 1-бөлім 1. «Конституция Президенттің өкілеттіктерін күшейтеді» Бұл құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді. Жоба тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін бекітеді. Негізгі кадрлық шешімдер — Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау — Құрылтайдың келісімімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Президенттің қайта сайлану құқығынсыз бір реттік жеті жылдық өкілеттік мерзімі сақталады. Мұндай құрылым «суперпрезиденттік» модельге емес, президенттік республикаға тән. Қорытынды: Фейк 2. «Шетелдіктерге жер сатуға қойылған…

Read More

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Жиынға Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжан, Сергей Пономарев және қоғамдық институттар, әлеуметтік қолдау саласының өкілдері, білім саласының мамандары, жастар ұйымдары мен өңір белсенділері қатысты. Отырыс барысында Аида Ба¬лаева ұсынылған жаңа Конституция жобасының басты өзегі азаматтардың мүддесін қорғау және елдің ұзақ¬мерзімді тұрақты дамуы екенін атап өтті. Құжатта мемлекеттің бағыты, қоғамның қандай құндылықтарға сүйеніп дамитыны және билік пен халық арасындағы қатынастың жаңа деңгейі…

Read More

Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Маңызды құжат аясында 20 млрд теңгеден астам сомаға әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Құжатқа Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қол қойды. Серіктестіктің жаңа кезеңі денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы жобаларды, өңір инфрақұрылымын жаңғыртуды, абаттандыру жұмыстарын және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруды қамтиды. Меморандум аясында Ұлытау университетін ашу көзделген. Сондай-ақ биыл өңірдегі ең ірі жаңа орталық мешітті (Жезқазған қаласы), Сәтбаев қаласындағы жаңа травматологиялық пунктті аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан бөлек, өңірде теңдесі жоқ «Намыс» балалар-жасөспірімдер…

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясында әрбір адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайтыны және олардың заңмен қорғалатыны нақты белгіленген. Бұл қағида адам құқықтарын қорғаудың негізгі кепілі ретінде айқындалып, мемлекеттің басты құндылықтарының бірі болып табылады. Ата Заңға сәйкес, адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті қол сұғылмайтын құндылық ретінде танылады. Ешкім де адамның абыройын төмендетуге, оны қорлауға немесе оның қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге құқылы емес. Бұл норма әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құқықтық негіз болып табылады. Аталған конституциялық қағида мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде заңдылық пен әділдікті сақтауға міндеттейді. Сонымен қатар, бұл норма азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге және олардың заңмен…

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясында неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекет қорғауында болатыны нақты белгіленген. Бұл норма отбасы институтының қоғамдағы айрықша маңызын айқындап, оны қорғауды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде бекітеді. Ата Заңға сәйкес, отбасы – қоғамның негізі және мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды тірегі болып табылады. Мемлекет ана мен баланы қорғауға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар, әкенің отбасыдағы рөлі мен жауапкершілігі де конституциялық деңгейде танылып, отбасы мүшелерінің өзара қамқорлығы мен жауапкершілігіне құқықтық негіз қалайды. Бұл қағида мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға, ана мен баланың денсаулығын қорғауға, балалардың толыққанды дамуына және…

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел тәуелсіздігінің берік негізін қалыптастырып, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты құқықтық құжат. Ата Заң мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті айқындап, елдегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға қызмет етеді. Конституцияда Қазақстан халқының бірлігі, теңдігі және ортақ жауапкершілігі басты қағидалардың бірі ретінде белгіленген. Бұл норма ел азаматтарының ұлтына, тіліне, дініне қарамастан тең құқықтарға ие екенін және ортақ мақсат жолында топтасқанын білдіреді. Аталған қағида қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және мемлекеттің орнықты дамуына негіз болады. Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты міндеттердің бірі ретінде айқындайды. Мемлекет әрбір азаматтың заңды мүдделерінің сақталуына кепілдік беріп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз…

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің құқықтық негізін айқындайтын, мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара қатынастарды реттейтін басты құжат. Ата Заң мемлекеттің стратегиялық бағытын белгілеп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына берік кепілдік береді. Конституцияда адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде белгіленген. Бұл қағида мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын айқындап, билік органдары қызметінің басты мақсаты азаматтардың заңды мүдделерін қорғау екенін көрсетеді. Осы арқылы мемлекет пен қоғам арасындағы сенім нығайып, құқық үстемдігі қамтамасыз етіледі. Ата Заң мемлекеттік биліктің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды құқықтық негіз болып табылады. Конституциялық нормалар мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып, олардың қызметін заң…

Read More

Оңтүстік Қазақстан университетінде қалалық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев 500-ге жуық студентпен кездесу өткізіп, ашық әрі мазмұнды диалог құрды. Жиында генерал жастармен тек ресми баяндама жасап қана қоймай, қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған нақты мәселелерді талқылады . Атап айтқанда, сталкинг, қыз алып қашу, интернет-алаяқтықтағы «дропперлік» схемалар, есірткі тарату, вейп пен «күлдіргіш газ» қолдану, қоғамдық орындарда бет-жүзді тұмшалау және самокат жүргізу мәдениеті сөз болды. Полицей сталкингтің қылмыс ретінде заңмен қарастырылатынын атап өтіп, қыз алып қашу дәстүр емес, адам құқығын бұзу екенін қадап жеткізді. Сондай-ақ, интернет арқылы жасалатын алаяқтыққа тоқталған полиция басшысы жастарды «оңай табыс» ұсыныстарына алданбауға шақырды. Банк картасын бөтен адамға беру…

Read More

Шымкент қаласында «Химфарм» АҚ-ның («Polpharma Santo» сауда белгісі) өндірісін кеңейту бойынша ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Тиісті инвестициялық келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан мақұлданды. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында жаңа өндірістік қуатты желілер салынып, шығарылатын дәрілік препараттар 38 атауға дейін кеңейтіледі. Олардың қатарында онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрілер бар. Өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2029 жылдың соңына жоспарланған. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында шамамен 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Польша тарапы, сондай-ақ, Шымкентте жаңа дәрілік өнімдерді әзірлеуге арналған ғылыми-зерттеу сынақ орталығы мен заманауи…

Read More