«Стандарт цемент» ЖШС-нің еңбек ұжымымен Конституциялық реформаның мазмұнын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиын барысында жұмысшыларға Ата Заңға енгізіліп отырған жаңашылдықтар жан-жақты баяндалып, олардың қоғам өміріндегі маңызы түсіндірілді. Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясыжанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, сондай-ақ Мирас университеті Құқық секторының оқытушылары Нұржан Жақсылықов пен Мақпал Мамаева қатысып, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталды. Жиын барысында спикерлер жаңа Конституциялық жобаның басты өзегі – елдің біртұтастығын сақтау мен қоғамдық келісімді нығайту екенін атап өтті. – Жаңартылған Конституцияның преамбуласында Қазақстанның біртұтас, тәуелсіз мемлекет екені айқын көрсетіліп, адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде жарияланды. Бұл – билік пен қоғам арасындағы…
Автор: aimaq_user
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Ғылым, білім және шығармашылық – Конституциялық дамудың стратегиялық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жаңа Конституцияның мазмұны мен негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған басқосу оқытушылар мен студент жастардың ашық пікір алмасу алаңына айналды. Іс-шара барысында университеттің тәрбие жұмыстары және жастар ісі департаментінің директоры Қайрат Анарбаев Жаңа Конституциядағы басымдықтарға кеңінен тоқталды. Ол адами әлеуетті дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, білім мен ғылымның стратегиялық бағдар ретінде айқындалуын маңызды қадам ретінде бағалады. – Мемлекет дамуының тірегі – сапалы білім мен бәсекеге қабілетті ғылым. Жаңа Конституцияда адами капиталды дамытуға айрықша мән беріліп отыр. Бұл – ұзақмерзімді ұлттық мүддені көздейтін…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекеттік саясаттың мазмұны мен басымдықтарын жаңаша айқындап, құқықтық жүйенің философиялық негіздерін қайта қарастыруды көздейді. Құжаттың мазмұнында ескі және жаңа ұстанымдардың айырмашылығы айқын көрініс табады. Ескі нұсқада мемлекетке басымдық беріліп, «адам мемлекет үшін» деген ұстаным алға шықты. Негізгі кепілдіктер көбіне қасаң тұжырымдармен шектеліп, міндеттемелер декларативті сипатта болды. Азаматтардың қатысуы тек сайлау арқылы, ара-тұра жүзеге асырылатын тетіктермен шектелді. Меншікті қорғау мәселесінде тепе-теңдік қағидаты толық сақталмады. Жалпы тәсіл 1990-шы жылдарға тән бейтарап сипатта қалыптасты. Ал жаңа нұсқада басымдық түбегейлі өзгеріп, «мемлекет адам үшін» қағидаты негізге алынды. Адам құқықтары абсолютті өмір сүру құқығымен толықтырылып, «Миранда ережесі» және цифрлық жеке өмір…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында мемлекеттің зайырлы сипатын нығайтуға және дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде қорғауға бағытталған маңызды нормалар бекітілді. Бұл өзгерістер қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға және мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын нақты айқындауға мүмкіндік береді. Жаңа Конституцияда дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып бекітіледі. Бұл норма мемлекеттің зайырлы қағидаттарға негізделгенін және діни бірлестіктердің қызметі заң аясында жүзеге асырылатынын айқындайды. Аталған қағидат қоғамдағы конфессияаралық келісімді сақтауға және әрбір азаматтың ар-ождан бостандығын құрметтеуге бағытталған. Сонымен қатар, білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипаты конституциялық деңгейде орнықтырылады. Бұл норма білім беру жүйесінің зайырлы қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылатынын және білім беру саласында…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында мемлекеттік дамудың іргелі бағыттарын айқындайтын бірқатар маңызды қағидаттар ресми түрде бекітілді. Бұл нормалар құқықтық мемлекетті нығайтуға және қоғам өміріндегі әділеттілік қағидатын орнықтыруға бағытталған. Тарихта алғаш рет «Әділеттілік, Заң және Тәртіп» қағидаттары конституциялық деңгейде ресми түрде бекітілді. Аталған қағидаттар мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарын айқындап, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті сақтауға және қоғамда әділеттілікті орнықтыруға қызмет етеді. Сонымен қатар, жаңа Конституцияның Преамбуласында адамға бағдарланған мемлекет тұжырымдамасы нақты көрініс тапты. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалды. Бұл норма мемлекеттік институттардың қызметі ең алдымен азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталатынын көрсетеді.…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қоғамның заманауи даму талаптарына сәйкес келетін маңызды құндылықтарды конституциялық деңгейде бекітуді көздейді. Бұл өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа Конституцияда алғаш рет қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаты конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл норма табиғатты қорғау мәселесіне мемлекеттік маңыз берілетінін көрсетеді және әрбір азаматтың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қамтамасыз етуге негіз болады. Аталған қағидат экологиялық қауіпсіздікті сақтау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың құқықтық негізін нығайтады. Сонымен қатар, жаңа Конституцияда азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау нормасы енгізілді. Бұл өзгеріс қазіргі цифрлық дәуірдің талаптарына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Аталған…
Астана қаласында «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбында сарапшылар диалогы өтті. Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, сондай-ақ оның институционалдық, құқықтық және саяси маңыздылығы ашық форматта талқыланды. Сарапшылар алаңын Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Қоғамдық саясат институты бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар, академиялық орта, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Бұл – жаңа Ата Заң жобасын талқылауға қоғамның түрлі өкілдері кеңінен тартылғанының айқын көрінісі. Іс-шараға қатысқан Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституцияның мәні мен тарихи маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Конституция – тек заңдық тұрғыда ең жоғары құжат қана…
Астана қаласында өткен «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбында сарапшылар диалогы барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Конституция жобасындағы ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы туралы сауалға жауап берді. Министрдің айтуынша, Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет екені нақты көрсетілген. Ал 5-бапқа сәйкес, қолданыстағы құқық құрамына Конституция нормалары, соған сәйкес заңдар, Конституциялық және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттық міндеттемелер кіреді. Сонымен қатар, аса маңызды қағидат ретінде Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар екені және республика аумағында тікелей қолданылатыны атап өтілді. Бұл – ұлттық құқық жүйесінің берік негізін айқындайтын басты норма.…
2026 жылғы 21 ақпанда Астана қаласында «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбында сарапшылар диалогы өтті. Іс-шарада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, олардың институционалдық, құқықтық және саяси маңыздылығы ашық талқыланды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ халықаралық шарттардың ел аумағында қолданылу тетігін заң арқылы нақтылау құқықтық айқындықты қамтамасыз ететінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қадам іргелі конституциялық құндылықтардың тұрақтылығын сақтауға және азаматтардың құқықтық кепілдіктерін нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, халықаралық шарттар ратификацияға дейін Конституциялық сот арқылы олардың Конституцияға сәйкестігі жөнінде қорытынды алуға болатыны – құқықтық қауіпсіздіктің маңызды құралы. ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Аубакирова Конституцияның түпкі мақсаты…
Елімізде жүзеге асырылып жатқан қоғамдық-саяси бастамалар мен жалпыхалықтық деңгейде талқыланып жатқан маңызды мәселелерде қоғам да қарап қалып жатқан жоқ. Белсенді азаматтар өз пікірлерін білдіруде. Шымкенттік ақындар да бұл үдерістен тыс қалған жоқ. Олар ел болашағына қатысты ой-тұжырымдарын дәстүрлі жыр үлгісімен өрнектеп, өзекті тақырыптарды өлеңмен өрнектеп жеткізіп жатыр. Әлеуметтік желіде тараған видеодан Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұлов, Анар Жаппарқұлова ақындардың елдік мүдде, мемлекеттік тілдің мәртебесі, ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғамдық тұтастық мәселелерін арқау еткен өлең жолдарын жария етті. Шымкенттік ақындар тәуелсіз мемлекет ретінде қабылданатын әрбір маңызды шешім халықтың тарихи санасы мен ұлттық болмысына негізделуі тиіс деген ойды алға тартады. «Тәуелсіздік алғалы ана…
