Шымкентқаласындағы Достық үйінде «Ауқымды Масленица – 2026» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Дәстүрлі славян мейрамы қала тұрғындары мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің басын қосқан тағылымды шараға ұласты. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Тоқтар Әмірқұлов, «Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Наталья Романова, сондай-ақ қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 16 этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен мүшелері және қала тұрғындары қатысты. Мерекелік жиында сөз сөйлеген Тоқтар Әмірқұлов жиналған қауымды Масленица мейрамымен құттықтап, бұл мерекенің татулық пен бірліктің, өзара кешірім мен жаңарудың символы екенін атап өтті. Сонымен қатар, Конституция еліміздегі барлық этнос өкілдерінің тең құқығы мен бостандығының кепілі екенін айтып, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың…
Автор: aimaq_user
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек шаһардағы дін өкілдерімен кездесіп, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Басқосу барысында ел дамуы, қоғамдық тұрақтылық және рухани тұтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесуде имамдарға конституциялық реформалардың мазмұны мен стратегиялық маңызы баяндалып, қоғам бірлігін сақтау жолындағы ортақ міндеттер айқындалды. Сәрсен Абайұлы өз сөзінде қазақ қоғамының негізін құрайтын дәстүр, салт, имандылық пен жауапкершілік құндылықтарына ерекше тоқталды. – Қазақ халқы қашанда дәстүр мен салтты, ұят пен иманды жоғары қойған. Дәстүрлі қоғамның өкілдері ретінде осы құндылықтарды сақтау – баршамызға ортақ міндет, – деді ол. Жиын барысында Құрылтай институтының рөлі, халық кеңесі форматы, сондай-ақ білім мен ғылымның ел дамуына…
Конституцияның жаңа редакциясына енгізілген мызғымас қағидаттар мен құндылықтар – ел дамуының берік негізі. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және әділетті қоғам қалыптастыру. Жаңа қағидаттар әлеуметтік әділдікті нығайтып, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдауды күшейту және азаматтардың өмір сапасын жақсарту – басты басымдықтардың бірі. Әрбір қазақстандық үшін тең мүмкіндік, заң үстемдігі және қоғамдық келісім – жарқын болашақтың кепілі. Халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы бұл қадамдар елдің тұрақты дамуына серпін береді.
Конституцияның жаңа редакциясына енгізілген мызғымас қағидаттар мен құндылықтар – еліміздің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам құруының берік негізі. Заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – әр азаматтың құқығы қорғалатын, әділдік салтанат құратын мемлекет қалыптастырудың басты шарты. Бұл қағидат мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы сенім мен бірлікті нығайтады. Әрқайсымыз заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауға үлес қосқанда ғана Жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болмақ.
Шымкент қаласындағы Мұз сарайы спорт кешенінде конькимен мәнерлеп сырғанаудан жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогының І кезеңі өз мәресіне жетті. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары және Шығыс Қазақстан өңірлерінен барлығы 10 команда қатысып, 60 спортшы өз шеберліктерін сынға салды. Шымкент қаласының намысын 10 спортшы қорғап, жарыс барысында қысқа және еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетіп, техникалық деңгейлері мен көркемдік шеберліктерін дәлелдеді. Жарыстың бас төрешісі – Айгүл Қуанышева, бас хатшысы – Жансая Адиханова болды. Төрт күнге созылған додада әртүрлі спорттық санаттар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Шымкенттік спортшылар жарыс қорытындысы бойынша жүлделі…
Шымкент қаласында нысана көздеуден Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты басталды. 19–25 ақпан аралығында өтіп жатқан ел біріншілігіне Қазақстанның 9 өңірінен 123 үздік спортшы қатысуда. Жарыс бағдарламасына сәйкес, мергендер винтовка, пистолет және жылжымалы нысана бойынша 12 командалық жаттығу мен 3 аралас жұптық (Mixed Team) сайыста бақ сынайды. Бәсекелер Олимпиада стандарттарына сай швейцариялық SIUS ASCOR электронды жүйелерімен жабдықталған «ШГК ШВСМ» тирінде және «Shooting Plaza Shymkent» орталығында ұйымдастырылуда. Турнирдің алғашқы нәтижелері бойынша пневматикалық винтовкадан ерлер арасындағы 10 метрлік қашықтықта Алматы қаласының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды Шымкент қаласының спортшылары иеленсе, үшінші орын Павлодар облысы командасына бұйырды. Жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі маман Варвара Юркова…
Шымкент қаласының Базарқақпа елді мекенінде Еңбекші ауданы әкімі мен қалалық мәслихат төрағасының тұрғындармен жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған іс-шара өтті. Алғаш болып сөз алған Конституциялық комиссия мүшесі, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов жаңа Конституция жобасында көзделген өзгерістердің мән-маңызына тоқталды. Оның айтуынша, комиссия отырыстары барысында ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер жан-жақты талқыланып, бірқатар оң шешімдер қабылданған. – Жаңа редакциядағы Ата заң адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны мемлекеттік саясаттың басты стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Қазіргі жаһандық бәсеке жағдайында кез келген мемлекеттің қуаты табиғи ресурстармен емес, интеллектуалдық әлеуетімен өлшенеді. Сонымен қатар Конституция мемлекет пен дін арасындағы шекараны нақтылап, зайырлылық қағидатын…
Шымкенттегі «Қуатжылуорталық-3» мекемесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға мекеме жұмысшылары, басшылық құрам мен белгілі сарапшы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетісаясаттану кафедрасының меңгерушісі Ардақ Монтаевқатысты. Жиын барысында спикер жаңа Конституция жобасында қарастырылған өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызын жан-жақты талдап, олардың ел дамуы үшін стратегиялық рөлін түсіндірді. Оның айтуынша, конституциялық реформалар – тарихи үдерістің заңды жалғасы әрі мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды қадам. – Біз Конституцияны тек құқықтық құжат ретінде емес, мемлекеттің болашақ бағдарын айқындайтын негізгі құндылықтар жүйесі ретінде қарастыруымыз қажет. Ұсынылып отырған өзгерістердің басты мақсаты – адамды мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыру, – деді Ардақ Монтаев. Кездесу барысында Парламент…
Түркістан қаласында Түркі мемлекеттерінің ұйымы экономика және сауда министрлерінің 14-ші кездесуі өтті. Қатысушылар сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуды талқылады, сондай-ақ кооперацияны тереңдету жөніндегі нақты қадамдарды келісті. Отырысқа Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, Әзербайжан Республикасы Экономика министрінің орынбасары Ровнаг Абдуллаев, Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрінің орынбасары Сұлтан Ахматов, Түркия Республикасы Сауда министрінің орынбасары Сезай Учармақ, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабаев, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев қатысты, сондай-ақ Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреев. Кездесуді ашқан Асан Дарбаев Ұлы Жібек жолы халықтарын тарихи біріктірген түркі әлемінің рухани орталығы — Түркістанда отырыс…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында ел дамуының жаңа бағыты ретінде білім мен интеллектке басымдық беру айқын көрсетілді. Бұл өзгеріс мемлекеттің дамуындағы маңызды бетбұрыс кезеңін білдіреді. Ендігі кезеңде Қазақстанның болашағы тек минералды ресурстармен ғана емес, ең алдымен адам капиталымен айқындалатыны атап өтілді. Жаңа Конституцияда білім, ғылым, мәдениет және инновация елдің негізгі даму бағыттары ретінде бекітілді. Бұл бағыттар қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға, ғылыми жетістіктерді қолдауға және ұлттық мәдениетті дамытуға негіз болады. Аталған басымдықтар елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар инновациялық дамуға ерекше назар аударылды. Жасанды интеллект дәуірінде елдің дамуы жаңа технологияларды енгізумен және зияткерлік әлеуетті арттырумен…
