Қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы мен мемлекеттің даму деңгейі ең алдымен қиын жағдайға тап болған әрбір шаңыраққа көрсетілетін қамқорлықтың сапасымен өлшенеді. Отбасы — адам баласының ең қасиетті бесігі, мемлекеттің іргетасы. Сол себепті де, отбасы институтын қорғау, оның ішкі тұтастығын сақтау және әлеуметтік-экономикалық, психологиялық дағдарыстардан аман-есен шығуына жағдай жасау — заманауи дамыған қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бағдарламалық Жолдаулары мен стратегиялық тапсырмаларында «Әділетті Қазақстан» құрудың негізгі шарты ретінде азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды, әсіресе өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға көрсетілетін көмектердің атаулы әрі кешенді болуын нақты міндеттеп қойды. Бұл бағытта еліміздің түкпір-түкпірінде ашылған Отбасын қолдау орталықтары маңызды стратегиялық нысандарға айналды. Арыс қаласында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды тығырықтан шығаруға бағытталған кезекті маңызды іс-шара жүзеге асырылды. Отбасы қолдау орталығының консультация және кешенді сүйемелдеу бөлімшесінің басшысы Ж.Абылова орталыққа көмек сұрап жүгінген, өмірлік қиын жағдайға тап болған 2 отбасын жеке қабылдап, олардың мәселелерін шешудің кешенді жоспарын іске қосты.
Әлеуметтік-құқықтық заңнама тұрғысынан алғанда, «өмірлік қиын жағдай» — бұл адамның немесе тұтас бір отбасының тіршілік әрекетін объективті түрде бұзатын және оны өз күшімен шешуге мүмкіндігі жетпейтін күрделі кезең. Бұған отбасындағы жазылмас созылмалы аурулар, мүгедектік, жұмыссыздық, баспанасыздық, отбасылық кикілжіңдер немесе құқықтық сауатсыздықтың салдарынан туындайтын тығырықтар жатады. Мұндай сәтте отбасыларға дер кезінде кәсіби көмек көрсетілмесе, бұл жағдай шаңырақтың шайқалуына, ажырасуға, балалардың қараусыз қалуына немесе тұрмыстық зорлық-зомбылыққа алып келуі әбден мүмкін.
Дәл осы себепті Отбасы қолдау орталығының жанынан құрылған консультация және кешенді сүйемелдеу бөлімшесінің атқаратын ролі өте зор. Бұл бөлімше қала көлеміндегі дағдарыстық жағдайдағы отбасыларды анықтап, оларға «алғашқы жедел жәрдем» ретінде құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынады. Бөлімше басшысы Ж.Абылованың тікелей қатысуымен өткен жеке қабылдаудың негізгі мақсаты — орталыққа өтініш тастаған екі отбасының әлеуметтік диагнозын нақты анықтау және оларды дағдарыстан толық шығарғанға дейінгі кешенді сүйемелдеу картасын әзірлеу болды.
Қабылдау барысында әр отбасының мәселесі жан-жақты, егжей-тегжейлі қарастырылды. Отбасылардың нақты табыс көздері, баспана жағдайы, балалардың мектептегі немесе балабақшадағы орналасу деңгейі зерделенді. Азаматтардың құжаттарының заңдылығы, мемлекеттік жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмекті алуға кедергі болып тұрған заңдық тұйықтар талданды және тбасы мүшелерінің арасындағы эмоционалдық байланыс, жасөспірім балалардың психологиялық жай-күйі назарға алынды.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылардың ең үлкен кемшілігі — өздерінің заңды құқықтарын білмеуінде немесе қолданыстағы заңнамалық жеңілдіктерді тиімді пайдалана алмауында. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қабылдау кезінде азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тереңдетілген түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұзақ уақыт бойы қиындықтармен күресіп, шаршаған адамның ішкі ерік-жігері мұқалып, болашаққа деген үміті үзіледі. Сондықтан жеке қабылдаудың ажырамас әрі ең маңызды бөлігі — кәсіби психологиялық көмек көрсету кезеңі болды. Орталықтың білікті психологтары қабылдауға келген отбасы мүшелерімен жеке-жеке терапиялық сұхбаттар жүргізді. Психологтар отбасы мүшелеріне өздерінің ішкі ресурстарын табуға, қиындыққа баламалы тұрғыдан қарауға көмектесетін арнайы әдістемелерді қолданды. Әсіресе, ата-аналардың эмоционалдық тұрақтануына баса назар аударылды, өйткені ана мен әкенің ішкі тыныштығы балалардың психологиялық саулығының негізі болып табылады. Психологиялық демеу алған азаматтар өздерінің жалғыз еместігін сезініп, мәселелерді шешуге деген ішкі жігерлерін қайта тапты.
Орталықтың негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға уақтылы қолдау көрсету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және психологиялық тұрғыдан тұрақтануына ықпал ету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін консультация және кешенді сүйемелдеу бөлімшесі «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейді.
Ашығын айтқанда, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды қолдау — бір күндік науқан емес, ол — үлкен төзімділікті, кәсібилікті және жүректің жылуын талап ететін жүйелі процесс.

