Аудан әкімі Арман Сәбитов ҚР еңбек сіңірген жатықтырушысы, Сайрам ауданының тумасы Мырзағали Айтжановты қабылдады деп, хабарлаған Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Қабылдау барысында талай чемпионды даярлаған даңқты бапкер Мырзағали Құланұлы Сайрам ауданында спорттың даму деңгейі жақсы екенін атап өтті. Ауданнан шығып, қаншама республикалық, халықаралық турнирлерде топ жарып жүрген спортшыларға қолдау күшейтілсе, жеңіс тұғырынан көрінетін жастардың шығатынына сенімді. Сондай-ақ, Сайрам ауданының тумасы мектеп қабырғасындағы жасөспірімдердің ойынқұмарлық, нашақорлық секілді жат әдеттерден аулақ болуы үшін оларды спортқа баулу бойынша ұсынысын білдірді. Аудан әкімі Арман Сәбитұлы өз сөзінде жаттықтырушы ретінде еліміздегі спорттың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді: — Аудан тұрғындары арасында салауатты өмір…
Автор: aimaq_user
🔷 Алматыда жасөспірімдер арасындағы фристайл-могул және фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты өтуде. Халықаралық жарысқа 13 елден келген 110 спортшы қатысуда. Чемпионаттың үшінші күнінде Шымкент қаласының спортшысы Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-акробатикадан алғашқы алтын жүлдені иеленіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Дінмұхаммед жарыс барысында 104.52 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 2006 жылы дүниеге келген Дінмұхаммед Райымқұл — Шымкент тумасы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ұлттық құрамасының мүшесі, Жастар ойындары мен Спартакиада жеңімпазы, Әлем және Еуропа Кубоктарының жүлдегері.
Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандармен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 182 елді мекенде 213 жобаны іске асыруға бюджеттен жалпы 30,1 млрд теңге бөлінді. Оның 57-сі өтпелі, 156-сы – жаңа жобалар. Бір жылда 154 жоба жүзеге асырылып, қаржының 99,2 пайызы игерілген деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️«Ауыл – Ел бесігі» жобасына қатысты жоспарлар мен мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді. 📌– Аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшылары «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша мемлекеттік сатып…
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу шараларын жалғастыруды тапсырған болатын. Осы бағытта Түлкібас ауданында тиісті жұмыстар жүруде деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев «Састөбе инновациялық кешені» және «Стандарт пауер» ЖШС өкілдерін қабылдап, жоспарлары мен жобаларымен танысты. Жылына 1 млн тонна цемент, 400 мың тонна әк және басқа да құрылыс пен өнеркәсіп саласына аса қажетті материалдарды өндеуді жоспарлап отырған кәсіпорындар 2026 жылы іске қосылады деп көзделіп отыр. Жалпы құны 299 млрд теңгені құрайтын жобалар толығымен іске асқан жағдайда 1200 адамға жаңа жұмыс орны ашылады. Басқосуда кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаулары…
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Су тасқынына қарсы іс шаралар, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы, дербес бөлімдердің 2025 жылы атқаратын жұмыс жоспары мен міндеттері туралы атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, салаға жауапты басшылардың баяндамаларын тыңдады. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жомарт Қоспанов, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков, ал, дербес…
Қазығұрт ауданы тұрғындары үшін бүгінгі күн қуанышқа толы болды. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бірнеше әлеуметтік нысандар ашылып, Қазығұрт елді мекенінде 2 қабатты 16 пәтерлі 2 тұрғын үйдің кілті жалпы саны 32 тұрғынға табысталды деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Жаңадан табысталған 20 пәтер жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы, 5 пәтер көп балалы санатындағы және 7 пәтер әлеуметтік аз қамтылған отбасы санатындағы кезекте тұрған азаматтарға берілді. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов баспаналы болған аудан тұрғындарының қуанышын бөлісу үшін салтанатты жиынға қатысып, баршаны мерекемен және баспаналы болуларымен құттықтады. Сондай-ақ, жылдар бойы үй кезегінде тұрып, жаңа баспана алып жатқан тұрғындарға өз…
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына келіп, «Шаян» мектеп-лицейі» КММ-нің ұжымымен кездесу өткізді деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Н.Әуесбаев білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, мемлекет тарапынан білім саласына көрсетілетін қолдаулар жайында айтты. Лицей ұжымы өздерінің жетістіктері мен оқыту процесінде кездесетін қиындықтарын ортаға салып, Н.Әуесбаев ұстаздардың еңбегін жоғары бағалап, жас ұрпақты тәрбиелеудегі жауапты миссиялары үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Н.Әуесбаев мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, оны жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті. Кездесу ашық әрі мазмұнды өтіп, тараптар алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, БАЙТІЛЕСОВ Нұрсұлтан Төленұлы Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келді деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Іссапар барысында Қазығұрт аудандық “Өнер мектебінде” «AMANAT» партиясы аудандық филиалы Орталық бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті. Кездесуде Мәжіліс депутаты ретінде 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасына тоқталды. Сонымен қатар Түркістан облысына ерекше статус беру туралы, заңнамалық реформаларға енгізілген өзгерістер туралы жалпылама айтып өтті. Мысалы ретінде лудоманияның алдын – алуға бағытталған, есірткі қылмысына қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқталып, сайлаушылар…
Облыс орталығында мәдениет үйі мен жаңа медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығында бой көтеріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыс барысын пысықтады. Мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма жүктеді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Өңірдегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Сапа басты назарда болу керек. Әлеуметтік нысандардың құрылысын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, тапсырыңыздар. Жұмыс барысында кедергілер болмауы тиіс, – деді облыс әкімі. Түркістан қаласында Оңалту орталығы бой көтерді. Нысанның құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Жаңа орталық қажетті жабдықтармен толық қамтылады. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы да қарастырылған. Жаңа…
Абай гарнизонының инженер-саперлері «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының далалық жаттығу полигонында жауынгерлік дайындық сабақтарын пысықтады деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 54770 әскери бөлімі жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жас сарбаздарға алғаш рет жарылысқа қатысты дайындықты іске асыртып көрді. Аталған шара алдымен тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен қауіпсіздік шараларын жеткізумен басталды. Инженерлер қалашығындағы оқу нүктелерінде жарылыс жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік ережелері, арнайы құралдарды қолдану мен тәсілдері жете түсіндірілді. Сондай-ақ оттық және электр тәсілдерімен жарылыс жұмыстарының барысы мен ерекшеліктері баяндалды. Сарбаздар осы уақытқа дейін алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырып, жару жұмыстарына қызығушылықпен және ыждағаттылықпен қатысты. Солардың бірі – мерзімді әскери қызметін өтеуші…
