Жалпы әңгіме төркіні түсінікті болуы үшін, токарь мамандығының түп төркініне тоқтала кетейік.
Бұрандалар, байкалар мен болттарсыз кез‑ келген бір машинаны немесе қандай да бір жабдықты елестету қиын. Механизм дұрыс істеу үшін, осы болттар мен гайкаларды асқан дәлдікпен үйрену үшін токарь білімін алу керек. Тек сонда ғана механизмді іске қосу міндетті түрде жүзеге асады. Токарь мамандығы бізге адамдар металлға немесе тасқа қайрау және кесу арқылы қажетті пішінді беруге тырысқан ежелгі дәуірден келеді. Алғаш токарьлық станок біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдың басында пайда болды. Онда екі адам жұмыс істеуге тиіс болды. Біріншісі – бөлшек бекітілген механизімді іске қосса, екішнісі қажетсіз материалды кесіп, бұйымға дұрыс пішін беріп отырған. Бұл процесс көп еңбекті қажет ететін және көп уақытты алатын. XVI ғасырда су дөңгелегін ойлап тауып, онымен анағұрлым қатты материалдарды жонуға болатын болды. Тек қана XIX ғасырда алғашқы электр токарьлық станок жасалып, токарьлардың еңбегі жеңілдеген. Ал, біздің қазіргі уақытта бағдарламалық басқаруы бар заманауи автоматтандырылған станоктар шығарылады. Оларда токарь санаулы минуттар ішінде жеке өлшемдер бойынша бөлшектерді жона алады. Токарь негізінен – жұмысшы адамнын мамандығы. Бұл ағаштан, металдан, оргшыныдан, пластмассадан және тіпті шайырдан белгілі бір бөлікті жасау үшін айналмалы дайындамаларды өндейтін маман. Токарь станокта әр түрлі беттерді, ұштық жазықтықтарды өңдеу және бұрғылау, сондай – ақ металл және басқа материалдарды дайындама ретінде қолдана отырып, бұрау, бұрғылау, өлшеу, калибрлеу жұмыстарын орындайды. Ол кесу жылдамдығы мен тереңдігін анықтайды және нақтылайды, материалдың қасиеттері мен кескіштің конфигурацияларын ескерек отырып, кесу құралын таңдайды. Сонымен қатар, оны бекітеді, өңдеу процесін реттейді. Токарь бөлшектің сызбада көрсетілген өлшемдерге сәйкестігін, өңдеудің белгіленген тазалығы мен дәлдігін қамтамасыз етеді. Оның ішінде жабдықты, өлшеу құралдарын, күрделі құралдарды (индикаторлар, микрометрлер) қолданады. Станоктар тобына жеке және әмбебап (әр түрлі токарлық, фрезерлік, бұрғылау және басқа операциялар) операцияларды орындайтын станоктар кіреді. Токарь мамандығы коммуналдық, монтаждық, құрылыс, ауылшаруашылығың, жөндеу және басқа да кәсіпорындарда пайдалану аумағы өте кең.
— «Токарь – жәй ғана мамандық емес. Токарь – бұл нағыз қолөнер, тіпті өнер шебері. Тек маман ғана өрескел кесілмеген кесектен құрылғыға арналған бөлікті жасай алады. Токарь мамандығы бүгінгі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Жалақы деңгейі де көбінесе жұмыс орнына байланысты. Жұмыс өтімінің және кәсіби деңгейінің өсуіне байланысты токарь өз дәрежесін 2-ші ден 6-ға дейін өсіре алады. Техникалық білім токарьлар тобының бастығы, цех бастығы лауазымына дейін мансаптық өсуге қосымша мүмкіндіктер береді. Токарь жақын кәсіптер бойынша біліктілігін өзгерте алады. Мысалы, фрезерші, қайраушы, слесарь, станокшы сияқты», ‑ дейді. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян аулының 75 жастағы тұрғыны, аудан бойынша токарьшы атанған Тұрар Мырқыұлы Сабиров.
Сабиров Тұрар Мырқыұлы ‑ 10 қаңтар 1950 жылы бұрыңғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы, Тасқұдық елді мекенінде қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келеген.
1957 жылы Тасқұдық ауылындағы «Тасқұдық» 8 жылдық мектебіне барып, 1965 жылы Шаян ауылындағы М.Әуезов атындағы мектебінде оқуын жалғастырып 1967 жылы орта біліммен бітіріп шықан.
1967 жылы Шымкент қаласындағы электр аппарат зауытында қысқа мерзімді токарлік курсты аяқтап токарь /темір ұстасы/ мамандығын алып шығады. Сол жылы алғашқы еңбек жолын Жамбыл сохозында МТС-те токарь болып бастаған.
1970-1972 жылдары Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген.
1978-1983 жылдары сол кездегі Прогресс /қазіргі Ақбастау/ совхозында токарь, 1983-1997 жылға дейін Шаян селосында Райсельхозтехника мекемесінде токарь-слесарь, 1997-2002 жылдары аралығында «Шаян-Астық» астық сақтау мекемесінде токарь, 2002 жылы «Бәйдібек су» мекемесіне ауысып сол жерден зейнеткерлікке шыққан.
Бірнеше мәрте ауылдық, аудандық советінің депутаты, 6 рет аудандық партия конференциясының делегаты, «В.И.Ленин» медалімен марапатталған және «Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы».
Жасы 75 ке келседе өзінің сүйікті мамандығымен айналысуда.
Отбасында 3 ұл, 2 қыздың әкесі, 15 немеремен 9 шөберенің атасы.
Тұрар атайдың шаңырағының өз ауласында арнайы токарьшылық дүкені бар екен. Мен іссапармен барып, 75 жастағы қарияның тірлігін көріп, тілдесудің ретін таптық. Өзі бақуатты қария, дүкеніндегі станоктың «Темір жоңғыш станок – 1 – А62» деп аталатынын және бұл станоктың шыққан уақыты 1958 жылғы екен. Міне осы токарьшылық салада жүріп, бірнеше шәкірттер де тәрбиелепті. Ең алдыңғы шәкірті былтыр зейнетке шықса, кейінгілердің ішінде ауылдың жас және орта буын азаматтары да бар екен. Алайда токарьлық мамандыққа ауыл азаматтарының қызығушылығы өте төмен , келешегіміз қалай болады екен деп алаңдаушылығын білдірді. Дегенмен де немерелерінің ішінде Нұрғали есімді өзінің студент немересінің ата кәсібіне қызығушылығы барын, сабақтан бос кезде, яғни қаладан келген кезде дереу атасының жанынан табылатынын мақтанышпен айтады. Тұрар ақсақалдың айтуынша, токарьшы дегеніміз – кесіндінің бір бөлігін пышақты немесе басқа кескіш құралды пайдаланып, оны қалыпқа келтіріп алу екен. Бұл металл, ағаш және пластмассадан жасалған ревалюция бөлшектерін жылдам айналдыруды орындайтын станок. Ол сонымен қатар бөлшектерді жылтырату үшін жиі қолданылады және түтіктер, конустар мен пропеллер. Олар біркелкі және жылтыр болуы үшін бөлікті тегістеуді қажет етеді. Токарьлық станокты токарьлық өңдеуден басқа ойықтарды кесу, өңдеу және жылтырату үшін пайдалануға болады. Содан кейін біз токарьдағы ең көп таралған жұмыстарды көреміз. Бұрылу кезіндегі негізгі қозғалыс айналу болып табылады және біз пішін беретін бөлікпен жүзеге асырылады. Мендегі тік токарлық станок. Тік токарьлық станок, үлкен және ауыр бөлшектермен жқмыс істеуге мүмкіндік беретін осінің тігінен орналасуымен сипатталады. Олар әсіресе үлкен диаметрлер мен ұзындықтар қажет болатын қолданбаларда пайдалы. Әрине, басқа да түрлері жетіп артылады. Мысалы өнеркәсіпте белгілі бір функцияларды орындауға арналған бірнеше арнайы токарьлық станоктар бар. Бұл токарьлық станоктар көбінесе арнайы материалдарға немесе геометрияларға негізделген белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін оңтайландырылған деген Тұрар атамыз, өзіндегі бар станогымен ауылдың, тіпті шалғай елді мекендердің талай тұрғындарының әжетіне жарап отырғанын айтады. Әсіресе, ауылға шақыртумен келетін жедел жәрдем көліктері кейде бір шайба немесе гайка үшін жолда қалып қоятын жағдайлар жиі кездеседі дейді. Болмашы бір гайка немесе шайба темірі көлікті жүргізбей қояды. Ондай сәттерде бар жұмысымды тастап, станокпен жонып қажет шұрыптарын жасап беремін. Мұнан бөлекте ауыр жүк машиналарының жүргізушілері, тіпті жеңіл көлік жүргізушілерінің де бұйымтайларын орындап, алғыстарын алып жатқанын да жасырмады.
Әрине мұндай жұмыс үшін алғыстан бөлек, алатын нарқын білгіміз келгенін Тұрар ата бірден түсініп, қаладағы дүкендерде сатылатын бағаны босада айтпаймын, әркімнің өз айтқан бағасында жасап беретінін, яғни келісім бойынша төленетінін айтады. Әрине темірді де сатып аламын. Қазір бәрі қымбат. Деседе қанағатшылық деген қасиет бала кезден бойына біткенін алға тартқан атамыз, ауылдың, тіпті бүкіл Бәйдібек ауданы жұртшылығының, кейде сырттан келетін қонақтардың да кәдесіне жарап жатқанына, шүкіршілік жасайтынымен бөлісті.
Осындайда қандай қария болған абзал? Қадірі артқан Тұрар қариядай болғанға не жетсін? дерің сөзсіз. Ауыл – аймақтың шырғалаңынан шыға алатын, ел‑ жұртқа сөзі өтетін, сарабдал, салиқалы, аузы дуалы дана қарт болу екінің бірінің қолынан келіп жатқан жоғы, бүгінде ащы болса да шындық. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген нақылдың айтылуы да тегін емес қой, шіркін. Асқар тауға балайтын алдыңғы толқын өкілдері Тұрар қария қазынасымен бөлісіп, ұрпағын тәрбиелеп, жол көрсетіп, ақыл парасатымен, тіпті токарьшылық мамандықты меңгеруімен еліне танылып, тірліктің қайнаған ортасынан көрініп жүр. Елінің бір кәдесіне жарап, ұрпақ тәрбиесіне де араласып, мына дүниеге сергек ойымен, сезімтал жүрегімен танылған токарьшы атаның ой салар сөзі «Жастар арасында бұл мамандыққа қызығушылық өте бәсең. Осы мәселе санамда сан түрлі сауалға сүйрелейді», ‑ дегені шындығында, бұл кәсіптің бүгінде озыптұрғанын жастардың білмегені ме, әлде қызығгшылық тудыртатын ақпараттың аздығы ма немесе мүлде болмай тұрғаныма дерсің.
Сонымен Тұрар қарияның кескін – келбетіне, салиқалы да салмақты сөзіне қарап отырып, дарияның етегінде екпіні ентелей құйған судың мөлдірлігі кейіпкерімнің дархан мінезінен анық байқалады. Бала күнінен еңбекке араласқаны, осы күні секпенге жақындаған Тұрар қарияның жүріп өткен жолы өскелең ұрпаққа өнеге. Бүгінгі ауыл ішіндегі еңбек адамының тұрмыс – тіршілігі көңіл тоярлық. Ақсақалдың ендігі тілегі елінің тыныштығы мен ұрпағының амандығы. Елге еткен еңбегінің еленгені, қарияның жүзінен қуаныш пен ризашылықтың шуағы байқалады.