Жалпыұлттық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысымен өткен жылдың көктемінде бастау алғалы, бүгінде бұкіл еліміз үшін ауқымды шараға айналды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – табиғатты тазарту ғана емес, Қазақстан халқының экологиялық мәдениетін арттыру, өзінің қоршаған ортасына деген сүйіспеншілігі мен махаббатын қалыптастыра отырып, құрметін шексіздікке ұштастыру екені айтпаса да түсінікті. Президентіміз бастаған игілікті істі қоғамның барлық өкілдері, тіпті жастар мен мектеп оқушыларына дейін ыстық ықыласпен қабылдап, атсалысуда.
2025 жылы акцияның ауқымы кеңіп қана қоймай, оның мазмұны да баий түсті. Өлкеміздің түкпір-түкпірінде тазалық жұмыстарын жалғастырумен бірге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған фестивальдар, байқаулар, білімділік пен біліктілікті арттыру шаралары іске асырылуда. Мәселен, Түркістан облысы прокуратурасының қызметкерлері Төлеби ауданында осы жылдың 10 мамырында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанына үлес қосу аясында сенбілік пен тимбилдинг өткізіп, есте қаларлықтай, өзгелерге үлгі боларлықтай белсенділіктерін танытты.
Мұнан бөлек «Таза Қазақстан» бағдарламасының бастамасын алға қойған Төлеби ауданында жалпы аудандық сенбіліктер жиі өткізілуде. Табиғаты ерекше сұлу да көрікті Қаратөбе ауылдық округіне қарасты, Балдыберек өзенінің бойында өткен тазалық жұмыстарының өткені, еліміздің экологиясын тазарумен қатар, жаңаруына септігін тигізері сөзсіз.
Сенбілікке қатысқан мемлекеттік қызметшілер, ауыл жастары, еріктілер, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары өз өлкесінің табиғатын тазартумен қатар. суының тазалығын сақтау мақсатында, тіпті аумағына келуші қонақтарға түсіндірме жұмыстарын да жасады. Өзен жағалауын тазалаумен қатар, саябақ маңдарын, көшелерді, ауылдың маңайын, аулаларды және басқа да қоғамдық орындарды қоқыстан тазартуға үлестерін қосты.
Аталған аумақты тазартуға, табиғатты тазартуға, өз қоршаған ортасын аялауға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен сенбілікке 1 мыңнан астам адам қатысып, 22 шақырым Балдыберек өзен бойын тазалап, 27 тонна қоқысты 15 техниканың көмегімен арнайы орындарға жеткізді.
«Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек» Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау, идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы», ‑ деген мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық фестивальде сөйлеген сөзі, Төлебиліктердің жадыларында жатталып, экологиялық талаптарды сақтап, оны саналы өмір салтына айналдыруда.
Дәлірек айтқанда, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында іс – шара жоспарына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың аудан тұрғындарымен кездесуіндегі есептік баядамасындағы ақпараттарға сүйенсек, 30-ға жуық сенбіліктер өткізілгенін айтқан болатын. Онан бөлек бұл үрдіс бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.
«Жалпы 954-ке жуық мекеме, оның ішінде кәсіпорындар, бюджеттік мекемелер, кәсіпкерлік нысандар, тұрғындар тағы да басқалардың қатысуымен аталған сенбіліктерге 28322 адам күші тартылып, 192 техника жұмылдырылған.
Әсілінде, Қазақтың « Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұлағатты сөзінің маңызы зор. Ағаш өсіруді бала тәрбиелегенмен пара – пар дегенді халық ертеден айтады. «Табиғатты қалай аяласақ, ол соған солай жауап береді, бабалар еккен шынарды балалар саялайды» демекші, аудан аумағында 12 265 тал әктеліп, 3500 қураған ағаштар бұталған. 12 372 ағаш көшеттері мен гүлдері отырғызылған. 1119 шақырым қашықтықты құрайтын облыстық аудандық және ішкі жолдар тұрақты тазаланған. 65 аялдама реттеліп, 1620 бағана әктеліп, сырланған. 9 өзен бойлары, 9 каналдар тазаланып, 31 саябақ, аллеялар да тазартылып, жалпы 520 тонна күл – қоқыстар шығарылғанынан хабардардар болатынбыз.
Аталған мәселелерді оңтайландыру, шешу мақсатында аудан аумағындағы елді мекендердің тазалығын қамтамаысз ету үшін, МТЗ – 82 ( 13 дана), Муравейник трицикл (13 дана), 1- автовышка, 3 погрузчик, арнайы техникалары сатып алынып, оған облыстық бюджеттен 272 млн теңге және 1 бірлік грейдер сатып алуға 47,5 млн теңге аудандық бюджеттен қарастырылған. Қосымша 2 экскаваторды облыс тарапынан лизингке ( 1 бірлік – Hitachi, 1 бірлік – (CB3e1) алынған.
Жоғарыда айтып өткен 12 372 ағаш көшеттері мен гүлдердің келешекте қаулай өсіп, ұрпақтар игілігіне жарары сөзсіз.
Айта кеткеніміз абзал болар, жалпы Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасының орындалуы алдыңғы орынға қойылған. Сонымен қатар, бағдарламаның мақсатын түсіндіруге арналған экологиялық акциялар, семинар және балаларға арналған түрлі бағыттағы танымдық шаралар жиі ұйымдастырылады. Бұл аудан аумағында тұратын тұрғындарды табиғатты аялауға шақырып қана қоймай, оның қадір қасиетін түсінуге, экологиялық тәрбиенің қалыптасуына себепші болатыны сөзсіз.