Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштерінің әскери бөліміне Жауынгерлік ту табыстады. Шымкент гарнизонында Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Арнайы операциялар күштерінің бөлімшесіне барып, жауынгерлердің мызғымас рухының символы – монументтің ашылуына қатысты. Тұғырға бас қаруы сай арнайы жасақ жауынгері қонған. Оның қолында қуат-күшін, еркіндік пен жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейтін қанаттары жайылған құдіретті қыран бүркіт. Ескерткіштің тұғырына «Біздің күшіміз – бірлікте» ұраны жазылған. Саптық плацта Жауынгерлік туды табыстауға арналған салтанатты рәсім өтті. Оны Қорғаныс министрінің қолынан 36814 әскери бөлімінің командирі полковник Ұлықбек Сақ қабылдады. – Бұл әскери жәдігер өткен, қазіргі және болашақ жауынгерлердің ар-намысын, абыройын, даңқы мен жауынгерлік дәстүрлерін бейнелейді. Бүгін…
Автор: aimaq_user
Жалпы бүгінгі таңда аудан аумағында 26 балық шаруашылығымен айналысып жатқан кәсіпкерлер бар болса, осы бағытта биылғы жылы 10 кәсіпкер өз ісін бастауға бел буып отыр деп, хабарлаған Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Аудан әкімі Аскар Естибаев сондай кәсіпкердің бірі, Машат ауылының тұрғыны Дүйсенбеков Ермахан ағамыздың бастап жатқан ісімен танысты. 1,8 гектар жерге жасанды көл қазып, дайындап қойған ағамыз ол жерге биылғы жылы 30 мың дана сазан, дөнмаңдай және ақ амур балығының шабақтарын жіберуді жоспарлап отыр. Ал, сол маңдағы «Жеті үй» шаруашылығы осыдан 5 жыл бұрын жасанды көлге 20 мың дана сазан, дөнмаңдай және ақ амур балығының шабақтарын жіберіп, бүгінгі таңда…
Аудан әкімі Азат Оралбаев салаға жауапты бөлім басшыларымен бірге аудан аумағында іске асып жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын бақылады деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Алдымен Ордабасы тарихи-мәдени қорығында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын тексеріп, оның сапасына назар аударды. Содан соң аудан әкімі Қараспан ауыл округіндегі Батырата ауылындағы балалар лагеріне табан тіреп, бүгінгі жай-күйін бақылады. Көп жылдан бері аудан балалары үшін өзекті мәселе болып келген лагер құрылысы биылғы жылы күрделі жөндеуден өтіп толығымен шешімін таппақ. Сондай-ақ «Темірлан Абаттандыру» мекемесінің ғимаратының құрылыс барысымен танысып, жылдамдатып құрылысты аяқтау қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мәдени-спорттық кешенінің құрылысын мердігерге құрылыс сапасын…
АУДАН ӘКІМІ ЕРЛАН НҰРМАХАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ Мәжілісте: — 2024 жыл қорытындысымен негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және межеленген көрсеткіштерге қол жеткізу жоспары, — Бәйдібек аудандық «Электр жүйесі» бөлімінің аудан аумағында 2024 жылы атқарған және ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстары, — аудандық «Жасыл саябақтар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы атқарған жұмыстары мен алда атқаратын жұмыстары, — Жамбыл ауылдық округінің әкімі Н.Айдарбековтың 2024 жылы атқарған және алда тұрған жоспарлары туралы қаралды деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Күн тәртібіне сәйкес тиісті мекеме және бөлім басшыларының, ауылдық окургі әкімінің баяндамалары тыңдалып, жиын қортыныдысымен бірқатар тапсырмалар берілді. Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жылдың…
Аудан әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары М.Ш.Әшірбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кең дала 2» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін қажетті несие және мемлекеттік қолдау шараларының берілу шарттарын түсіндіру үшін арнайы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Әбдісаттарұлының бекітілген кестесіне сәйкес семинар-кеңес өткізілді деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Атаулы жиынға «Аграрлық несие корпорациясы» Акционерлік қоғамы Шымкент қаласы филиалы, Несие бөлімінің бас маманы Есенбеков Мұратбек Оразбекұлы, «Аграрлық несие корпорациясы» Акционерлік қоғамы Шымкент қаласы филиалы, Несие бөлімінің бас маманы Шерімқұлұлы Ержан, «Ырыс» микроқаржылық ұйымының Қазығұрт ауданы бойынша несие сарапшысы Өсербаев Бекет Сәруарұлы қатысып, түсіндіру жұмстарын жүргізді. Сонымен қатар, семинар-кеңеске…
Түркістандағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ жанынан құрылған «Бауырлас-подкаст» студиясы ашылды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Тұсаукесер хабарға елімізге белгілі этнограф-тарихшы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Жамбыл Артықбаев, қазақ журналистикасының ардагері, ХҚТУ-дың профессоры, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Сейдулла Садықов және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева сұхбат беріп, игі бастамаға сәттілік тіледі. Сұхбат барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өңірде өткізілетін іс-шараларға дайындық барысы және этносаралық келісім мен татулықты сақтау бағытында келелі ойлар айтылып, мазмұнды әңгіме өрбіді. Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбектің…
Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында 2024 жылдың наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларындағы азаматтарды мерзімді әскерге шақыру науқанын қорытындылау мақсатында жиын өтті деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев төрағалық етті. Мерзімді әскери қызметке шақырудағы негізгі міндет Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жас сарбаздармен сапалы және уақытылы жасақтау. Жиын барысында әскерге шақыру науқанында көрсетілген меженің орындалу барысы талқыланды. 2025 жылы Төлеби ауданы бойынша көктемгі әскер қатарына шақыру мақсатында 5866 жасты зерделеуден өткізу жоспарлануда. Әскер қатарына шақырушыларды зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы кесте бекітілді. Сондай-ақ, күзгі шақыру науқанында өзінің кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде…
Төлеби ауданы әкімінің округтың тыныс-тіршілігімен танысуға арналған іс-сапары Киелітас ауылдық округінде жалғасын тапты деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров «Qazaqbitum» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Киелітас елді мекеніндегі Мәдениет үйінің құрылысына назар аударып, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Ауылдық округтегі Мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталған. Мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС-і, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан мекеме ғимаратының құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі туындаған мәселелердің шешу жолдарын қарастыруды сала басшыларына тапсырды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге Қайтпас-1 және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарына газ беруге қатысты деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Тұрғын алаптары мен шағын аудандарды кезең-кезеңімен газдандыру аясында 1250-ден астам абонент табиғи газға қол жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар 5000-нан астам адамның өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Тұрғын үй алаптарында газ құбырларының құрылысы өткен жылдың көктемінде басталып, олардың жалпы ұзындығы шамамен 40 шақырымды құрады. Мегаполис басшысы қала тұрғындарының қуанышына ортақтасып, жауаптыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ күнделікті өмірде табиғи газды пайдалану ережелерін сақтау және газ жабдықтарының жай-күйін уақтылы тексеру қажеттігіне тоқталды. Айта кету керек, тұрғын алаптарын газдандыру көмірге…
Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаиловтың аудан тұрғындарын жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізіліп келеді деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Бүгін кезекті рет аудан әкімі тиісті бөлім және мекеме басшыларымен тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Қабылдауға Қазығұрт ауыл округінің бірнеше тұрғындары келді. Олар кәсіпкерлік мақсатта жер сұрау, тұрғын үй алу мәселесі, құқықтық және әлеуметтік көмек мәселелері төңірегінде жәрдем сұрап, ұсыныстарын айтты. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып, заңдылығын түсіндірді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, орындалу барысын бақылауға алды.
