Автор: aimaq_user

«Мәтібұлақ» полигонында өткен практикалық сабақтар барысында БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасының қару-жарағынан шартты қарсыластың сауытты техникасы мен тірі күштері жойылды деп, хабарлаған Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 6-механикаландырылған құрамасының шабуылдау батальоны Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында бақылау ату жаттығуларын өткізді. Жауынгерлік іс-шараның мақсаты мерзімді қызмет сарбаздарының тактикалық-арнайы дайындық дағдыларын пысықтап, ұрыс қимылдарына барынша жақын жағдайда штаттық қарудан ату машығын жетілдіруге бағытталған. Әскери қызметшілер БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасының штаттық қару-жарағынан шартты қарсыластың 1500 метр қашықтықтағы сауытты техникасы мен тірі күштерін имитациялайтын нысандарды жойды. Бұдан бөлек, сабақ барысында әскери қызметшілер атыс даярлығы, жауынгерлік машинаның ұрыстық жиынтығын жартылай жүктеу, оқжатар мен…

Read More

✔️Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар тиімділігін көрсетіп келеді. Солардың бірі – «Кең дала» бағдарламасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, көктемгі егін егу, жиын-терім жұмыстарын ерте қаржыландыру мақсатында қысқа мерзімді жеңілдетілген несие беру қолға алынған-ды. 📌Атап айтқанда, 2024 жылы Түркістан өңірінде 1623 жобаға несие беріліп, бағдарламаны іске асыру үшін 11,4 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 2110 адам жұмыспен қамтылды. ✔️2025 жылы 12,3 млрд теңгені құрайтын 1700-ге жуық жобаны қаржыландырып, 2200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жыл басынан бері 2 млрд теңге таратылып, 221 шаруа қожалығы қаржы алып үлгерді. Нәтижесінде 287 жаңа жұмыс орны құрылды. ✔️Өңірде аталған…

Read More

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына іссапары барысында нысандардың құрылысын қадағалады деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Әлеуметтік нысан құрылысын қатаң сынға алған өңір басшысы жауаптыларға талап қойды. Сапасыз және созылған құрылысқа жауапты компанияларды қомақты айыппұл мен қара тізім күтіп тұрғанын айтты. Әкім құрылыста салғырттық танытып, сыныққа сылтау іздемеуді ескертті. Кемшіліктерді шұғыл ретке келтіруге уақыт берді. ✔️«Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектептің жай-күйімен танысқан облыс әкімі Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан мектептердің құрылысын жазға дейін аяқтауды тапсырды. Жауапсыздық танытқандардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды міндеттеді. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы. Осы жоба аясында облыста…

Read More

Бүгін ауданымызда мал шаруашылығын дамыту мақсатында ірі қара малды қолмен ұрықтандыру әдісі таныстырылды деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Шараға аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық иелері мен аудан тұрғындары қатысты. Ірі қара малдың асылдандыру әдістері жайында мағлұматтар беріліп, мал шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстар талқыланды. Бұл бастама ауданымызда мал өнімділігін арттыруға септігін тигізеді деп күтілуде. Байдібек ауданы бойынша жұртшылықтағы ІҚМ қолмен ұрықтандыру тәсілі арқылы асылдандыру жұмыстарын жүргізу туралы жоспары бекітілді. Іс-шараның басты мақсаты жұртшылық қолындағы ІҚМ сүтті бағыт (сиырлардың сүттілігін және сүттің майлылығын арттыру) бойынша дамыту.

Read More

✔️Кентауда өндіріс орындары ашылып, инвестициялық мүмкіндіктері ұлғаюда. Биыл қаладағы индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақта 4 жоба ашу жоспарланған деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Соның ішінде, арнайы экономикалық аймағынан екі жоба іске асырылады деп күтілуде. Олардың бірі – «Кентау Red Star» ЖШС. Жалпы құны 1,5 млрд. теңге болатын жобаның қуаттылығы – жылына 40 млн. дана кірпіш шығару. 80 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Аталған жоба 2025 жылдың сәуір айында іске асырылады деп күтілуде. ✔️«Turan Shenhua» ЖШС-нің газ қазандықтары және тұрмыстық техникалар өндірісі де маңызды. Жалпы құны – 2,4 млрд. теңге. Аталған жоба биыл қараша айында іске қосылады. Мұнда…

Read More

27.01.2024 жылы сағат 20:40 та Созақ ауданы, Аққолтық ауылы, Арқабаев көшесі 21 жеке тұрғын үйде тұрмыстық газ балонынан газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып 180 ш.м. тұрғын үй толығымен қираған, өртсіз. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін көршілері үйінді астынан термиялық күйік шалған 6 адам, оның ішінде 5 баланы алып шығып ауруханаға жеткізді. Жарылыс салдары анықталуда. Сағат 21:40 та қираған үйіндіні ашу жұмыстары барысында 20 ш.м. қираған төбе жаппасының жануы орын алды. Өрт сағат 21:55-те оқшауланып, сағат 23:12-де толық сөндірілді. Оқиға орнына: ТЖД өрт-сынақ зертханасы және анықтау бөлімі мен психолог, ТЖД (20 жеке құрам және 5 техника), ТЖД ЖҚЖ (6 жеке құрам,…

Read More

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Италияның Eni Plenitude энергетикалық компаниясының Қазақстандағы «ArmWind» ЖШС-ның Бас директоры Федерико Пульезе бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылады деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Баламалы энергия өндірумен айналысатын халықаралық энергетикалық компания Түркістан облысы, Отырар ауданында қуаты 50 МВт болатын заманауи технологияларға негізделген «Шәуілдір» күн электр станциясының құрылысын жүзеге асырған. Бұл өз кезегінде, қоршаған ортаны ластамай, электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Кездесу барысында осы жобаның әлеуеті мен оның мүмкін болатын дамуы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ энергия үнемдеу мен жаңартылатын қуат көздерін қолдануды өнеркәсіпті дамытуда пайдалану туралы талқыланды.…

Read More

«Енді Үкіметтің және басқа да құзырлы органдардың жақын арадағы негізгі міндеттеріне тоқталсам деп, хабарлаған Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі. БІРІНШІ. Экономиканы әртараптандыру. Былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында 180 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Жобалардың жалпы құны – 1,3 триллион теңге. Соның нәтижесінде осы саладағы өсім 6 пайызға жуықтады. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осы жақсы үрдісті біржола орнықтырып, сақтап қалу керек. Тағы бір аса маңызды мәселе – экономикаға инвестиция тарту. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізген. Дегенмен тоқмейілсуге негіз жоқ. Инвесторлардың мәселесін шұғыл шешу үшін Инвестиция штабы құрылды. Соның арқасында бюрократиялық кедергілер мен құқықтық…

Read More

✔️Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің бірлескен отырысы өтті деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Бірлікті бекемдеген басқосуға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен аудан, қалалардағы филиалдарының басшылары, аудан, қалалардағы ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық білім, денсаулық, мәдениет басқармасының, полиция департаментінің, БАҚ-тың өкілдері қатысты. ✔️Жиында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев ҚХА-ның 30 жылдығы аясында өңірде өтетін іс-шаралардың дайындық барысына тоқталды. 📌– Бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры әрі мемлекетіміздің басты құн­дылығы. Биыл еліміздегі этносаралық татулық пен бірліктің нығаюында ерекше орын алатын Қазақстан…

Read More

Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты. Аталған жиынның күн тәртібінде өзекті 3 мәселе көтерілді: 1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары туралы; 2. 2024 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы және аудан бюджетінің атқарылуы туралы; 3. Аудан әкімінің 2024 жылғы халықпен кездесулеріндегі хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.…

Read More