Автор: aimaq_user

Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» — деген болатын. Президентіміз бастаған «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындардың санасындағы тазалықты сақтау мәдениетіне үлес қосуға тың серпін берді. Аталған науқан аясында өңірімізде тазалық шаралары жүргізілуде. Дегенмен арамызда еткен еңбекті еш кетіретін тұрғындар да жоқ емес. Саябақтар мен көшелерде кейбір жандар ретсіз қоқыстарды тастаудан тиылмай тұр. Бұл жағдай күнделікті тазалық жүргізіп жүрген жұмысшылардың еңбегін жоққа шығаруда. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті болуы…

Read More

Заңсыз көші-қон сұрақтары талқыланды. Ағымдағы жылдың 29-қаңтары күні ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінде «Заңсыз көші-қон сұрақтары» тақырыбында қызметтік жиналыс өткізілді. Қызметтік жиналысқа ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов басшылық жасап онда Түркістан облыстық және Шымкент қаласы бойынша өзара әрекет етуші құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты. ​ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов қызметтік жиналысқа қатысушыларға ҰҚК Шекара қызметінің былтырғы жылы заңсыз көші-қонмен күресудің алдын алу бағыты бойынша жүргізген жұмыстары сонымен қатар қандай мәселелелермен бетпе-бет келгендігі туралы ақпараттарды мен қызметтік жиналыстың өткізілу деңгейін, жоспарын жеткізді. ​ ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Ғани…

Read More

✔️ҚР Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі су қоймаларының қазіргі жай-күйін бақылады. Алдымен тікұшақпен «Бөген», «Бәйдібек ата», «Шардара» су қоймаларына әуеден визуалды бақылау жасалды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Судың мөлшері, жайылуы, толымдылығы зерделенді. Одан кейін «Көксарай» контрреттегішіне арнайы барып, жағдайын қадағалады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Төтенше жағдайдың алдын алуға жауапты басшылардың су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары мен жоспарларын тыңдады. 📌«Көксарай» су реттегішінің жалпы сыйымдылығы 3 млрд текше метрді құрайды. Бірақ қазіргі уақытта техникалық жағдайына байланысты 1,5 млрд текше метр ғана су қабылдайды. Сондықтан «Көксарай» су реттегішін реконструкциялауға Су шаруашылығы…

Read More

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Шағын өнеркесіптік парк» жобасы аясында салынған өндірістік паркті аралап көрді. Азық-түлік қоймасының жұмысымен танысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қанат Бозымбаев жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіп ашқан азаматтар өндірген өнімдердің көрмесін тамашалады. Көрмеде сүт, балық өнімдері, жеміс-жидек пен бақша өнімдерін консервілеу, жартылай фабрикат ет өнімдері, қазы-қарта, түйе сүті, Африка түйе құсы, өсімдік шаруашылылы, көкөніс, жылыжай салу, домбыра жасау, қобыз, қолөнер бұйымдарын шығару, пластик жәшік шығару, жұмыртқа лотогын шығару және өзге де жоба нәтижелері ұсынылды. Кәсіпкерлер вице-премьермен…

Read More

Құрметті Бәйдібек ауданының тұрғындары! Ауданымыздың болашағы мен дамуы тек біздердің бірлескен күш-жігерімізге байланысты. Көркею мен дамуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Біз тек табиғат пен қоршаған ортаға ғана емес, өзіміздің ортақ үйіміз — ауданымызға да жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Мен сіздерді көшелерімізді, саябақтарымызды таза ұстауға, қоғамдық орындарды әрдайым күтіп-баптауға, үй маңайларын ретке келтіруге шақырамын. Қоқыс пен қалдықтарды арнайы орындарға тастап, табиғаттың тазалығын сақтау біздің азаматтық борышымыз екенін ұмытпаңыздар! Ұсақ қоқысты тастаудың өзі үлкен өзгерістерге бастау береді. Әрбір шағын іс-шара біздің ауданымыздың көркеюіне үлес қосатыны сөзсіз. Біздер экологиялық мәдениетімізді арттырып, табиғатқа деген құрметті күшейтсек, Бәйдібек ауданымыз одан сайын жасыл, таза және әдемі…

Read More

Түркістан облысы Сайрам Ауданы Қарамұрт Ауылдық Округі Әкімшілігі әкімі Мамуржан Нажиев өзінің іскер азаматтығын танытып қана қоймай, жүзеге асырып жүрген азаматтың бірі👏шындығында бірегейі! “Көрікті Сайрам” мекемесінің басшысы Бақтығали Жанысбаев жайында да, ондағы қыстың суығы, шілденің бет күйдірер ыстығында, жерді қардан, қатқан мұздан, шаң- тозаң мен күл-қоқыстан тазалап жүрген жұмысшыларымен 👌жұмыстары көрікті де көркем. Енді міне аудан әкімі Арман Сабитовтің ептілігі мен кез-келген жұмыстың көзін тауып ұйымдастырушылық қабілетін, жергілікті округ әкімдері іліп әкетуде!!! Осындай ісіне көркі сай ісмер азаматтар барда, ауданымыз күннен- күнге гүлдей жайнап, құлпыруда! Таза ұстау, күтіп баптауға, аудан тұрғындарын шақырамын!!!

Read More

Баспана жайы – әлеуметтің ең өзекті мәселесі. Басында баспанасы жоқ талай шаңырақ осындай қуанышты күнді асыға күтіп жүргені рас. Сондықтан мемлекет тарапынан ипотекалық немесе жалдамалы, сатып алу құқығымен болсын тұрғындарға үй беру мәселесіне маңыз беріліп келеді. Бұл тұрғыда Сайрам ауданында да үлкен жобалар қолға алынып жатыр деп, хабарлаған Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сайрам ауданында халықты баспанамен қамту, арендалық тұрғын үй сатып алу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Маңызды мәселе аудан әкімі Арман Сәбитовтің қатаң бақылауында. Бүгінде Әйтеке би ауылында 1 гектар аумақта жеке инвестор есебінен 2 қабатты 3 дана арендалық тұрғын үйлер салынып жатыр. Аталған құрылыс нысанда 80 пәтер аудандағы…

Read More

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Жиында 2025 жылы жеке инвестициялар есебінен іске асатын жобалар талқыланды. 2025 жылы жеке инвестиция есебінен 100 жоба іске асып, оның құны 17,9 млрд теңгені, ашылатын жұмыс орны 633-ты құрайды деп жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы саласында: балық және құс шаруашылығын дамыту, тамшалытып суару әдісін қолдану, жеміс-жидекті өңдеп, саумалмен сауықтыру орнын іске қосу бағытында 40 жобаның құжаты әзірленуде. Сондай-ақ, өсімдік майын өңдеу, мал бордақылау алаңшасы, сүт өңдеу тауарлы сүт фермасын ашу, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлік және туризм салалары…

Read More

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Ыстамбул Сауда палатасы мен Кәсіпкер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесті деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар серіктестік шарттарын талқылап, мүмкіндіктерді саралады. Қауымдастық мүшелері Сабрие Коджабалкан, Мехлика Гидер, Капуджу Аху қазақстандық кәсіпкер әйелдермен іскерлік байланысты нығайту, серіктестікті дамыту бойынша жобаларын таныстырып, ұсыныстарын жеткізді. Нұрбол Тұрашбеков Түркістан өңірінің ерекшеліктерін баяндап өтті. Жоба аясында Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін арнайы кооперативтер құру, брендинг және коммерцияландыру мәселелері бойынша кеңес беру орталығын ашу ұсынылды. Бұл бастама Түркияда әйелдер кооперативі мен KAISDER бизнес-одағының тәжірибесіне негізделіп, Қазақстанда әйелдерге бағытталған пилоттық кооперативтер құруды көздейді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, азық-түлік…

Read More

30 қаңтарда Түркістанда орналасқан 6506 әскери бөлімі 3 жедел мақсаттағы  батальонының әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында табылған ұялы телефонды азаматқа қайтарып берді деп, хабарлаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. Оқиға Талқанбаев көшесінде болған. Сағат 22.00 шамасында жас жігіт өзінің жоғалған «Samsung A52» маркалы телефонын тауып беруін сұрап әскери жасаққа жүгінді. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Данияр Сағынтай мен патрульдік Сүлеймен Ібай мен Саят Қаламбай жағдай туралы әскери жасақ бойынша кезекшіге баяндап, смартфон іздеуге кірісті. 20 минуттық іздеуден кейін әскери қызметшілер жоғалған телефонды тауып, иесіне қайтарды. Гаджет иесі ұландықтарға қырағы және адал қызмет…

Read More