Теміржол – тәртіп пен тұрақтылықты талап ететін сала. Осы бағытта ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқан білікті маман – Мейірбеков Еркін. Ол кәсіби жолын адалдықпен атқарып, өз ісіне деген жоғары жауапкершілігімен дараланады.
Атап айтқанда, ол «Тасымалдаудың Шымкент бөлімшесі», «Жолдың Шымкент бөлімшесі», «Локомотив» АҚ және қазіргі «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ сынды теміржол мекемелерінің әр кезеңдегі құрылымдарында 2007 жылдың 19 наурызынан бастап 2025 жылдың 13 маусымына дейін қызмет атқарып, 16 жылдан астам тәжірибе жинады.
Көпжылдық тәжірибесі мен терең кәсіби біліміне сай, 2025 жылдың 14 маусымынан бастап «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «ЖТ Шымкент бөлімшесінің» Қазығұрт станциясында сұрыптау төбешігінің кезекшісі қызметіне ауысты. Қазіргі таңда да осы жауапты лауазымда еңбек етіп келеді. Мейірбеков Еркін кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Ол 2022 жылдың қараша айында және 2025 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында арнайы курстардан өтіп, еңбек қауіпсіздігі талаптарын терең меңгерген.
Оның ұзақ жылғы еңбегі мен салаға қосқан үлесі елеусіз қалмады. 2025 жылдың 30 сәуірінде Мейірбеков Еркін «Теміржол саласының 20 жыл ынтасы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат оның кәсіби шеберлігіне, теміржолдағы табанды қызметіне және еңбекте көрсеткен жоғары ынтасына берілген лайықты баға болды.
Мейірбеков Еркін – өз ісіне адал, тәртіп пен талапқа сай еңбек етіп келе жатқан үлгілі маман. Оның еңбек жолы – жас мамандарға үлгі боларлық тәжірибе мектебі.

