Отбасы – кез келген мемлекет пен қоғамның іргетасы. Оның беріктігі мен амандығы – ұлт болашағының кепілі. Осыны негізге ала отырып, Шымкент қаласының прокуратурасы, атап айтқанда Әл-Фараби ауданының прокуратурасы отбасы құндылықтарын насихаттап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударуда.
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ – ОТБАСЫНА ЖАТ ҚҰБЫЛЫС
Прокуратура отбасындағы татулық пен бақыттың тек сенім, құрмет пен сүйіспеншілік негізінде ғана қалыптасатынын еске салады. Өзара түсіністік пен келісім болмаған жерде, зорлық-зомбылық орын алып, отбасының іргесі шайқалады. Құқық қорғау органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке мәселе емес, заң бойынша қылмыс екенін баса айтады. Зорлық-зомбылық жасаған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын қатаң ескертеді.
АЗЫМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ҮЛГІ БОЛУ
Прокуратура әрбір азаматты отбасындағы тыныштықты сақтауға, жауапкершілік пен қамқорлық танытуға шақырады. Бұл үндеу тек зорлық-зомбылық жасаушыларға ғана емес, сонымен бірге отбасының әрбір мүшесіне бағытталған. Әсіресе, ересектерге өскелең ұрпаққа үлгі болып, жанжалдарды күш қолданбай, бейбіт жолмен шешуді көрсету қажет. Бұл – зорлық-зомбылықтың ұрпақтан ұрпаққа берілуін тоқтатудың басты кепілі.
«Отбасы – ең қасиетті ұғым. Абай ауданының прокуратурасы отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстанады. Біз зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтары қорғалуын және кінәлілердің заң алдында жауап беруін қамтамасыз етеміз. Әрбір азамат зорлық-зомбылық туралы хабарлап, үнсіз қалмауы керек», – деп атап өтті Шымкент қаласының прокуратурасы.
Мұндай шаралар қоғамдағы құқықтық сауаттылықты арттырып, әрбір отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана зорлық-зомбылықсыз қоғам құруға және әрбір қазақстандық отбасы – бақыт пен тыныштықтың ордасы болатынына сенімдіміз.

