Шымкент қаласында “ЖАСӨСПІРІМ” жедел профилактикалық іс-шарасы аясында балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды шаралар өткізілді. Бұл бастама Шымкент қалалық Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция бөлімшесінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Шараға @kaws_kids балалар ойын орталығы қолдау көрсетіп, @nurda.million демеушілігімен балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланды.
ІС-ШАРАНЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ
«ЖАСӨСПІРІМ» жедел профилактикалық шараны өткізудегі тәртіп сақшыларының көздегені, тұрғындарға арнайы жадынамалар таратып қана қоймай, балалардың қауіпсіздігі, әсіресе терезеден құлау жағдайларының алдын алу бойынша кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмаудың, сондай-ақ терезе маңына барудың қаншалықты қауіпті екендігі туралы балалармен үнемі сөйлесу қажеттілігін ескертті. Бұл мәселе бүгінгі таңда– кішкентай балалардың өміріне қауіп төндіретін ең жиі кездесетін жағдайлардың біріне айналып отырғаны шындық.
Түсіндіру жұмыстары кезінде – ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және олардың балалар қауіпсіздігіне баса назар аударуды қамтамасыз ету басымдыққа алынды. Акция барысында балалар ойын алаңында ойнап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Бұл қауіпсіздік мәселелерін мейірімді, жағымды атмосферада жеткізуге мүмкіндік берді.
Осы ретте, Ювеналды полиция қызметкерлері ата-аналарға жасөспірім балаларын түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерге шығармауын, ойын-сауық орындарында болмауын қадағалауды және түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың көшеде немесе ойын-сауық орындарында қараусыз жүруі олардың әртүрлі қылмыстық әрекеттердің құрбаны болуына немесе өздерінің құқық бұзушылық жасауына себеп болуы мүмкіндігін де ескертті.. Сондықтан да, ата-аналар балаларының қайда және кіммен жүргенін үнемі бақылап отыруы тиіс. Өйткені, балалардың қауіпсіздігі – ортақ міндет. Әрбір ата-ананың саналы әрекеті мен жауапкершілігі балалардың бақытты әрі қауіпсіз балалық шағын қамтамасыз етудің кепілі. Полиция қызметкерлері азаматтарды кез келген күмәнді жағдайлар туралы күмәнданса және куә болса «102» нөміріне хабарлауға шақырады.

