Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкінің туристерге қызмет көрсету взводының қызметкері, полиция капитаны Диана Есенгельдиева шетелдік азаматтарға арнап кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл бастама қалаға келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың қалада еркін әрі жайлы сезінуіне бағытталған. Полиция капитаны Есенгельдиева Диана шетелдік қонақтарға арнайы әзірленген туристік картаны көрсетіп, ондағы маңызды ақпараттармен таныстырды. Сонымен қатар, туристерге арналған мобильдік қосымшадағы ақпараттық мүмкіндіктерді де түсіндірді. Анығын айтқанда, қаланың негізгі қауіпсіз бағыттары, бұл туристерге қауіпсіз қозғалуға көмектеседі. Мәдени-тарихи орындар мен демалыс аймақтары, туристер қаланың көрікті жерлерін оңай таба алады. Құқық қорғау органдары мен медициналық көмек көрсету мекемелерінің мекенжайы, шұғыл жағдайда көмек алуға мүмкіндік береді. Полицияның байланыс нөмірлері және QR-код арқылы мобильдік қосымшаға қолжеткізу мүмкіндігі барын ескертті.
📱 Мобильдік қосымшадағы ақпараттарды тарқатып айтар болсақ, оны электронды карта арқылы қаланы оңай шарлауға болады. Ал, шұғыл байланыс батырмалары төтенше жағдайда тез арада көмек шақыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туристерге арналған кеңестер мен нұсқаулықтар, мысалы, жергілікті заңдар, мәдени ерекшеліктер және қауіпсіздік шаралары туралы мағлұматтар берілген. Оған қоса, қаланың инфрақұрылымы, яғни қонақүйлер, мейрамханалар, көліктер туралы да толық мәліметтер қолжетімді.
Бұл шаралар туристердің Шымкент қаласында өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсінуге бағытталған. Полицияның мұндай бастамалары қаланың туристік әлеуетін арттырып, халықаралық имиджін нығайтуға ықпал етеді. Шымкент қаласы шетелдік қонақтар үшін қауіпсіз және мейірімді қала ретінде танылады.

