Балалардың көпқабатты үйлердегі терезеден құлау жағдайларының алдын алу – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай, учаскелік полиция қызметкерлері мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар бірлесе отырып, жүйелі жұмыс жүргізуде.
Бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары бойынша учаскелік полиция қызметкерлері мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар көпқабатты үйлерді, әсіресе кішкентай балалары бар отбасыларды аралады. Олар отбасылардағы тұрмыстық қауіпсіздік жағдайларын мұқият тексереді. Терезелердің қауіпсіздік торларының бар-жоғы, балкондардың жағдайы және баланың терезеге оңай жете алатын жиһаздардың орналасуы сияқты маңызды факторларға назар аударды. Сондай-ақ, балалардың терезеден құлап кету қаупі туралы ата-аналарға ескертіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі, мысалы, терезелерді ашық қалдырмау, арнайы құлыптарды қолдану, балаларды терезе алдында қараусыз қалдырмау мәселелері түсіндірілді. Ата-аналарға «Бала – басты жауапкершілік» тақырыбында арнайы жадынамалар берілді. Тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірлесіп, балаларға терезеге шықпау, қауіпті заттарға жақындамау туралы қауіпсіздік сабақтары өткізіледі.
Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында әлеуметтік желілерде ескерту бейнежазбалар, инфографикалар және фотосуреттер жарияланады. «Балаңызды қараусыз қалдырмаңыз!» атты жергілікті науқан жүргізіліп, телеарналар мен радио арқылы әлеуметтік роликтер көрсетілді. Қауіп тобындағы отбасылар, яғни бұрын қауіпті жағдайларға тап болған немесе қауіпсіздік талаптарын сақтамаған отбасылар тіркеуге алынды. Оларға үнемі бақылау жүргізіліп, учаскелік инспектор мен ПД арнайы топтары ай сайын тексеріс жүргізеді. Бұл қайталануы мүмкін қауіпті жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Әрине, мұндай кешенді жүргізілген жұмыстар балалардың өміріне төнетін қауіптерді азайтып, ата-аналар өз жауапкершілігін жақсы түсінеді және қауіпсіздік шараларын белсенді түрде қолданады. Учаскелік қызметкерлер мен инспекторлар арасындағы тиімді байланыс нығайып, өзара әрекеттесу жеделдейді.
Балалардың қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ міндетіміз. Әрбір ата-ананың жауапкершілігі мен қоғамның қолдауы арқылы ғана балалар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыра аламыз.