Бүгін Шымкент қаласында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ерекше жағдай орын алды.
Аутизм диагнозы бар бала дер кезінде табылып, ата-анасына аман-есен табысталды. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсіби біліктілігінің жарқын үлгісін көрсетті, нәтижесінде балаға ешқандай қауіп төнген жоқ.
Аталған оқиға барысын тарқатып айтар болсақ, 3-ші ротаның қызметкерлері – полиция майоры Шнарбаев Ильяс пен полиция лейтенанты Туймебеков Бауыржан кәсіби шеберлігімен ерекше көзге түсті. Олар баланың жоғалғаны туралы хабар түскен бойда жедел әрекет етіп, іздеу жұмыстарын бірден бастаған. Полицейлердің тәжірибесі мен жылдам шешім қабылдау қабілеті арқасында бала қысқа уақыт ішінде табылып, оның қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысындағы қажырлы еңбегі мен азаматтарға деген жауапкершілігін айғақтайтын әрекеттері іспеттес.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды іздеу және олармен жұмыс істеу ерекше білім мен түсіністікті талап етеді. Себебі, мұндай балалар стресстік жағдайда өзін басқаша ұстауы мүмкін, сондықтан оларға ерекше көңіл бөлу қажет. Полиция қызметкерлерінің осындай жағдайдағы кәсіби дайындығы мен адамгершілігі жоғары деңгейде болғаны қуантады. Олар балаға психологиялық жағынан дұрыс көмек көрсетіп, ата-анасымен қауышқанша оның тыныштығын сақтауға мүмкіндік берді. Әрине, бұл оқиға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық азаматтардың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Әрбір азаматтың қырағылығы, айналадағы оқиғаларға бей-жай қарамауы және күдікті жағдайларда полицияға дер кезінде хабар беруі – осындай іздеу жұмыстарының табысты болуына үлкен үлес қосады.
Полиция қызметкерлерінің баланың өмірі мен денсаулығын сақтаудағы бұл әрекеті қоғамдағы заң мен тәртіптің негізі болып табылады. Олардың батылдығы мен кәсіби шеберлігі басқаларға үлгі бола отырып, сенімділік пен қауіпсіздік сезімін қалыптастырады. Азаматтардың полицияға сенімі нығайған сайын, қоғамдық тәртіп те күшейе түсетіні шындық.

