Бір сәттік бейқамдық… Бір секундтық асығыстық… Өмірді үзіп, жүректерге жара салды. Бұл сөздер жол апаттарының қайғылы салдарын еске салып, әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншіге ескерту болып табылады. Көз алдымызда жартылай қираған көлік, сынып кеткен әйнек, далаға шашылған заттар – бұл барлығы бір сәттегі қателіктің нәтижесі.
«Дрифт жасап, көрсетіп қояйын» деген бір сәттік ой немесе ережені елемеу – баға жетпес уақыт пен өмірді қайтара алмайтын қайғылы оқиғаға әкеледі. Қауіпсіздік белдігін тақпаған адам қазір эвакуациялық арбаға таңылмақ. Бұл – жол ережесін бұзудың, асығыстықтың және жауапсыздықтың тікелей салдары. Әрбір жүргізуші өз әрекеттерінің қандай салдарға әкелетінін түсінуі керек. Бір минуттық селқостық — бұл бір отбасының жылаған дауысы, олардың өмір бойғы жарасы. Бір секундтық асығыс маневр — ол өмірді мәңгілікке тоқтатады. Ал, заңды бұзу — қайғылы салдармен аяқталады. Оның ішінде жол ережесін бұзу тек айыппұлмен ғана емес, адам өміріне қауіп төндірумен де аяқталуы әбден мүмкін.
Жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында, өзіңізді және жолдағы басқа да қатысушыларды қорғау үшін қарапайым ережелерді ұстанғаныңыз абзал.
✅ Қауіпсіздік белдігін әрқашан тағыңыз. Бұл өмірді сақтап қалудың ең қарапайым, бірақ ең тиімді тәсілі.
✅ Жылдамдықты шектеңіз. Жол белгілері мен жағдайға сай жылдамдық режимін сақтаңыз.
✅ Ауа райы мен жол жағдайына сақ болыңыз. Жаңбырлы, қарлы немесе тайғақ жолдарда жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтаңыз.
✅ Шаршаған кезде — көлік жүргізбеңіз. Шаршау реакцияны баяулатады және апат қаупін арттырады.
Өйткені, өмір – ең қымбат қазына, оны құрметтеп, сақтай білейік! Әр отбасы — сізді аман-есен күтіп отыр. Әр жүрек — сіздің амандығыңызды тілейді. Бірге болсақ, жол апаттарының алдын аламыз. Сақтықты серік етейік. Сіздің амандығыңыз тек отбасыңыз үшін ғана емес, еліңіз мен қоғам үшін де маңызды. Ендеше, өміріңіздің ұзақ және бақытты сәттерді көп көруіңіз— өз қолыңызда екенін жадыңызда сақтаңыз!

