Қазақстан Республиасы Үкіметінің №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдауси елді мекенінде салынған 100 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған болатын. Бүгін алғашқы лекпен аталған тұрғын үйдің 52-і «Отбасы банк» АҚ арқылы баспана кезегінде тұрған әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар мен көпбалалы отбасыларға табысталды. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыстау рәсіміне Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов қатысып, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы тұрғын үйдің әрбір отбасы үшін маңыздылығына тоқталып, бұл күннің көптеген азаматтардың өміріндегі ерекше сәт екенін атап өтті. «Баспана – әрбір отбасының бақыты мен берекесінің, тұрақтылығы…
Автор: aimaq_user
Елімізде өтетін әрбір сайлау – қоғам өміріндегі маңызды оқиға. Соның ішінде 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы азаматтардың ел дамуына белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан болып саналады. Бұл сайлау – халықтың пікірін ескеруге, қоғамдық мәселелерді бірге талқылауға және ортақ шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды үдеріс. Құрылтай – елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға қызмет ететін маңызды қоғамдық институттардың бірі. Сондықтан Құрылтай құрамына лайықты өкілдерді таңдау – үлкен жауапкершілік. Әрбір азаматтың дауысы маңызды, өйткені қабылданатын шешімдер қоғамның бүгінгі тыныс-тіршілігіне ғана емес, болашақтағы дамуына да әсер етеді. Сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы әрі азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Белсенділік танытып, өз…
2026 жылғы 28 шілдеде Мақтаарал аудандық Мәдениет үйінде Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын кеңінен насихаттауға арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауи мұрасын елімізде және шетелде кеңінен дәріптеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен қолға алынған өңірлік жобаны іске асыру аясында өткізілді. Семинардың мақсаты – Қожа Ахмет Ясауидің рухани-мәдени мұрасын ғылыми тұрғыдан насихаттау, оның тағылымын қоғамға кеңінен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың рухани тәрбиесіне үлес қосу. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай, «Әзірет Сұлтан»…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жолда тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуда. Мемлекет басшысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жол-көлік оқиғаларын азайтуды Ішкі істер министірлігі мен құқық қорғау органдарының алдындағы ең басты және кезек күттірмейтін міндеттердің бірі ретінде белгіледі. Сондықтан да елімізде «Заң мен тәртіп» идеологиясы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бұл қағидат қоғамдық көлік пен жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Тоқаевтың жол қауіпсіздігін сақтау бойынша негізгі тапсырмалары Кентау қаласында жүйелі жүзеге асуда. Түркістан облысындағы автокөлік жолдарының сапасын арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жол инфрақұрылымын дамытудың…
2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашатын маңызды саяси оқиға. Бұл сайлау тек өкілдерді анықтау ғана емес, елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік беретін демократиялық үдеріс. Құрылтайдың басты мақсаты – халықтың пікірін тыңдап, қоғамдағы өзекті мәселелерді ортақ талқылау арқылы тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ету. Сондықтан әр азаматтың сайлауға қатысуы – ел дамуына қосылған нақты үлес. Сайлау барысында ашықтық пен әділдік қағидаттарының сақталуы қоғамның сенімін арттырып, азаматтық жауапкершілікті нығайтады. Белсенділік танытып, өз таңдауыңызды жасау – болашаққа бейжай қарамайтын азаматтың белгісі. 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына қатысу – ел тағдырына бейжай…
Кентау қаласында қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті орнықтыру және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау бағытындағы ауқымды бастамалар қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Осы орайда, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кезекті плоггинг жарысы өтті. Спорт пен экологиялық жанашырлықты тоғыстырған бұл игі шара қала тұрғындарының басын біріктіріп, туған шаһардың тазалығына нақты үлес қосуға мүмкіндік берді. Плоггинг — серуендеу немесе жүгіру кезінде қоқыс жинау форматында өткен бұл жарысқа балалар, жастар және ата-аналар өте белсенді қатысты. Қатысушылар белгіленген аумақта белсенді қозғалыс жасай отырып, шашылып жатқан тұрмыстық қалдықтарды жинап, тазалық жұмыстарын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде жүргізді. Шараның негізгі…
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен заңнамалық реформалар аясында балалардың сапалы білім алуына тең мүмкіндіктер жасау, әлеуметтік осал санаттағы білім алушыларға мемлекеттік материалдық және қаржылай қолдау көрсету, сондай-ақ бөлшектелген қаражаттың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың ең басты стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөздерінде: «Әлеуметтік көмек – бұл шынайы мұқтаж жандарға бағытталған ашық әрі әділ жүйе болуы тиіс. Бөлінген әрбір теңге заң талаптарына сай, бюрократиясыз, тиімді және тиісті адресатқа толық жеткізілуі шарт. Мемлекеттік қолдаудың әділдігіне халықтың сенімі беки түсуі керек» деп үнемі баса айтып келеді. Осы…
Қазақстанда өтетін Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл науқан азаматтардың өз пікірін білдіруге, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Әрбір сайлаушының таңдауы ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам саналады. Бүгінде сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Ақпараттық жұмыстардың жүйелі жүргізілуі тұрғындардың сайлау туралы жан-жақты мәлімет алуына, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне ықпал етеді. 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында тұрғындарды белсенділік танытып, сайлау туралы ресми ақпаратқа сүйенуге шақыру маңызды. Бұл – заң талаптарын сақтай отырып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ортақ міндет. Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы елдің болашағына деген…
Құрметті Шардара жастары! Сіздерді алда өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырамын. Жастар – елдің қозғаушы күші, мемлекетіміздің жарқын болашағы. Сондықтан қоғамдағы маңызды бастамаларға бейжай қарамай, азаматтық белсенділік таныту – әрбір жастың жауапкершілігі. Құрылтай сайлауына қатысу арқылы сіздер ортақ іске өз үлестеріңізді қосып, елдің дамуына деген жанашырлықтарыңызды көрсетесіздер. Келешегіміздің кемел болуы – бүгінгі саналы таңдауымызға байланысты. Ендеше, баршаңызды Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырамын! Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын! Құрметпен Шардара аудандық Жастар орталығының басшысының орынбасары Қасымов Мақсат Талғатұлы
Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі ағайын! Алда өтетін Құрылтай сайлауы – елдік мүддені көздейтін, бірлік пен жауапкершілікті талап ететін маңызды іс-шара. Мұндай маңызды сәтте әр азаматтың белсенділігі мен саналы таңдауы ерекше мәнге ие. Ақсақалдар қашанда елді бірлікке, татулыққа және ізгілікке үндеп келеді. Сондықтан баршаңызды Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, азаматтық парыздарыңызды орындауға шақырамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыз нығайып, қабылданатын шешімдер ел игілігіне қызмет етсін. Жастарымызға үлгі болып, қоғамдық маңызды іске бірге атсалысайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, береке-бірлігіміз баянды болсын! Құрметпен Шардара аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Илесов Қыстау Инайұлы
