Облыс аумағында «Мотокөлік» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осыған орай Түркістан қаласының тәртіп сақшылары мопед, мотоцикл және өзге де мотокөлік құралдарын пайдалану заңдылығын тексеріп, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау жүргізуде.
Рейд барысында көлік құралдарының мемлекеттік тіркеуден өтуі, мемлекеттік тіркеу нөмірінің болуы, жүргізуші куәлігінің тиісті санаты мен қорғаныш шлемін пайдалануына баса назар аударылып, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Заң талаптарын сақтаңыз!
Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

