Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Шежіре бастауы – отбасы тарихы» атты эстафета ұйымдастырды.
Шара барысында тәртіп сақшылары өздерінің жеті атасын айтып, ата-баба тарихы мен әулет шежіресін кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын көрсетті. Әр қызметкер өз әулетінің тарихымен бөлісіп, ұлттық болмысты қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызын атап өтті.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жеті атаны білу – ұрпақтың өткенін тануына, ата-бабаға деген құрметін арттыруға және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге ықпал етеді. Бұл бастама әр адамның өз тарихына жауапкершілікпен қарауына бағытталды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

