Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында заманауи технологиялардың мүмкіндіктері кеңінен қолданылуда.
Мәселен 126 мыңнан астам тұрғыны бар Төлеби ауданында ағымдағы жылдың сәуір айында Жедел басқару орталығы іске қосылды. Бүгінде орталықтың бейнебақылау камераларымен 1500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орында темекі өнімдерін пайдаланған азаматтар, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзған автокөлік жүргізушілерінің құқық бұзушылық әрекеттері дер кезінде тоқтатылып, әкімшілік шарасы көрілген.
Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

