Кентау қаласында маңызды қоғамдық-саяси оқиға барысында тұрғындардың еркін қозғалуы мен азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында кешенді қолдау шаралары ұйымдастырылуда. Осыған байланысты, 23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні Кентау шаһарында қоғамдық көліктер қала тұрғындары мен меймандары үшін толықтай тегін қызмет көрсетіп жатыр.
Бұл бастама – қала тұрғындарының сайлау учаскелеріне ешқандай кедергісіз, уақытылы жете алуына және өздерінің конституциялық азаматтық құқықтарын толыққанды жүзеге асыруына бағытталған маңызды қадам. Сондықтан да шараның негізгі басымдықтары қоғамдық көліктің тегін жүруі тұрғындардың өз сайлау учаскесіне баруына барынша қолайлы жағдай туғызып отыр. Мұнан бөлек, көлік қатынасының тегін болуы қала шетінде немесе алыс шағын аудандарда тұратын азаматтардың сайлауға қатысуын жеңілдетеді және қала ішіндегі барлық қоғамдық көлік бағыттары бекітілген графикке сай кедергісіз, тұрақты ырғақпен қатынайды. Қоғамдық көліктердің тегін қызмет көрсетуі тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып, таңертеңнен бері сайлау учаскелеріне барушылар ағынының артуына оң ықпал етуде.
Кентау қалалық жауапты бөлімдері мен тасымалдаушы компаниялардың бірлескен бұл ширақты шешімі қала тұрғындарының маңызды саяси науқанға белсене қатысуына жағдай жасап, халыққа қолайлы инфрақұрылымдық қолдаудың айқын үлгісін көрсетті.

